Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ АУРУ КЕЗІНД ЕГІ



Pdf көрінісі
бет174/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ АУРУ КЕЗІНД ЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Атеросклероз және гипертониялык аурулардың көріністері бір кан тамырлык 
патология формасы болып табылады. Гипертониялык және атеросклероздык 
психоздармен ауыратын наукастарда ортак көріністер жиі байкалады: жастык 
кезең, тұкым куалаушылык, преморбидті белгілер, әр түрлі экзогенді фактор­
лар (алкоголизм, бас-ми жаракаттары, психогениялар). Осының барлығы ортак 
кан тамырлык-милык үрдістердің осы аталған түрлерінің, әсіресе, ерте даму 
сатыларында патогенезінің, клиникалык және патоморфологиялык ерекше- 
ліктерінің ортактығын көрсетеді.
Гипертониялык ауру кезіндегі бастапкы психопатологиялык көріністер 
церебральды ^атеросклероз кезіндегі синдром дарм ен көрініс береді. 
Атеросклероздык психоздың клиникалык көрінісіне ұксас гипертониялык 
психоздардың кұрылымында аффективті бұзылыстар айкыны рак көрінеді: 
сандыракпен, депрессиямен, галлюцинозбен көрініс беретін үрейлі күй басым 
болады, сондыктан үрейлі-сандырактык, үрейлі-депрессивті синдромдар 
жөнінде айтуға болады. Гипертониялык психоздардың ағымы динамикалы, 
атеросклероздык психоздармен салыстырғанда ұзактығы төмен.
ЦЕРЕБРАЛЬДЫ ҚАН ТАМЫРЛЫҚ ГИПОТОНИЯ 
КЕЗІН Д ЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Бұл бұзылыстар шығу тегі бойынша гипертониялык аурулар кезіндегі ана- 
логты көріністерге жакын және ұксас психикалык бұзылыстармен жүруі мүмкін. 
Гипотония кезінде жиі кездесетін синдром 
астениялык
болып табылады. 
Психотикалык бұзылыстар аффективті көріністермен жүруі мүмкін: үрейлі 
депрессия, сананың кыска уакыттык бұзылыстары (сананың күңгірттенген 
бұзылысының эпизодтары) байкалады.


308
ХХІІ Тарау. Қан тамырлық аурулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
ЭТИОЛОГИЯ, ПАТОГЕНЕЗ
Атеросклероздық ж әне гипертониялы қ психоздардың, церебральды- 
қантамырлық генезді психопатологиялық бұзылыстардың да этиологиясы мен 
патогенезі жеткілікті зерттелмеген. Әлі күнге дейін неге кейбір жағдайларда 
психикалық бұзылыстар дамиды, ал екінші бір жағдайларда дамымайтыны 
анықталған жоқ.
¥ қ с а с ми аурулары кезіндегі психикалы қ бұзылыстардың клинико- 
морфологиялық, биохимиялық зерттеулері және талдауында тура корреляция 
анықталмайды.
Әр түрлі психикалық бұзылыстар кезіндегі себеп-салдарлық байланыстар 
күрделі және көп қырлы. Соның ішінде ең көп мән церебральды-қан тамырлық 
үрдістің үнемі серігі дисциркуляторлы бұзылыстар мен гипоксиялық факторларға 
беріледі. Сонымен бірге, қан тамырлар өткізгіштігінің жоғарылауына және су 
алмасуының бұзылуына байланысты пайда болған ми ісінуі кейбір психотикалық 
бұзылыстардың, әр түрлі көріністегі сана бұзылыстарының дамуына маңызды 
себеп болып табылады. Қан тамырлық генезді психотикалық көріністердің 
дамуында патологиялы қ негіздің, соны ң ішінде, патологиялы қ тұқым 
қуалаушылық, преморбидті жағдай ерекшеліктері, жасына байланысты науқас 
реактивтілігінің өзгеруі және әр түрлі экзогениялар мен психогениялардың да 
мәні жоғары.
Бас миының қан тамырлық аурулары кезінде ақыл кемдігінің пайда болу- 
ында мидағы деструктивті үрдістердің маңызы зор. Өнімді психикалық бұзы- 
лыстарсыз ақыл кемдігінің дамуында қан тамырлық үрдістің баяу қарқыны да 
маңызды рөл ойнайды.
Бас миының қан тамырлық аурулары кезіндегі психикалық бұзылыстардың 
патоморфологиялық сипаттамасын бағалағанда, оны гипоксиялық энцефало­
патия ретінде квалификациялауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет