Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет189/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Депрессивті күйлер
Д еп ресси вті күйдің дамуы алғаш ы нда ф и зи к а л ы к бұзылыстар 
басымдылығымен, содан соң психикалык бұзылыстардың да көрінуімен, жал­
пы дискомфорт сезімінен басталады. Содан соң жүрек аймағында, көкірек 
тұсында физикалы қ мұң сезімімен төмен көңіл-күй дамиды. Бұл сезімдер 
наукастармен басу, кысым, ауру сезімі ретінде суреттеледі. Кейде өздерінің 
эмоциялык бұзылыстарын сезімсіздік күйі ретінде түсінеді. Сонымен катар, 
олар ойлау қабілетінщ баяулағандығын, болып ж атқан жағдайлар мен 
құбылыстарды түйсінудегі киындықтарды байқайды. Науқастардың бет ажары 
мұңды, козғалыстары мен сөзі баяулаған.
М ұң сезімі, психикалы к көріністердің баяулауы ж ән е козғалы сты к 
реакциялардың тежелуі — депрессияның белгілері болып табылады. Бұл кез­
де науқастардағы қозғалыстың тежелу күйі субступор және ступор (депрессивті 
ступор) деңгейіне жетуі мүмкін. Бірак, кататониялы к ступормен сыркат 
наукастардан айырмашылығы, олар сұрақгарға әркаш ан біртекті болса да 
жауап қайтара алады. Наукастар туыстарына, жақындарына деген эмоциялык 
үйірлігін, корш аған ортам ен эм оц и он алды үндестігін ж оғалткан ы н а 
шағымданып, осыған аса ауыр күйзеледі. Өзінің күйін суреттеуге келгенде
дәрігерлерге олардың күйін түсіну қиын тәрізді көрініп, кейде көп сөйлеп 
кетеді.
Депрессивті күйлер баска да психопатологиялык өзгерістермен катар жүреді. 
Науқастарға катысты жайлар көмескі бояумен қабылданады. Өз өміріндегі жеке 
жағдайлар мен ұсак тірліктерді олар өзін-өзі кінәлау ж әне өзін-өзі кемсіту 
идеяларын құруға қолданады. Мұндай идеялар аса бағалы, сондай-ақ сандырак 
сипатын да алуы мүмкін. Наукастардың ойынша, олар өзінің жасаған қылмысы 
үшін сот алдында жауап беру керек және өте катал жаза колдану кажет деп 
есептейді. Наукастардың күйінде айқын тәулікгік тербелістер байқалады. Кешкі 
мезгілде таңертеңгі уакытпен салыстырғанда, олар жеңілдік сезінеді. Депрессивті 
күйлер соматовегетативті бұзылыстармен қатар жүреді: іш қатулар, шырышты 
кабаттардың кұрғауы, тәбет бұзылыстары және т.б.
Депрессияның мұндай күрделенген түрі қазіргі таңда өте сирек кездеседі. 
Эдетте, депрессиялық күйлерде депрессияның кандай да бір компонентінің 
басымдылығы байқалады, осыған сүйеніп, депрессивті синдромның белгілі бір 
нұскасы жөнінде айтуға болады. Депрессивті синдром варианттарын бөлудің 
ортак белгілеріне депрессивті күйдегі психопатологиялык кұрылымның типті 
немесе атиптілігі жатады.
Типті депрессивті күйлер ішінде ең алдымен, 
анестетикалық депрессияны
ажыратамыз. Мұндай күйдегі науқастар өздерінің сезімсіздігіне шағымданады: 
олардың айтуынша, өзге адамдардың сезімдері кызықгырмайды, коршаған 
өмірде болып жаткан жайттар оларда куаныш та, реніш те тудырмайды, 
наукастар «жаным жок» немесе жүрегім «мұз тәрізді суык» деп есептейді. Кей-


Маниакальды-депрессивті психоздың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері
333
де бұл сезімдер 
anaesthesia psychlca dolorosa
(жанға бататын психикалық 
сезімсіздік) дәрежесіне дейін жетеді. Мұндай жағдайда науқастар өз күйлеріне 
қатты күйзеледі. Науқастар өзінде қандай болмасын сезім тудыру үшін өз 
денесіне терең тілімдер немесе басқа да зақымдар жасаған оқиғалар орын алған. 
Дегенмен, анестетикалық депрессия қоршаған ортаға немқұрайлы, селқос 
қатынас арқылы жиі көрініс береді (бұл күйді ш изоф рениям ен сырқат 
науқастардағы эмоционалды кедейлену жағдайымен шатастырмау керек).
Науқас Е.И ., 54 жаста, психикалық аурулармен тұқым қуалаушылық 
ауырлығы анықталмаған. Ауылда туылған, мектепке дейінгі кезеңін өте бұ- 
лыңғыр есіне алады. Мектепке 7 жасында барған. Оқуға ешқандай қызуғушылық 
болмаған. Мінез-құлқы салмақты, аз араласатын болған, бос кезінде үй шару- 
асымен айналысқанды жақсы көрген. 20 жасында Мәскеуге көшіп келген
машинистка болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шыққан. Некеден ұл мен 
қызы бар. Мінез-құлқы сол салмақты, томаға күйінде қалған, үй шаруасымен, 
күйеуі мен балаларын күтіп, бағуды ұнатқан. 1965 жылы (науқас 46 жаста) қатты 
жақсы көрген ағасының өлімінен кейін науқастың көңіл-күйі бірден төмендеп, 
еш нәрсе істей алмай қалған. Үйқысы бұзылған, қорқыныш сезімі пайда болған, 
төсінің артында ауырлық сезімі пайда болған, тәбеті төмендеп, бір айдың ішінде 
5 кг-ға азып кеткен. Көңіл-күйінің тәуліктік тербелісі байқалып, таңертеңгі 
мезгілде өзін аса нашар сезінген. Сол кезде психиатрға алғаш рет көрініп, 
психиатриялық ауруханада 45 күн емделген. Амитриптилин, тазепам, элениум 
қабылдаған. Ауруханадан шығар кезеңінде көңіл-күйі толық тұрақталды, ұйқысы 
жақсарды, тәбеті дұрысталып, қорқыныш сезімі жойылып, төс артындағы 
ауырлық сезімі басылған. Ауруханадан шыққанан кейін қызметіне оралып, 
көңіл-күйі қалпына келді. Күйеуі мен балаларына қамқор болып, уақытының 
көп бөлігін үй шаруасына бөлген. К ейіннен 2—3 жылда бір рет түрлі 
психиатриялық ауруханаларда көңіл-күйінің төмендеуі, қорқыныш сезімінің 
пайда болуы, ұйқысы мен тәбетінің нашарлауына байланысты жатып, ем 
қабылдап тұрған. Стационарда орташа болу мерзімі 1,5—2 ай. 15 жылдық 
бақылауда науқас тұлғасында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Кәсіби міндеттерін 
дұрыс атқарып, үй шаруасымен жеңіл айналысқан, әрдайым күйеуі мен бала­
ларына қамқор болып жүрген. Өзінің сырқатына сыни көзқарас дұрыс. Көңіл- 
күйінің қашан төмендеп басталғанын анық атап береді. «Дерт» кезеңдері мен 
«сауығу» кезеңдерін анық айыра біледі.
Сырқатының соңғы ұстамасы ешқандай себепсіз дамыған. Немқұрайлылық, 
селқостық, суицидальды ойлар пайда болған.
Ауруханаға жеткізген кезіндегі психикалық күйі: орын мен уақыт бойынша 
бағдары дұрыс, бет-әлпеті мұңды, қимылы мен сөйлеуі баяулаған, кеуде 
тұсындағы ауырлық пен қысымға шағымданады. Науқас ағасының қайтыс 
болғанына өзін кінәлімін деп есептейді, оның өлімінің алдын алғанымда бұлай 
болмас еді дейді. Өлім жазасына тартылуым керек деп мәлімдейді. «Жақындарына 
туыстық сезімін» жоғалттым деп өзін кінәлайды. Тамақты мәжбүрлеумен ішеді.
Типті депрессивті күйдің келесі варианты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет