352
ХХѴІ Тарау. Кәрілік кезеңнің психикалық аурулары
көпгеген айлар, кейде жылдарды кұрайтын ұзак психотропты терапия кажет.
Эр түрлі жанама әсерлердің алдын алу максатымен нейролептиктермен тера-
пияны олардың корректорларымен (артан, циклодол)
біріктіріп тағайындау
керек.
Пресенильді кезеңде жиі кездесетін депрессияның созылмалы түрін емдеу
үлкен киындыктар туғызады. Бұл жағдайдағы науқастарға көптеген психотроп-
ты заттармен байланысты терапия колдануға тура келеді. Оларда жиі
нейролептикалык интоксикация кұбылысы және әр түрлі асқынулар кездеседі.
Бұл жағдайда басты синдромды ескере отырып, индивидуалды тәсілді қолданған
дұрыс. Психотропты терапияға резистенттілік түзілген депрессиямен сыркат
наукастарға электротырысулык терапия колдануға болады.
Депрессивті күйлердің алдын алу үшін литий тұздары кеңінен колданылады.
Дегенмен, бұл ем түрі үлкен сактыкпен жүргізілуі тиіс, өйткені, оның карсы
көрсеткіштерінің тізімінде егде жас кезеңі мен жүрек-кан тамыр жүйесінің
аурулары бар. Литий тұздарымен емдеуде наукас
канындағы литий кұрамын
жүйелі түрде бақылап отыру кажет.
Егде жастағы адамдардағы дементті формалардың терапиясы, ең алдымен,
наукастардың канағаттанарлык физикалык жағдайын сүйемелдеп тұруға және
психотропты заттар көмегімен психопатологиялык продуктивті симптомати-
каны басуға бағытталған.
Егде жастағы наукастардың психикалык бұзылыстарының профилактика-
сы нда со м ати кал ы к ж ән е и н ф ек ц и я л ы к ауруларды ң алды н алу,
психожаракаттаушы жағдайларды болдырмаудың маңызы зор.
Соматикалык
аурулардың пайда болуын егде тартқан адамдар жалпы толымсыздык және
жасқа байланысты өзгерістер ретінде кабылдайды, ал психикалык ауыткулар
өздігімен оларда теріс реакция тудырмайды. Егде
адамдар жиі психикалык және
соматикалык жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің өмірдегі орны, мәні
жөнінде көп ойланып-толғанады. Бұл мәселені шешуде психотерапиялық
әсердің және әлеуметтік оңалтудың үлкен көмегі бар.
Достарыңызбен бөлісу: