336
XXV Тарау. Маниакальды-депрессивті психоз
әуестікпен айналысқан. Жеке өмірі калыптаспаған, әйтсе де мүмкіншіліктер
болғанымен, ол өз дертімен ешкімді байланыстырғысы келмеген. Бір өзі тұрады,
тұрмысы орнықпаған. Эдебиетпен, көрмелермен белсенді
айналысады, қонақга
жиі болады. Етеккір алдында, әсіресе, жас кезінде көңіл-күйінде төмендеу
жағына карай тербелістер байкаған, ол жағдай бір аптадан бір айға дейін со-
зылатын болған.
Алғашкы ауруханаға түсуі — 45 жасында. Элжуаз күйге түсіп, жұмысқа
кабілеті төмендеген. Осы сәтте анасы кайтыс болған, анасының жаназасына
келмеген, катыспаған. Бір күн бойы төсектен тұрмай жатып алған. Ауруханаға
түскен, 4 ай емделген. Ауруханадан көтеріңкі көңіл-күймен шығып, бұл
жағдайды бақыт ретінде кабылдаған.
Белсенділік, іскерлік танытқан, көпгеген
көйлектер сатып алып, ауқымды ақша жаратқан, аударма жұмыстары бойынша
үлкен іс атқарған. Одан әрі наукаста жыл сайын маниакальды күйлер пайда
болып тұрған. Ол кезде іскерлік танытып, үлкен шығармашылық шабытпен
көптеген жоғары сапалы аудармалар жасайды. Осы кезеңдерде ретсіз көп ақша
жұмсайды, сылкымданып, танысулары жиілеген, туыстарымен керіскен.
¥стамалары, әдетте, жаз айында, екі айға дейінгі мерзімді камтыған. Туыс-
тарының бастамасымен күштеп ауруханаға жаткызылған.
Психикалық күйі: әңгімеге белсенді қатысады, сөздері монолог сипатында,
өз
инициативасы бойынш а сөйлейді, дәрігердің сөзін бөле береді. Сөзі
жылдамдаған, қатты дауыспен сөйлейді, мәнерлі, жиі жүріс-тұрысы жасанды
түрде балаларға тән сипатта. Көңіл-күйі көтеріңкі, тітіркенгіштікке тез ауыса
ды, «анасы мен әкесінің» алдында кінәлімін дейді. Жоғары алаңдағыштык
байкалады: ассоциация бойынша бір тақырыптан екінші такырыпқа ауытқып
отырады. Өзінің күйіне сыни көзқараспен қарайды, оны «күлкілі» жағдай деп
атап, оған жедел түрде көмек көрсетуді сұрайды, ем ж әне зерттеу үрдісіне
белсенді кірісіп кетті. Бөлімшеде наукастармен тез танысып, араласып кетті.
Өлеңдерін ләззат ала оқиды, кейде өлеңдерінің сипаты кұлакка оғаш, кейде
тітіркенгіш, ызалы күйге түседі. Ем нәтижесінде сабырлана түсіп,
өзінің
әрекеттерін реттей алатын жағдайға жетті.
Атипті маниакальды күйлердің ішінен көңілді манияларды (бірінші кезекге
көңілді, көтеріңкі көңіл-күй), өнімсіз манияларды (наукастар әр түрлі істерге
кіріседі, бірак олардың біреуін де аяғына дейін жеткізбейді), шатасқан мания
ларды (идеялар секірмелілігімен идеаторлы козу айқын байкалады), ызалы
манияларды (жоғары тітіркенгіштікпен, ызамен жүреді) ажыратады.
Кейде баска да атипті маниакальды күйлер кездеседі. Жоғары психикалык
ж әне моторлы белсенділік жағдайында наукастарда көтеріңкі көңіл-күй
бакыланбайды. Олардың күйінде тітіркенгіштік, козғыштык және ызалылык
басым болады.
МДП динамикасы әр түрлі болуы мүмкін. Жиі депрессивті де және маниа-
калды да ұстаманың пайда болуы бакыланады (аралас типтегі ағым). Сондай-ак,
дерт динамикасында тек маниакальды немесе депрессивті ұстамалардың пай-
да болуы мүмкін (униполярлы типтегі ағым), сондай-ак континуальды ағым
нұсқалары (жалғасқан) болуы мүмкін, бұл кезде депрессивті күйлер аш ық
аралықсыз маниакальды күйге ауысады. М Д П -пен сырқат наукастарда
Этиология жэне патогенез
337
аффективті бұзылыстардың айқы нды лы қ дәрежесі әр түрлі, аффективті
бұзылыстардың жеңіл формалары әдетте, субдепрессивті және гипомания деп
аталады. Жиі аффективті бұзылыстар сырқаттың
барлық барысында айқын
емес сипатта болып, субдепрессиялармен, гипоманиямен байқалады. Аурудың
мұндай формасы «циклотимия» деген атауға ие болды.
Аурудың динамикасында белгілі бір заңдылықтар байқалады. Алғашында
жиірек маниакальды ұстамалар кездеседі, одан ары қарай олар сиреп, депрессивті
ұстамалар басым болады. Үстамалардың ұзақтық мерзімі де өзгереді. Сырқаттың
алғашқы кезеңінде олар қысқа және даму дәрежесіне қарай ұзара бастайды,
осыған сәйкес ашық аралықтар — ұстама аралық кезендер қысқарады. Үстама
аралық кезеңдерде психопатологиялық симптоматика бақыланбайды. Дегенмен,
жеңіл аффективті тербелістер болуы мүмкін, көңіл-күйдің төмендеуі, жиі таңғы
сағаттарда бақыланатын енжарлық байқалады. МДП үшін ұстама аралық кезеңде
психикалық денсаулықтың толық қалыптасуы тән. Науқастар ауруға дейінгі
кезеңдегі күйлеріне қайта түседі. Мұндай күйлер арнайы «интермиссия»
терминімен аталады. Бұл терминнен науқастың психикалық денсаулығының
толық қалыптасуы, оның барлық дертті психопатологиялық көріністерден
арылуын түсінеміз. Ремиссиялар кезіндегідей науқаста басынан өткен ұстаманың
қалдық симптомдары немесе аурумен шақырылған
кейбір өзгерістер қалуы
мүмкін. Интермиссиялар кезінде, преморбидтік (ауруға дейінгі кезең) кезеңмен
салыстырғанда, науқас тұлғасының кейбір өзгерістері болуы мүмкін. Бірақ
мұндай өзгерістер жастық факторлармен, атеросклерозбен және т.б. байланы
сты болуы мүмкін. МДП-пен сырқат науқастар ұстама кезеңінде үнемі бақылауды
қажет етеді. Депрессивті күйде науқастар жиі тамақтан бас тартады. Осыған
байланысты науқастардың тамақтануын қадағалап отыру қажет. Кейде айқын
депрессиялық күйдегі науқастарды мәжбүрлеп тамақтандыру қажет болады. Бұл
науқастар жиі суицидальды ойлар айтады, жиі сол ойларын іске асыруға тал-
пыныс жасайды. Маниакальды науқастар өз күйлерінің ерекшелігіне байланы
сты өзіне немесе жақындарына зиян келтірулері: бейтаныс адамдармен қарым-
қатынасқа түсіп, заттарын, ақшаларын тарту ету және т.с.с. кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: