Жалпы клиникалық сипаттамасы
323
деңгейде калады. Мұндай наукастардың ерекшелігі оларда әркашан басынан
өткен психотикалык күйге сын көзкарас бакыланады және олар дертті жағдай
мен саулык күйін накты ажырата алады.
Мұндай наукастардың еңбекке кабілеті әдетте төмендемейді (астениялык
тұлғалық өзгерістермен сырқат науқастардан басқасында). Рекуррентті шизоф
рения кезіндегі болжам жайлы, бірақ бұл науқастарда айқын депрессия ф о
нында суицидальды ойлар ж әне әрекеттер болу мүмкіндігін ескеру қажет.
Мұндай наукастар арнайы бакылауды кажет етеді. Суицидальды үрдіс аныкталған
жағдайда, шұғыл, міндетті түрде ауруханаға орналастыру қажет.
Науқас Х-ва В.Н., 21 жаста. Анамнезі: анасының жүктілігі
мен босануы
асқынусыз өткен. Ерте дамуы ерекшеліксіз. Сөйлеуі және жүруі уақытында
басталған. Балалар инфекциялык ауруларынан қызамықпен ауырған, жиі суық
тию байқалған. Мінезі ашық, белсенді. Қыдырғанды жақсы көрген, басқа ба-
лалармен жақсы ойнаған. Мектепке 7 жастан барған. Оку ұнаған, кластаста-
рымен тез араласып кетгі. Ашық, белсенді қалпында қалған. 8-ші класты бітірген
соң, 15 жасында пед. училищеге түсті. Сабақтарға ынтамен дайындалды. Жаңа
ұжымға еркін үйренісіп кеткен. Бос уақытын достарымен бірге киноға, театрға
барып өткізген.
Билегенді, көңіл көтеруді ұнататын. Екінші курсты бітірген
соң курстастарымен бірге колхозға жұмысқа барды. Сонда жүріп күтпеген
жерден күш тасқынын сезінген, айналадағының бәрі қуаныш сыйлап, «бақыттан
ән шырқағысы келді». Осы жоғары көңіл-күйде үйіне келді, өте белсенді бол
ды, «қолынан барлығы келіп тұрды». Тәулігіне 3 -4 сағат ұйықтаса да өзін та-
маша демалғандай сезінді. Бұрын назар аудармаған курстасына ғашық болып,
жиі телефон соғып, кездесіп жүрді. Осындай кездесулердің біріне бара жатқанда
кенеттен басының ішінен ер кісінің нык «Барма» деген дауысын естіді, іштей
бір қозу күйін сезінді, қолын жан-жаққа сермеп, көшеде жүгіріп жүрді. Осы
жағдайында психиатр қарап, психиатриялық ауруханаға жатқызылды. Госпи
тализация фактісін және ондағы алғашқы күндерін бұлыңғыр есіне түсіреді.
Кезеңдермен өзін басқа планетада жүргендей сезінген,
бұл планетаны тек
әйелдер мекендейді, ал ер адамдардың барлығы «планета аралық» соғысқа
кеткен деп санайды. Кей кездері мелшиіп тұрып қалады, осы кезде аяқ-қолының,
мойын-шүйде және шайнау бұлшыкеттерінің қарысып қалуы байкалады. Ами
назин тағайындалған соң жағдайы тез жақсарды. Ауруханада болған 4-ші күнде
уақыт пен орын бойынша бағдары дұрысталды. Кейінгі күндері көңіл-күйі
біртіндеп калыпгасты, дертті жағдайдағы өз тәртібін ұяла еске алады, өткен
жағдайының дертті табиғатын түсінеді, ауруының «көтеріңкі көңіл-күйден»
басталғанын сенімді түрде айтады. Екі айдан кейін ауруханадан шықты, шыққан
соң өзін ауруханаға дейінгі жағдайындай сезінді.
Белсенді, ашық болып қалды,
ынтамен окуын жалғастырды, кұрбыларымен еркін араласып, киноға, театрға
барып тұрды. Училищені бітірген соң мамандығы бойынша жұмыс істеді, бірақ
жұмысы бірден ұнамады. Балалар тыңдамады, үнемі бұзыктык жасады. Элі де
үйреніп кетемін деп ойлады, бірақ екі айдан соң балалармен жұмыс істей
алмайтындығын толық түсінді. Ешқандай өкінішсіз жұмысынан шығып кетті,
бір аптадан соң ғылыми-зерттеу институтына архивариус болып жұмыска ор-
наласты. Жаңа жұмыс ұнап, коллективке тез үйренісіп кетті. Мінезі бұрынғыша
324
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
көңілді, ашық болып қалды. Келесі
екі жылда өзін жақсы сезінді, жұмысын
атқарды, көңіл-күйі бірқалыпты болды, мінез-құлқы өзгермеді.
1982 ж. күзінде (21 жасында) тағы да күш ағынын, «ішкі толқуды» сезінді,
көп сөйлеп, белсенділігі артты. Өзін «ерекше мүмкіндігі» бар адам деп түсінді,
басқалардың ойына әсер ете аламын деп санады ж әне ол жайында басқаларға
ынтамен әңгімеледі. Анасы аудандық психиатрға көрсетіп, психиатриялық
ауруханаға жатқызды. Алғашқы уақытта көп сөйлеп, қимылдық қозу байқалды,
палатада тұрмады, айналадағының барлығы үш топқа бөлінеді, оның бірі өзінің
жақтастары, ал екеуі қарсы деген ой айтты. Өзін ауруханада емес басқа плане-
тадамын деп санады, кейде мелшиіп тұрып қалады немесе бір айтқанын қайталай
береді. Осындай жағдай бір жетіге дейін сақталды, осы кезең бойында науқас
аминазиннің үлкен дозасын қабылдады. Екінші аптадан бастап жағдайы жақсара
бастады: уақыт пен орын бойынша бағдары дұрысталды, өзінің күйзелістері
жөнінде
толық айтып берді, «барлығы өткен жолғыдай» болғанына сенімді.
Дәрігермен әңгімелескенде ашық, эмоционалды сақталған, болашаққа нақты
жоспарлар құрады, ата-анасын сағынғандығын айтады. Бөлімшеде белсенді,
қызметкерлерге көмектеседі, еңбек терапиясына ынтамен қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: