ДӘРІЛІК, ТАҒАМДЫҚ, ѲНДІРІСТІК
ЖӘНЕ БАСҚА УЛАРМЕН УЛАНУ КЕЗІНД ЕГІ
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Соңғы 10 жылдықта фармакологияның, химияның, өнеркәсіптің жылдам
дамуына және халық шаруашылығында сәйкес препараттарды кеңінен қолдануға
байланысты интоксикация нәтижесіндегі психикалық бұзылыстарды дұрыс
клиникалық және диагностикалық бағалау аса маңызды.
Интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар жеке түрде көрініс
бермейді, неврологиялық және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді.
Бұл кезде қаннан, зәрден және ликвордан токсикалық заттарды табуға болады.
Т оксикалы қ агент көп реттік әсер еткенде, ағзаның улы затқа жоғары
сезімталдығы пайда болады, осылайша улы заттың аз дозасымен туындаған
патологиялық реакция токсикалық зат әсері тоқтағаннан кейін де жалғасады.
Әр түрлі интоксикациялар кезінде аса айқын көрінетін синдром
сана бузы-
лисы
болып табылады, сананың делириозды күңгірттенуі түрінде жүреді.
Дели
рий
бір реттік массивті интоксикация кезінде немесе айқы н емес, бірақ
қайталамалы ұзақ интоксикация жағдайында пайда болады. Сананың делири-
озды күңгірттенуі атроп и н м ен , тетраэти лқорғасы н м ен , б ензинм ен,
күкірткөміртегімен, мышьякты сутегімен және т.б. уланғанда болады.
Гипоксия туғызатын заттармен (күкіртсутегімен, көміртек тотығымен)
уланғанда есеңгіреу жиі бақыланады, ал массивті уланғанда, сопор мен кома
жағдайы болады.
Иісті газбен, анилинмен, антифризбен, қорғасынмен, сынап, радиоактивті
заттармен уланғанда мнестико-интеллектуалды бұзылыстар бақыланады.
Маниакальды (АКТГ, акрихинмен уланғанда), кататониялық, гебефренді
(сынаппен, радиоактивті заттармен уланғанда) шизоформды симптоматика жиі
бақыланады.
282
XVII Тарау. Ѳзге интоксикациялар кезіндегі психикалық бұзылыстар
Психоз дәрежесіне жетпейтін психикалык бұзылыстарға астениялык,
невроздык, депрессивті және ипохондриялык синдромдар тән болып табылады.
Клиникалык көрінісі басым жағдайда сана бұзылысымен байланысты жүретін
психоз жедел түрде өтеді. Созылмалы ағымдағы психоз шизоформды симпго-
матикамен жүреді.
Интоксикациялык психоздардың
емі
ең алдымен, психоз жағдайына алып
келген интоксикацияны токтатудан ж әне массивті дезинтоксикация ж әне
патогенетикалык терапия жүргізуден тұрады. Интоксикация кезінде организм
кейбір улы заттармен және біркатар дәрілік заттармен де белгілі бір дәрежеде
сенсибилизацияланады, сондыктан оларды сактыкпен колдану кажет.
Бұл — кез-келген интоксикациялы к психоздар терапиясыныщ ортак
принциптері, дегенмен жиі колданылатын және жоғары тиімділік көрсететін
антидотты препараттарды тағайындауды естен шығармаған жөн. Десен-
сибилизациялык әсері бар препараттар да жаксы эффект береді (димедрол,
супрастин, новакаин және т.б.). Инсулинді аз мөлшерде тағайындауға болады.
Сынап, мышьяк (корғасынды есептемегенде) ж әне т.б. металдар косы-
лыстарымен уланғанда, дезинтоксикациялык ем жүргізу үшін унитиолдың 1 г
ішке немесе 5% — 10 мл ерітіндісін бұлшыкетке егеді, тері астына физиологиялык
ерітінді, көкгамырға кан, плазма, кан алмастырушы заттар жіберу керек. Жүрек,
тыныс мүшелерінің кызметін сүйемелдеу кажет, массивті дәрумендік терапия,
әсіресе В тобының дәрумендерін тағайындау керек.
Ауыр улану кезінде улануға карсы күрес орталыктарында немесе реани-
мациялык бөлімшелерде гемосорбция және баска да заманауи әдістер колдану
аркылы жүргізілуі тиіс.
Интоксикациялык психоздардың
профилактикасы
сәйкесінше іс жүзіндегі
санигарлык бакылаудан, интоксикацияның алғашкы симптомдары кездесетін
наукастарды ерте аныктау және зиянды факторлардың ағзаға әсерін токтату
шараларынан тұрады. Дәрілік препараттардың көп мөлшерін алғаш және ұзак
уакытка әсіресе, жас балалар мен карттарға тағайындағанда, сактык кажет.
|