Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Сора (конопля) препараттарын қолдану нәтижесінде дамитын



Pdf көрінісі
бет154/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Сора (конопля) препараттарын қолдану нәтижесінде дамитын 
наркомания
Гашиш
(синонимдері: анаша, марихуана, план, бланк, харас және т.б.) — 
сораның әр түрлі сорттарынан алынатын зат. Пайдалану әдісі — темекімен 
немесе таза түрде тарту және ішке кабылдау.
Сора препараттарының психобелсенді әсері сора кұрамындағы коннабино- 
ид заттарының болуымен байланысты. Жедел гашиштік интоксикацияның 
клиникалык көрінісі сананың есеңгіреу дәрежесіндегі бұзылысымен көрініс 
береді. Сонымен катар, эйфория байкалады, жүріс-тұрыстары алаңғасарлыкпен, 
адекватсыз, ұстамсыз күлегештікпен, ассоциациялар жылдамдауымен көрінеді, 
агрессивті әрекеттер байкалуы мүмкін.
Соматикалык симптомдары тері жабындыларының гиперемиясы немесе 
керісінше бозаруы, склера инъецирленуі, гипергидроз, сілекей ағуымен көрінеді. 
Сора препараттарының айтарлыктай көп мөлшерін кабылдаған кезде жедел 
улану жағдайы бакыланады, клиникалык көрінісінде экзогенді психоздарға тән 
параноидты синдром, деперсонализация синдромы, есту және көру галлюци- 
нациялары орын алады.
Сора препараттарын созылмалы колданғанда, тұйыкталу мен апатия жағдайы 
дамиды, тұлға деградациясы үдейді, тұлғаның моральды-этикалык сипаты 
жоғалады, жүріс-тұрысы ассоциалды болады. Гашишпен созылмалы улануының 
жеке сатыларында клиникалык көрініс шизофрения симптоматикасына ұксас 
болып келеді.
Басқа наркоманиялар
ОЖЖстимуляторларын
(фенамин, первитин және т.б.) шектен тыс колдану 
және оларға патологиялык әдеттену наркоманияға жатады. Бұл препараттар 
кажу сезімін басу үшін ж әне еңбекке кабілеттілікті көтеру максатында 
колданылады. Препараттарды кабылдаған соң эйфориямен катар сергектік 
сезімі, белсенділік пайда болады, ойлау үрдісі жылдамдайды. Әдеттену жылдам 
пайда болып, толаранттылык өседі.


Токсикоманиялардың клиникалық көрінісі
279
Фенаминді ұзақ уақыт бойы пайдаланғанда, сандырақ және көру галлюци- 
нациялары сияқты психотикалық жағдай бақылануы мүмкін.
Біздің елімізде наркотиктерге адамға пайдалануға тыйым салынған 
лизергин
қышқылының этиламиді
(ЛСД) де жатқызылады. Батыс Европаның бірқатар 
елдерінде және АҚШта ЛСД есірткі есебінде кең таралған. Осы препаратпен 
жедел улану кезінде жүрек айну, құсу, қан қысымының төмендеуі, қозу, атак­
сия, спастикалық салданулар пайда болады. ЛСД әсері көзді жұмғанда күшейеді. 
ЛСД-ны қабылдаған кезде кеңістік пен уақытты қабылдау өзгерістері үнемі 
бақыланады. Тұлғалық өзгерістер қызығушылықтар шеңберінің тарылуы, ес 
әлсіреуі, эмоционалды дөрекіленумен көрінеді.
Бір уақытта екі немесе бірнеше наркотик түрлерін қолдану, осы заттарға 
наркотикалық тәуелділікке әкеліп соғатын жағдай 
полинаркомания
деп ата- 
лады.
Бірқатар жағдайларда дәрігерлер ұзақ уақыт және негізсіз бір наркотикалық 
препаратты тағайындағанда, наркотикалық тәуелділік дамиды және 
ятрогендік
наркоманияға
әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет