Үдемелі салдану кезіндегі психикалық бүзылыстар
297
Өзін атакты әскер басшысы деп мәлімдеді. Осындай жағдайда психиатриялык
ауруханаға жаткызылды.
Психикалык жағдайы: наукас салак, жүрісі сенімсіз, теңселіп жүреді, асығыс,
үнемі бір нәрселерді сыбырлап айтады. Ауруханада жатканын түсінеді. Жылды
дұрыс атайды, бірак ай мен күнін атай алмайды. Дауыстап сөйлейді, дизартри-
ялы. Өзіне бағытталған сөзді күтпестен, спонтанды, көп сөйлейді. Сөз коры
шектелген, аграмматикалы. Қойылған сұрактарға жалпы алғанда дұрыс, бірак
зейінін аудартып барып, кеш жауап береді. Берілген мәтіндерді дұрыс оки
алмайды. Өзінің фамилиясын киыншылыкпен, катемен жазады. Өзін атакты
колбасшы деп санайды. Қытайда, Америкада және Жапонияда соғыскандығын
әңгімелейді. Дәрігерден өзінің кұжаттарын алып келуін сұрайды. Алаңдағыш.
Бұрын болған жағдайларды еске жаксы түсіреді. Жакында болған окиғаларды
есіне нашар сактайды. Әңгіме мазмұнын карай өзгеріп отыратын аффект
тұраксыздығы байкалады. Кейде эйфориялы , кейде жабыркаулы, кейде
жасаурағыш. Клиникада болған күндерінде кимылдык козу жағдайы байкалды,
асығыс біреуді іздеп жүреді. Өз жағдайына сыни көзкарас жок. Өз тағдырына
немкұрайлы карайды.
Неврологиялык жағдайы: карашыктары бірдей емес, жарыкка реакциясы
нашар. Конвергенциясы әлсіреген. Мұрын, ерін кыртысының жазылғандығы
байкалады. Көзін жапкан кезде кабактары дірілдейді. Тізе рефлекстері күшейген.
Ромберг позасында теңселеді. Зертханалык мәліметтері: кандағы Вассермен
реакциясы оң — 4+. Жұлын сұйыктығы: Нонне-Аппельт, Панди, Вейхброд
реакциялары оң мәнді, Вассерман реакциясы — 4+. Цитоз — 35/3. Нәруыз —
9,9 г/л. Панге реакциясы — 777766432211.
Диагноз: үдемелі салдану, экспансивті формасы.
Достарыңызбен бөлісу: