Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет203/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Тулғаның эпилепсиялыц өзгерістері.
Эпилепсияға психикалық үрдістердің 
оталғыштығымен қатар жүретін торпидтілігі (инерттілігі) тән, ол байымды, 
кейде тұтқыр ойм ен (сөзіндегі, жазуындағы), аса ұқы пты лы қ ж ән е 
педанттылықпен ерекшеленеді. Науқастың қызығушылықтар шеңбері тек өзінің 
дертіне, жеке тұлғасына қатысты. Қоршаған ортамен қатынасы деспотты, ұсақ- 
түйектер бойынша жоғары талап қояды. Эпилепсиямен сырқат науқастарға бос 
ізденіс, «әділетке» ұмтылыс, жоғары «адамгершілік» пен «өнеге» үшін қатаң 
күрес жүрізу тән.
Эпилепсиямен сырқат науқастар аса ашушаң, жылдам тітіркенеді, аффектілері 
торпидті, ыза, қаталдықпен бірге жүреді ж әне айқын агрессиямен көрінуі 
мүмкін. Науқастар ренішін ұзақ уақыт есіне сақтап, кек алуға тырысады. Осы 
кезде басқа адамдарға немесе өзін ренжіткен адамдарға қатысты аса мейірімділік, 
жағымпаздық танытуы мүмкін.
Науқас М., 53 жаста II-ші топ мүгедегі. С.С. Корсаков атындағы психиат- 
риялық клиникада стационарлық ем қабылдаған. Тырысулық ұстамаларының 
жиілегеніне, әлсіздікке, бас ауыруына шағымданады.
Тұқымында психикалық аурулар бақыланбаған. Науқастың анасы 72 жаста, 
дені сау, мінез-құлқы кішіпейіл, мейірімді. Әкесі соғыста қайтыс болған. Кіші 
қарындасы 48 жаста, дені сау.
Науқас I-ші жүктіліктен, мерзімінде туылған. Босану уақыты созылмалы, 
акушерлік қысқыштар қатысуымен болған. Балалық шағы ешқандай ерек- 
шеліксіз. Өз қатарынан қалмаған, бірақ біршама әлсіз, пассивті болған, жиі 
құсу байқалған. Мектепке дейінгі мекемелерге барған. Барлық пәндер бойын- 
ша біркелкі оқыған. Достарымен жақсы араласқан, тату болған. Балалық шақ 
ауруларынан инфекциялық аурулармен ауырған, 13 жасқа дейін түнгі энурезбен 
зардап ш еккен, түнде ұйқысы тынышсыз, жиі оянатын болған. Кейін бұл 
құбылыстар жойылған. 8 сынып бітіргеннен кейін ұста болып жұмыс істеген. 
Жұмысты адал, ұқыпты атқарған, ешқандай ескертулер болмаған Әскери бо- 
рыштан босатылған. Зауыт маңындағы кешкі техникумды бітірген. 21 жасынан 
бастап мастер болып жұмыс істеген. Әрқашан ынталы және адал қызмет еткен. 
Алкогольдік ішімдіктерді қолданбайды. 50 жасында психикалық ауруына бай­
ланысты 2-ші топ мүгедектігі тағайындалған. Жұмыс істемейді.
18 жасында алғаш тырысулық ұстама болған, әріптестерінің айтуы бойынша, 
жұмыстан келе жатқанда кенеттен құлаған, денесі қалшылдай бастаған, со-


Эпилепсия кезіндегі психикалық бүзылыстар
355
нымен бірге кіші дәретін жіберіп койған және еріксіз дефекация катар жүрген. 
Осыдан кейін ұстамалар жарты жылда 1—2 рет кайталанып отырған.
22 жасында ұстама жиілеген және ай сайын кайгаланған. Амбулаторлы ем 
кабылдаған. Пароксизмдер сиреген (жылына 1—2 рет), бірак туыстары кезеңмен 
пайда болатын сана бұзылыстарын жиі байқайтын болған, бұл жағдайда наукас 
бірнеше секундка бастаған ісін токтаткан, колымен максатсыз козғалыстар 
жасаған, арты нан оянған тәрізді болып бастағанын жалғастырған. Бұл 
кұбылыстар аптасына 2—3 рет бақыланған.
38 жасында наукаста бас ауырулары пайда болған. Жайбасарлык танытқан. 
Кадрлар бөліміне кызметін ауыстырған. Өте ұкыпты, кызметкерлерге талапшыл 
болған. Бас ауырулары жиілеген. Жұбайымен ж әне кызымен жиі керісетін 
болған. Жұмысында жай кимылдап, өзіне жасаған ескертпелерді ауыр кабыл- 
даған, әріптестерімен сөзге келіп калып отырған. 50 жасында кәсіби деңгейінің 
төмендеуіне байланысты 2-ші топ мүгедектігі тағайындалған. Эр түрлі 
психиатриялық ауруханаларда ж әне С.С. Корсаков атындағы М ОЛГМ И 
психиатриялық клиникасында көп рет емделген. Қазіргі кезде жұмыс істемейді, 
шамамен аптасына 1 рет амбулаторлы автоматизм түрінде пароксизмдер болып 
тұрады.
Соматикалык жағдайы: дене бітімі дұрыс, тамактануы канағаттанарлык. Тері 
жамылғысы түсі калыпгы, таза, шынтағы мен маңдайында ескі тыртыктар бар. 
Жүрек-қан тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және ас корыту органдары пато- 
логиясыз.
Неврологиялық жағдайы: оң жак кабағының жеңіл птозы байкалады, баска 
ошактык неврологиялык симптоматика бакыланбайды.
Психикалык жағдайы: наукас орын және өзіндік тұлғасы бойынша дұрыс 
бағдарланған, бірак накты күнді айгуда киналады, ай мен жылды дұрыс атады. 
Қарым-қатынаска түседі. Қойылған сұрактарға күрделі, пайымды жауап береді, 
жауаптары әрқаш ан қойылған сұрақ төңірегінде емес, өз жағдайындағы 
бұзылыстар жөнінде әңгімелеуге көшіп кетеді. Наукастың сөйлеуі баяулаған, 
монотонды, сөзшең, бірак сөз коры шектелген.
Наукас сана жоғалту кезеңдеріне және осы кездегі артынан толык амнезия- 
ланатын еріксіз кимылдарға, бас ауыруларына, әлсіздікке шағымданады. Гал- 
люцинаторлы және сандырактык бұзылыстары жок. Наукастың бар зейіні өз 
дертіне бағыгталған. Айтарлықтай дәрежеде жады өзгерісі байқалады. Көңіл-күйі 
тербелмелі. Кеңпейілділік және кайырымдылык фонында тітіркену ұстамалары 
пайда болады. Наукастармен және медицина кызметкерлерімен тәртіп сактау 
мәселесіне байланысты керісіп калады. Кекшіл. Өз жағдайына сын көзқарас 
жоқ. Өмірінің негізгі мақсаты өз денсаулығын корғау деп санайды.
Қан мен зәрдің клиникалык талдауларында патологиялык өзгерістер жоқ. 
Элекгроэнцефалографиялык зерттеуде ошакты билатеральды пароксизмальды 
белсенділік, ареактивтілік және десинхронизация кұбылыстары аныкталды.
Бас сүйегінің рентгенографиясында өзгеріс жок.
Диагнозы: айқын тұлғалык өзгерістері бар эпилепсия.
Эпилепсия үдемелі дамығанда, осы ауруға тән 
ақылкемдігінің
де көріністері 
үдей түседі. Эпилепсиялык акылкемдігінің патофизиологиялык мәні жүйкелік


356
ХХѴІІ Тарау. Эпилепсия
(психикалық) үрдістердің инерттілігі болып табылады. Клиникалық тарапынан 
бұл ақылкемдігі ойлау патологиясынан көрінеді, ол қиын ауыспалы, баяу, 
персеверативті (бір ойды қайталай беру, маңыздысын ажырата алмау) сипатта 
болады. Науқастар ұсақ-түйекте шатасып, ойы детализацияланған сипат алады, 
әңгіменің түйінін жоғалтады.
Науқастар көп сөзді, қажетсіз нақтылықтарға толы. Ауру бір фазаны, сөз 
айналымдарын («тұрақты айналымдар»), сөздерді жиі қолданады. Біртіндеп 
оларда жады төмендейді, әсіресе, қысқа уақы пы оперативті жады зардап шегеді, 
әңгімелесу кезінде ой жинақылығы төмендейді. Білім қоры тапшылау. Үмтылыс, 
ынта, талпыныстары және ойлары жеке өзінің «Мені» айналасымен шектеледі.
Эпилепсиямен сырқат науқастың ақылкемдігіне баға беруде оның ауырғанға 
дейінгі интеллект деңгейін және де эпилепсияның міндетті түрде ақыл кемдігіне 
әкелмейтіндігін ескеру керек.
Эпилепсиядан зардап шеккен адамдардың жоғары интеллектуалды қабілетін 
сақтап қалғаны жөніндегі жайттар белгілі.
Эпилепсия ағымы созылмалы, үдемелі, дерт жиі балалық немесе жасөспірім 
кезде пайда болады, біртіндеп пароксизмдер жиілейді және тұлғалық өзгерістер 
тереңдей түседі. Дегенмен, дертті үрдістің кідіріп, тоқтайтын жағдайлары да 
(5-10% ) бақыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет