Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ТОКСИКОМАНИЯЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ



Pdf көрінісі
бет155/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ТОКСИКОМАНИЯЛАРДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ КѲРІНІСІ
Токсикомания
— наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін заттарды немесе 
дәрілік препараттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде туындайтын ауру.
Токсикомания шақыратын заттардың ішінде 
психотропты препараттар
(антидепрессанттар, транквилизаторлар, антипаркинсон-дық) үлкен орын 
алады.
Транквилизаторларды
ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде толеранттылық өседі, 
препаратты қолдануды тоқтатқанда абстененция құбылысы, қол треморы, 
тершеңдік, ұйқысыздық, қорқыныш сезімі пайда болады.
Экстрапирамидалық жүйе зақымдануында қолданатын 
антипаркинсондық
препараттар
эйфориялық, мастандырушы және галлюциногенді әсер тудыра- 
ды. Бұндай әсер препараттың терапиялы қ дозасы н бірнеше есе арты қ 
қолданғанда болады.
Жедел уланудың 4 сатысын ажыратады: эйфория, өзгерген, жиі тарылған 
сана жағдайы, галлюцинациялы ж әне осы күйден шығу. Эйфория сатысы 
30—40 минутқа созылады, соңы нан сылбырлық, тежелу дамиды, кейде 
«салмақсыздық» сезімі, дереализация, уақыт пен қоршаған ортаға байланысты 
бағдарлау бұзылысы болады. Кейде науқастардың айтуынша, «мультиктер» деп 
аталатын көру галлюцинациялары пайда болады. Токсикомандар кейде осы 
әсері үшін антипаркинсонды қ дәрілерді қолданады. Созылмалы улану 
жағдайында психоорганикалық синдром белгілері ж әне психопатия тәрізді 
жүріс-тұрыс байқалады.
¥йықтататын дэрілерді шектен тыс
қолдандану да токсикомания шақырады 
(барбамил, нембутал, ноксироннан басқалары).
Үйықтататын дәрілермен жедел улану жағдайы идеаторлы үрдістердің 
тежелуімен, әлсіздік күйімен есеңгіреудің жеңіл дәрежесімен көрінеді. Сөзі 
дизартриялы, қозғалыс координациясы бұзылады.


280
XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
¥йыктататын препараттарды кейде наркомандар наркотикалык заттармен 
бірлестіріп колданады.
Созылмалы уланудың клиникалык көрінісі психоорганикалык синдром бел- 
гілерімен көрінеді: тітіркенгіштік, мнестико-интеллектуалды төмендеу, тежелу.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің арасында кең тараған 
үшқыш еріткіштерді
колдану нәтижесіндегі токсикоманиялар болып тұр. ¥ш кы ш еріткіштермен 
тыныс алу (тұрмыстык химиялык заттар) иллюзорлы және галлюциноторлы 
бұзылыстармен бірге жүретін эйфория жағдайына алып келеді. Улану тереңдеген 
сайын есеңгіреу жағдайы орын алады. Уланудан кейінгі кезең айкын астения- 
мен және бас ауыруымен жүреді. ¥ш кы ш еріткіштерді колдану психопатия 
тәрізді жүріс-тұрыс пен органикалык синдромның жылдам түзілуіне, психикалык 
дамудың күрт артта калуына алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет