Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет169/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Емі және сараптамасы
Ағзаны ң қорғаны с күш терін белсендендіруге бағытталған шаралар 
қолданылмаса, әдетте, спецификалық ем әдістері тиімді болмайды. Сондықтан 
мына негізгі принциптерге сүйену керек:
1) спецификалы терапияның массивтілігі;
2) оны жалпы иммунологиялық реактивтілікті көтеретін әдістермен бірге 
қолдану.
1917 ж. В. Яурегг үдемелі салдануды маляриямен емдеуді ұсынды. Артынан 
көптеген онжылдықтар бойында спецификалық емнің бірінші курсына үш 
күндік малярия екпесі жасалды. 5—10 ұстамадан кейін малярияны хининмен 
басып отырды. Қазіргі кезде пиротерапия қолданылады. Жоғары температура- 
ны сульфозин (шабдалы, зәйтүн немесе вазелин майындағы стерильді
1—2 пайыздық күкірт ерітіндісі) немесе пирогенал енгізу арқылы шақырады, 
ем курсы 38—39 °C кем емес температуралық реакциямен 10—12 инъекция. 
Артынан бийохинолмен бірге пенициллинмен арнайы терапия жүргізіледі.
П енициллинм ен 8—10 ем курсы ұсынылады (орташа есеппен курсқа 
14 млн ЕД). Курстар арасындағы үзілістер У айдан 2 айға дейін. Пеницилли­
нотерапия ортасында бийохинол қосады, 2 г-нан күн ара б/е, ем курсына 40 г.
Спецификалық ем фонында науқастың психикалық күйін ескере отырып, 
психотропты препараттар қолданылады және міндетті түрде витаминотерапия, 
ноотроптар тағайындау керек.
Науқастардың еңбекке қабілеттілігі емнен кейін әр түрлі болады — оның 
толық орнына келуі немесе тұрақты жоғалуы мүмкін. Сот-психиатриялық 
тәжірибеде үдемелі салданумен ауыратын науқастардың сараптамасында 
қабілеттілік мәселесін шешуде қиындықтар дерттің алғашқы сатысында пайда 
болады. Үдемелі салданумен сырқат науқастар қабілетсіз болып танылады.


ХХІ Тарау 
СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР МЕН 
ЭНДОКРИНОПАТИЯЛАР КЕЗІНДЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Соматикалыц бузылыстар және эндокринопатиялар
кезіндегі психикалык 
бұзылыстар клиникалык көріністеріне байланысты әр түрлі — жеңіл асте- 
ниялык жағдайлардан айкын психоздар мен акыл кемдігіне дейінгі аралыкта 
болады.
Соматогенді психоздар соматикалык аурулар ағымының әр түрлі кезеңінде 
дамиды. Соматогенді психоздар патогенезінде бірнеше факторлар, соның ішінде 
накты аурудың ағымы және ауырлык дәрежесі де маңызды болып табылады. 
Бұл кезде гипоксияға, гиперсенсибилизацияға, «өзгерген негіз» фонындағы 
(экзогениялардан кейін, әсіресе, бас-ми жаракаттарынан кейін, интоксикаци- 
ялар және т.б. кейінгі) тамырлык және вегетативтік өзгерістерге үлкен мән 
беріледі.
Тұрғындардың жалпы иммунизациясы және оның ағза реакгивтілігіне әсері, 
соматикалык аурулар мен соматогенді психоздарды емдеудегі жетістікгер айкын 
жедел психотикалык формаларының азаюына және созылыңкы баяу үдемелі 
формаларыныщ көбеюіне әкелді. Аурудың клиникалы к ерекш еліктерінщ
өзгерістері (патоморф оз) сом атикалы к аурулар кезіндегі психикалы к 
бұзылыстардың 2У есе азаюымен көрінді. Бір уакытта осы аурулар ағымы 
формаларының сандык аракатынасы өзгерді. Жеке соматогенді психоздардың 
(мысалы, аментивті жағдайлардың) ж ән е психоз дәрежесіне жетпейтін 
психикалык бұзылыстардың кездесуі азайды.
Соматогенді психоздар кезіндегі психопатологиялык симптоматиканың даму 
стериотипі астениялык бұзылыстардың басталуымен сипатталады, сонан соң 
симптоматика психотикалык көріністермен ж әне эндоформды «ауыспалы» 
синдромдармен алмасады. П сихоздардың нәтиж есі — сауығу немесе 
психоорганикалык синдромның дамуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет