ПРОФИЛАКТИКА Ш изофрения профилактикасының мәселелері психиатрияның маңызды
міндеттерінің бірін кұрайды. Этиологиясы жөнінде нақты мәліметтердің бол
мауы бұл дертгің тиімді біріншілік профилакгикасын құруға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі кезде шизофренияның біріншілік профилактикасы медикогенетикалық
кеңеспен шектелуде. Мамандар жұбайларға, егер олардың тұқымдарында
психикалык аурулар болса немесе жұбайлардың бірі шизофрениямен зардап
шеккен жағдайда олардың болашақ балаларында шизофрения даму мүмкіндігі
жөнінде ақпарат береді. Екіншілік және үшіншілік профилактика шараларын
жүргізу үшін медикаментозды және реабилитациялык тәсілдер колданылады.
Науқас адам ерте анықталғанда, уақытында емдеп, сүйемелдеуші терапия
қолдану арқылы айқын психикалык бұзылыстардыщ алдын-алып қоймай,
наукастың коғамдык, жанұялык өмірге катысуын сактап кала аламыз. Наукастың
әлеуметтік-кәсіби бейімделуінің тұрактылығы мен тиімділігін іске асыру үшін
әлеуметтік оңалту шаралары қажет.
Реабилитация жөніндегі мәселе шешімінің өзіндік киындықтары бар, ол
бірінші кезекте ш изоф рен и ян ы ң полим орф изм ім ен, ауру ағымы мен
сатыларының әркилы формаларының болуына байланысты. Сондыктан ши-
зофрениямен сыркат наукастардың реабилитациясы индивидуалды және диф-
ференциалды сипатта болуы керек. Наукас жағдайына байланысты реаби-
литациялы қ шаралар госпитальда немесе ауруханадан тыс жағдайларда
жүргізіледі.
Госпитальдык реабилитация нұскаларына бірінші кезекте ауруханалык
шеберханалардағы еңбекгік терапияны, мәденитерапияны, бөлімше ішілік және
жалпы ауруханалық әлеуметтік шараларды жатқызады. Келесі қадам стационар
жағдайында наукастарды жеңіл тәртіптегі бөлімшелерге немесе күндізгі
стационарларға ауыстыру болып табылады. Реабилитациялық шараларды
бірыңғай кешенді бағдарлама әдісі бойынша жүргізген дұрыс, әсіресе науқасты
кандай да бір жаңа еңбек дағдыларына үйрету мысалы, өндірістік немесе ауыл
шаруашылықтык дағдыларға (егер ауыл жөнінде сөз болса) қажет.
Ш изофрениямен сырқат науқастардың амбулаторлық реабилитациясын
(ауруханадан тыс) жүргізу ауданның психоневрологиялы к диспансерлер
дәрігерлеріне тиісті. Ш изофрениямен сырқат науқастар еңбек етіп жүрген
ірі өндірістік мекемелердің м едико-санитарлы қ бөлімдерінде құрылған
психиатриялы к кабинеттер де өздерін жаксы ж ағы нан көрсетті. Өндіріс
жағдайында жүргізілген реабилитация ш изофрениямен сыркат әлеуметтік
дезадаптацияланған наукастар санының азаюына мүмкіндік береді. Дегенмен,
реабилитациялық шаралар жетістігі көп жағдайда еңбектік белсенділік пен
сүйемелдеуші терапияны ретімен жүргізуді дұрыс үйлестіруге де байланысты.