Еңбекке қабілеттілікті бағалау жэне басқа сараптамалық мэселелерді шешу
339
прессия кезінде транквилизаторлық әсері бар антидепресанттарды нейролеп-
тиктермен бірге беру тиімді. Мұндай үйлестіру М ДП-тың атипті түрлерінде,
ұстамалар құрамында
аффективті бұзылыстардан өзге, галлюцинаторлы,
сандырақтық құбылыстар орын алғанда қолданылады.
Депрессияның жеңіл
формаларында, әсіресе, бұл күйлер үреймен қосарланған жағдайларда транк-
вилизаторды қолданған дұрыс. Депрессивті күйлерде үнемі ұйқы бұзылысы
бақыланады. Мұндай жағдайда ұйықтататын препараттар тағайындау көрсетілген:
эуноктин және т.б. МДП емінде литий тұздары кеңінен қолданылады. Олар
ұстама кезеңінде де ж әне ұстама аралық кезеңдерде де
профилактикалық
мақсатта қолданылады. Бұл препараттардың маниакальды күйдің алдын алуда
тиімділігі жоғары.
Кейбір науқастарда, әсіресе, депрессивті науқастарда түрлі антидепресант-
тарды қолдану нәтижесіз болады (резистентті түрлері). Бұл жағдайда препарат-
ты бірден алып тастау керек. 1—2 апта бойы науқас бір мезгілде тоқтатылатын
препараттардың төмен дозасын қабылдайды. Препаратты тоқтатқаннан кейін
бірнеше күн өткен соң (науқастың жағдайына байланысты) препаратты беруді
аз дозадан қайта бастайды. Төзімділікті қайтара алмаған жағдайда,
осындай
тоқтатуларды аздаған аралықтардан кейін қайталап отыру қажет. Төзімділікпен
күрес үшін 3—5 инъекция мөлшерінде сульфазинотерапия курсын қолдану
көрсетілген (науқастың соматикалық жағдайы көтерген жағдайда).
Емнің барлық түріне төзімді депрессивті күйлер
орын алғанда, ең соңғы
қолданылатын әдіс электротырысулық терапия болып табылады.
Психотропты
және литий тұздарымен терапия жүргізгенде науқастың соматикалық күйін өте
ұқыпты қадағалап отыру қажет.
Соматовегетативті функциясы онсыз да тежелу жағдайындағы депрессивті
науқастарда антидепрессанттардың әсерінен ұзақ уақыт бойы үлкен және кіші
дәреттің тежелуі бақылануы мүмкін. Литий тұздарын қолдану су және электро
лит алмасуының балансын бұзуы мүмкін. Осы жағдайлардың барлығы
науқастардың соматикалық күйін егжей-тегжейлі тексеріп отыруды және үнемі
лабораториялық зерттеулер жүргізіп отыруды талап етеді.
МДП-ның біріншілік профилактикасы медико-генетикалық кеңестің міндеті
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: