322
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
бітті» деп, өзіне-өзі қол жұмсағысы келген. Өткінші адамдардың өзіне қарап,
сыбырласып, күлкі ететіндігін қайта байқай бастаған. Өзінің сыртқы бейнесі
жөнінде күйзелістер қайта күшейген. Ата-анасының сұранысымен психиатрға
алғаш рет қаралып, ауруханаға жатқызылды. С.С. Корсаков атындағы клиникаға
түсті. Соматикалық және неврологиялық жағдайында патологиялық өзгерістер
анықталған жоқ.
Психикалық жағдайы: түскен кезде санасы анық, бағдарлаудың барлық түрі
дұрыс, көңіл-күйі төмендеген. Әңгімелескен кезде басын төмен түсіріп бүкірейіп
отырады, мимикасы кедейленген, дауысы жай, біртекті. Денесінің әр түрлі
бөліктеріндегі жағымсыз сезімдерге спонтанды түрде көптеген шағымдар ай-
тады, өте ауыр дертке шалдыққанмын («мүмкін қатерлі ісік ауруы») деп санай-
ды, өзін жақсылап тексеруден өткізуді сұрайды. Сонымен қатар, өзін ауруха-
нада, дәрігерлердің жанында «дұрысырақ сезінетінін» айтады. Кезеңдермен
науқасқа тұрмыстық жолмен мерез ауруын жұқтырып аламын деген ойлар
келеді. Бұл қорқыныштарының негізсіздігін түсіне тұра, оларға қарсы тұра
аламайды. Жұқтырмас үшін бөтен адаммен контактіден кейін қолын ұқыпты
жуып, 3 рет сілкілейді. Көп уақытын жалғыз өткізеді. Өз күйіне сыни көзқарас
өте формальды сипатта. Көңіл-күйінің жақсарғанын сезінеді және кешкісін
үрейлі күйдің азайғанын айтады. Суицидальды ойларды жоққа шығарады.
Емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы едәуір жақсарды: үрей азайды,
жабырқаулы күй жойылды, ішкі мүшелер тарапынан жағымсыз сезімдерге аз зейін
аударады. Мерез жұқтырып алудан қорқыныш сақталып қалды, бірақ бұрынғы
өзектілігін жоғалтты. Айналасындағылардың өзіне деген ерекше көзқарастарын
сезінбейтін болды. Болашаққа жоспар құрады, аудандық психиатрдың бақылауына
галоперидолмен сүйемелдеуші ем тағайындалып шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: