Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Үзіліссіз ағымды шизофрения



Pdf көрінісі
бет180/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

317
Үзіліссіз ағымды шизофрения
Үзіліссіз ағым шеңберінде үрдістің катерлілік дәрежесімен аныкталатын 
аурудың жеке формалары аныкталды: катерлі (ядролык), орташа үдемелі (па­
раноидты), баяу ағымды немесе аз үдемелі (невроз тәрізді және психопатия 
тәрізді). Ш изофренияның аталған формаларының әркайсысына белгілі бір 
психопатологиялык көріністер тән.
Қатерлі (ядролы) шизофрения
Жеткіншек жаста пайда болады, катерлі ағыммен сипатталады. Аурудың 
алғашкы белгілерінің пайда болуынан оның түпкілікті дамуына дейін 2 -3 жыл 
өтеді. Бұл наукастарда бірінші кезекге негативті бұзылыстар пайда болады, одан 
кейін ғана позитивті бұзылыстар косылады. Позитивті өзгерістер психо­
патологиялык синдромдардың полиморфизмімен ерекшеленеді. Ядролы 
шизофренияның болжамын нашарлататын факторларға оның терапияға аса 
резистенттілігі де жатады.
Аурудың басталуы бұрмаланған пубертатты кризді еске түсіреді және екі 
нұскадан тұрады: энергетикалык потенциалдың төмендеуі және эмоциялык 
дефициттің пайда болуы. Энергетикалык потенциалдың төмендеуі ең алдымен, 
үлгерім нашарлауымен, сабакта өнімділіктің төмендеуімен, кейде үй тапсыр- 
маларына жұмсалатын уакыттың ұзаруымен көрінеді. Мұндай наукастар кейін 
келе кластар калдырады, оки алмағанды ктан мектепті тастап кетеді. 
Энергетикалык потенциал төмендеуі жиі м етафизикалы к интоксикация 
жағдайымен бірге жүреді: наукастар глобальды философияны, ғылыми про- 
блемаларды (тұрмыс мәні, тіршілікгің шығу тегі және т.б.) зерттеумен айналы- 
сады, бірак бұл еңбектері олардың арнайы білімінің болмауына және наукастар 
өнімділігінің күрт төмендеуіне байланысты еш каш ан нәтиж е бермейді. 
Наукастар бұл зерттеулерге көп уакыттарын жұмсайды.
Эмоциялык дефициттің дамуы ең алдымен ата-анасына деген катынастың 
бұзылуымен, жиі тітіркенгіштік пен агрессивтілікке бейімділік көріністерімен 
эмоционалды салкындыктың пайда болуымен көрінеді. Кейіннен наукастарда 
өз тұлғасына немкұрайлылык пайда болады: олар күтінбейді, жуынбайды, 
ештеңе істемейді және т.б.
Осы сипатгалған жағдайлар соңғы апатико-абулиялык жағдайда өтуі мүмкін, 
бұл кезде баска психотикалык бұзылыстар редукцияланған күйде болуы мүмкін. 
Клиникалык көрінісінде интеллектуалды белсенділіктің кұлдырауы, эмоцио- 
налды жетіспеушілік, энергетикалык потенциалдың төмендеуі және т.б., яғни 
негативті бұзылыстардың басым болуы ядролык шизофренияның 
қарапайым
вариантына
тән.
Науқас 20 жаста.
Психикалык аурулармен тұкым куалау ауырлығы жок. 
А насының жүктілігі мен босануы аскынусыз өткен. Жүруі ж әне сөйлеуі 
уакытымен дамыған. Мінезі сабырлы, аз сөйлейтін, жалғыз ойнағанды ұнаткан. 
Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі аурулары: салкын тию, кызылша, кызамык, 
2 жыл деңгейінде (5 жастан 7 жаска дейін) караңғыдан коркыныш байкалған. 
Қараңғыдан неге коркатынын білмейді. 1 класска барғанда караңғыдан кор- 
кыныш жоғалған.


318
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
Мектепке 7 жастан барған. Орташа оқыған. Үйге берген тапсырманы жол- 
дастарынан көшіріп алатын болған. Мінез-құлқы сабырлы күйінде қалған. Бір 
күні ата-анасы на басы ны ң іш інен бір дауыстар еститіндігін айтқан. 
Психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Ауруханада стереотипті қозғалыстар
гримасалар, шайнау және мойын бұлшық еттерінің тонусының жоғарылағаны 
байқалған. Кейде бірнеше сағат бойы бір позада тұрып қалған, кейде күрт қозу 
жағдайына ауысқан, агрессивті, өз киімдерін жыртып, науқастарға ж әне 
қызметкерлерге шабуыл жасаған. Өзін күтінбейді, жуынбайды. Тәбеті өте 
жоғары, басқа аурулардың тамағын тартып жейді. 1981 ж. П.П . Кащ енко 
атындағы ауруханаға ауыстырылды. Сол кезден бері жағдайы өзгеріссіз қалды: 
ешкіммен қатынасқа түспейді, көп уақытын төсекте өткізеді, ән айтады, еріксіз 
күле береді, былдырлайды. Кейде қабағын түйіп, бір нәрсені тыңдағандай бо- 
лады, бірде қозғыш, дәлізде жүгіріп, бір жаққа талпынады, науқастарға агрес­
сия танытады. Тәбеті жоғары, кез келген нәрсені аузына салады: конфеттерді 
орамасымен жейді, бірнеше рет целлофанды пакетті жұтуға тырысқан. Ауру- 
ханада науқас нейролептиктердің массивті дозасын алды, бірақ жағдайы 
жақсарған жоқ.
Ядролық шизофренияның қарапайым түрінен басқа гебефрениялық, пара- 
ноидты, кататониялық варианттары бар.
Ядролық шизофренияның 
гебефрениялық щсқасының
дамуы энергетикалық 
потенциалдың төмендеуі немесе эмоциялық дефициттің пайда болуынан ба- 
сталады. Ары қарай аталған өзгерістер фонында сандырақтық галлюцинаторлы 
күйзелістермен, жүріс-тұрыс бұзылыстарымен, полим орф изм мен ж әне 
симптоматиканың қарапайымдылығымен сипатталатын жедел психотикалық 
күй дамиды. Одан кейін ол рудиментарлы кататониялық, сандырақтық және 
галлюцинаторлы құбылыстармен соңғы жағдайға ауысады. Кататониялық 
симптом жиі алаңғасар жүріс-тұрыспен көрініс береді.
Ядролық шизофренияның 
параноидты вариантының
динамикасы күрделірек. 
Ол жоғарыда аталып өткен негативті құбылыстардан басталады, бірақ жедел 
психотикалық жағдайға дейін ауруларда энергетикалық потенциалдың төмендеуі 
немесе эмоционалды жетіспеушілік фонында невроз тәрізді, паранояльды, 
психопатия тәрізді симптомдар дамиды. Невроз тәрізді симптоматика обсессия 
түрінде, паранояльды симптоматика төмен жүйеліліктегі интерпретативті 
сандырақпен көрінеді. Психопатия тәрізді бұзылыстар қозу, дөрекілік түрінде, 
айналадағылармен сиыса алмаумен, өтірікшілдікпен, алкоголизацияға, есірткілік 
заттарды қолдануға бейімділікпен көрінеді.
Бұл топ науқастарында кейін келе тұрақсыз кататониялық симптоматикамен 
параноидты синдром — К андинский—Клерамбо синдромы пайда болады. 
Осылайша, кататония элементтерімен жүретін сөйлеу үзілісімен (шизофазия) 
сипатталатын соңғы күй дамиды.
Кататониялық вариантының
басталуы аталған нұсқалардағыдай болып келеді. 
Жедел психотикалық жағдай ступор және субступор деңгейіндегі люцидті ка- 
татониямен көрінеді (жеке сандырақтық және галлюцинаторлы көріністер де 
орын алуы мүмкін). Соңғы жағдай субступор деңгейіндегі рудиментарлы 
кататониялық симптоматикамен сипатталады.


Жалпы клиникалық сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет