Этиологиясы және патогенезі
325
Наукас П.А., 23 жаста. Психикалык аурулармен тұқым куалау ауырлығы
жоқ. Ерте дамуы қалыпты, мінезі ашушаң, тітіркенгіш. Құрбыларымен жиі
қақтығыстарға түскен. Жақын достары болған емес. Орташа оқыды, 8 сынып-
ты бітірген соң кешкі мектепте оқығысы келді, бірақ оны тез тастап кетті.
Троллейбус паркінде электрик болып кызмет етті. 20 жасында наукастың
жағдайында өзгерістер байқалды. Тұйықтығы артып, іс-әрекетсіз болды,
жұмысқа барудан бас тартты. Ата-анасының ескертулерін елеген жоқ. Кейінірек
өзін «бөтен күш» басқаратындай сезім пайда болды. Өзін біреу аңдып жүргендей
сезінді, үйінің қасынан «өтетін» ерекше машиналарды байқады. Сонымен қатар,
«төніп келе жатқан қасіретті» алдын-ала сезініп, үрей пайда болды. Осы жағдайда
психиатриялык ауруханаға жаткызылды.
Ауруханада соматикалык және неврологиялык жағдайы жағынан кандай да
патология байкалмайды. Психикалык жағдайы: уакыт бойынша бағдарлануы
дұрыс, қоршаған орта бойынша бағдары толық емес. Бөлімшедегі науқастардың
ішінде өзін аңдуға арнайы жіберілген адамдар бар деп санайды. Өзіне «ерекше
күштің» әсерін сезеді. Ол әсердің сипатын аныктап айта алмайды. Дертті
жағдайына сын көзқарас жоқ. Эңгіменің басында сұрақтарға дұрыс жауап беріп
отырды, ары қарай үрей артып, коркыныш сезінетінін айтып, сөздерінің реті
өзгеріп, үзілу элементтері пайда болды.
Нейролептиктермен емдеу нәтижесінде науқастың жағдайы жақсарды.
Басы нан өткізген дертті күйзеліске сын көзқарас пайда болды. Үйіне
шығарылды. Үйінде тәртібі дұрыс болды, бірақ тұйықтык, белсенділік пен
кызығушылыктарының төмендеуі бакыланды. Жұмысты киындыкпен орын-
дады. Кейде үрейшіл, мазасыз, күдікшіл жағдайларға түсті. Жарты жылдай
сүйемелдеуші терапия қабылдады, ал кейін дәріден бас тартты. Ауруханадан
шыкканына бір жыл өткен соң жағдайы айтарлыктай нашарлады: ата-анасы-
на дұшпандық катынас қалыптасып, оларды пәтерден куды, әсер ету және
соңына түсу сандырак идеяларын айта бастады. Психиатриялық ауруханаға
кайта жаткызылды. Ауруханаға түскенде наукастың соматикалы к ж әне
неврологиялык жағдайы жағынан патология байқалған жоқ. П сихикалык
жағдайы: уақыт және орын бойынша бағдары дұрыс, өзін аурумын деп сана-
майды, үйге жіберуін сұранды. Бұрын ауырғандығымен келіседі, ал қазір ауру
емеспін деп мәлімдейді. Көп сөйлейді, ата-анасы жөнінде жақгырмай сөйлейді.
Дәрігерге өзінің қазіргі уақытта маңызды мәселелермен шұғылданатынын,
сонымен байланысты өзін тұракты тексеретіндігі жөнінде әңгімелейді. Өзін
тексерумен шұғылданатындар ішінде өзінің әкесі де бар деп есептейді.
Бөлімшеде өзін айрыкша ұстайды.
Достарыңызбен бөлісу: