Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


V-Тармақ ЭНДОГЕНДІ ЖӘНЕ ЭНДОГЕНДІ-



Pdf көрінісі
бет177/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

V-Тармақ
ЭНДОГЕНДІ ЖӘНЕ ЭНДОГЕНДІ- 
ОРГАНИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ
АУРУЛАР
Бұл топқа бізде бар мәліметтер психика бұзылысына алып келетін ағзадағы 
ішкі үрдістер патологиясын дәлелдеп тұрғанымен, себебі әлі күнге дейін 
анықталмаған аурулар жатады. Бұл аурулар клиникалы қ көрінісі жағынан 
біртекті. Олардың әрқайсысына тән клиникалық көріністері болады. Сонымен 
қатар эндогенді аурулар осы ауруларға тұқым қуалау бейімділігі бар адамдарда 
жиі кездеседі. Эндогенді аурулардың пайда болу қаупінің туыстық дәрежесіне 
байланыстылығы да анықталған. Эндогенді-органикалық аурулардың тұқым 
қуалаушылыққа бейімділігі толық анықталмаған. Бұл аурулар кәрілік және 
к
ә
р
і
л
і
е
д
і
.
Шизофрения
— этиологиясы анықталмаған, созылмалы ағымға бейім, науқас 
тұлғасының типті өзгерістерімен ж әне әлеуметтік адаптация ж әне еңбекке 
қабілеттіліктің тұрақты бұзылыстарына алып келетін әр түрлі айқындылық 
дәрежесіндегі өзге психикалық бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру.
Бұл ауру кезінде науқастар тұйықталады, әлеуметтік қатынастарын жоғалтады, 
эмоциялық реакциялардың кедейленуі бақыланады. Сонымен қатар, түйсік, 
қабылдау, ойлау, қозғалыстық-еріктік сфераның әр түрлі дәрежедегі бұзылыстары 
анықталады.
ХХІѴ Тарау 
ШИЗОФРЕНИЯ


Жалпы клиникалық сипаттамасы
313
ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Ш изофренияны жеке ауру ретінде алғаш неміс психиатры Э. Крепелин бөлп 
карастырды. Ол гебефрения (Е. Геккер), кататония (К. Кальбаум) және пара- 
ноидтар (В. Маньян) диагнозы койылған наукастар тобын алып, анамнездерін 
бакылағанда, оларда алыс кезеңде өзіне тән акыл кемдігі дамығанын байкаған. 
Осыған байланысты Э. Крапелин осы үш топ ауруларды бірікгіріп, оларды ерте 
акыл кемдігі деген атаумен атады 
(dementia praecox).
Жеке ауру ретінде карастыра 
отырып, бұл дерттің жазылу мүмкіндігін ол жокка шығармады. Мұндай жіктеу 
принципіндегі танымал кайш ылык өзіне назар аудартты ж әне сын көзбен 
бағаланды.
Кейінірек швейцария психиатры Е. Блейлер (1911 ж.) бұл ауруға жаңа атау 
«шизофрения» (грекше шизо — ыдырау, френ — жан) терминін ұсынды. 
Е. Блейлер бұл ауруға өзіне тән акыл кемдігі жағдайымен аякталу емес, тұлғаның 
психикалык үрдістерінің ерекше диссоциациясы, оның дертті үрдіс нәтиже- 
сіндегі арнайы өзгерісі тән деп есептеді. Ол бұл дерттің ілкі және салдарлык 
белгілерін ажыратты. Ілкіге ол наукастың әлеуметтік контактісін жоғалтуын 
(аутизм), эмоционалдылыктың кедейленуін, психиканың ыдырауын (ойлаудың 
ерекше бұзылыстары, әр түрлі психикалык көріністер арасындағы диссоциация 
ж әне т.б.) жаткызды. Осы психикалык бұзылыстардың барлығы тұлғаның 
шизофрениялык тип бойынша өзгеруі ретінде карастырылды. Бұл өзгерістерге 
шизофрения диагностикасында шешуші мән беріледі.
Е. Блейлер екінші реттік деп таныған баска психикалык бұзылыстар сене- 
стопатиялармен, иллюзиялармен, галлюцинациялармен, сандырактык идея- 
лармен, кататониялык және т.б. бұзылыстармен көрінеді. Бұл бұзылыстарды 
ол шизофрения диагностикасында міндетті деп санаған жок, себебі олар баска 
ауруларда да кездеседі, дегенмен, олардың кейбірі шизофренияға аса тән болып 
келеді.
Ш изоф ренияны ң жеке формалары аныкталып, сипатталды. Оның үш 
классикалык: гебефрениялык, кататониялык және параноидты формаларына 
төртінші — карапайым формасы косылды. Кейінірек баска да формаларына 
сипаттама берілді: ипохондриялык, кезеңдік және т.б. Формалар жетекші син­
дром негізінде бөлінді. Бірак, клиникалык бакылаулардың көрсетуі бойынша, 
шизофренияның әр түрлі формаларына тән психопатологиялык симптомати­
ка өзінің тұрактылығымен ерекшеленбейді. Бастапкы кезде карапайым фор- 
мада өткен ауру, кейін келе параноидты ж әне баска формалардың психо- 
патологиялык белгілерімен көрініс беруі мүмкін.
Ш изофренияның психопатологиялык көріністері көп түрлілігімен ерек- 
шеленеді. Өздерінің ерекш еліктеріне байланысты олар негативті ж әне 
продукгивті болып бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет