Диагностика
327
типі арасындағы байланыс аныкталды. Сонымен катар, соңғы зерттеулер ши-
зофрениямен сырқат науқастардың, олардың туыстары, әсіресе ата-анасында
зат алмасу үрдістері мен интеллектуалды ерекшеліктерінде кейбір ортак
сипаттардың барын аныктады.
Бірак шизофрения кезінде типті психопатологиялык көріністермен бірге
биологиялық бұзылыстардың пайда болуы мен түзілуін анықтайтын нақты
сипаттаманың болмауы, шизофрения табиғаты жөнінде әр түрлі концепци-
ялар кұруға мүмкіндік береді. Прагматикалық немесе идеалистік философиялық
көзқарастарға сүйенген көптеген шетелдік психиатрлар арасында шизофрения
мәнін түсіндіруде фрейдистік методологиялық ереже колданылады. Олар
ш изофренияны тұлғаның өмірге сәтсіз қалыптасуының бір түрі деп қарайды.
Т олы к калы птасу мүмкін болмаған ж ағдайын олар тұлғалык акаумен
түсіндіреді, ол акау ерте балалык шактағы жанұя ішіндегі интерперсоналды
бұрыс қатынастар нәтижесінде кұрылады деді. Ш изофренияны ң табиғаты
жөніндегі мұндай пікірлер қолдау таппады. Ерте бала кезінен басқа жанұяда
бейімделіп, өскен балаларда ш изофренияның пайда болу қаупі жанұя ішілік
қатынастар еркшелігімен емес, тұқым қуалаушылықпен байланысты болаты-
ны көрсетілді.
Қазіргі мәліметтер шизофрения табиғатын сыртқы орта факторларымен
әсерлесу жағдайында көрінетін ағза қызметінің ерекше формада бұзылуына
бейімділігімен көрінетін полигенді ауру ретінде карастыратын теорияны
жеткілікті негізде кұруға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: