Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет160/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
Б ас-м и жаракаты кезіндегі пайда болатын бұзылыстар, соның ішінде, 
психикалык бұзылыстар оның ауырлык дәрежесіне, орналасуына, сонымен 
катар, баска да көптеген жағдайларға: бір уакытта баска мүшелердің закымдалуы, 
жалпы кан жоғалту, инфекциялар, интоксикациялар косылуына және баска да 
клиникасы на әр түрлі симптоматика беріп, психикалык бұзылыстардыщ 
полиморфизмін көрсететін факторларға байланысты.
Бас-ми жаракатының жедел кезеңіндегі психозды мидағы гемодинамиканың 
жедел бұзылыстармен байланыстырады. Жаракаттык психоз көрінуінде, даму- 
ында және ағымында капиллярлар өткізкізгіштігінің жоғарылауы нәтижесінде 
болатын ми ісінуінің едәуір маңызы бар.


Бас-ми жарақаты кезіндегі психикалық бүзылыстардың клиникалық көрінісі
287
Бас-ми жарақатының жабық ж әне аш ық түрлерінде де жедел кезеңінде 
жалпы милық симптомдар көрінеді. Ашық жарақаттың клиникалық көрінісі 
ми зақымдалуына, инфекциялық үрдістің, жиі іріңді менингоэнцефалит даму- 
ына байланысты болады.
Б ас-м и ж арақатыны ң жедел кезеңіндегі психоздар кезіндегі патомор- 
фологиялық өзгерістер бас миының ісінуімен және геморрагиялармен көрінеді. 
Бас-ми жарақатының алыс салдарының патоморфологиялық субстраты энце­
фалопатия болып табылады.
Емі, профилактикасы және сараптамасы
Бас-ми жарақаты кезінде ем кешенді болуы қажет және жарақаттан кейінгі 
жағдайға, оның сипатына, жарақаттан кейін қанша мерзім өткеніне, психо- 
патологиялық симптоматикасына, сонымен қатар, неврологиялық ж әне 
соматикалық бұзылыстарға байланысты қатаң дифференцирленген болуы 
керек.
Бас-ми жарақатының бастапқы және жедел кезеңдерінде ми ісінуін жою, 
қозу жағдайын тоқтату және психоздың басқа да көріністерін жою үшін белсенді 
реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс. Дегидратациялық терапия жүргізіледі, 
транквилизаторлар қолданылады.
Бас-ми жарақатының алыс салдары кезеңіндегі психоздар емінде дегид- 
ратациялық, жалпы қуаттандырушы терапиядан басқа басты психопатология- 
лық синдромды ескере отырып, нейролептиктер тағайындалады.
Психикалық бұзылыстардың 
профилактикасы
бас-ми жарақатын алған сәттен 
бастап науқастарға дұрыс көмек көрсету болып табылады: стационарлау, қатаң 
төсектік режим, белсенді бақылау, дегидратациялық терапия жүргізу, бас сүйек 
ішілік қысымның көтерілуі кезінде — жұлын пункциясы, психоздың алғашқы 
симптомдары пайда болғанда — транквилизаторлар мен нейролептиктерді 
қолдану.
Бас-ми жарақатының алыс салдарымен ауыратын науқастар үшін жұмыс 
және демалыс тәртібін сақтау, психикалық және физикалық зорығу жағдайын 
болдырмау, жылына 1—2 рет дегидратациялық терапия курсын өту, жалпы 
қуаттандырушы ем, интоксикацияның декомпенсациялаушы факторларының, 
жалпы аурулардың алдын алу және болдырмау қажет. Психотерапия, тұрмыста 
және жұмыста қажет жағдай туғызу сияқты реабилитациялық шараларды кең 
түрде жүргізу қажет. Еңбекке қабілеттілігі шектелген адамдарды жұмысқа дұрыс 
орналастырудың маңызы зор.
Сараптама.
Бас миының жарақаттық зақымдануынан кейінгі психикалық 
бұзылыстары бар науқастар жиі заң бұзушы әрекеттер жасайды. Бас-м и 
жарақатынан кейінгі психикалық бұзылыстары бар және заң бұзған науқастар 
қабілетсіз деп танылады және психиатриялық ауруханаларда мәжбүрлеп емдеуді 
қажет етеді. Психотикалық емес бұзылыстар кездесетін науқастар жиі қабілетті 
болып танылады ж әне өздерінің іс-әрекеттері үшін жауапқа тартылады. 
Қабілеттілік жағдайын анықтау әр нақты жағдайда сот-психиатриялық сарап- 
тама жағдайында жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет