Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА



Pdf көрінісі
бет202/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

СОТТЫҚ-ПСИХИАТРИЯЛЫҚ САРАПТАМА
Дөрекі психикалык бұзылыстар нәтижесінде егде жастағы адамдар коғамға 
қауіпті әрекет жасаулары мүмкін, сонымен қатар, азаматтық міндеттерін 
толыкканды орындауға және өздерінің азаматтык кұкыктарын дұрыс пайдалануға 
кабілетсіз күйге түсулері мүмкін.
Бұл адамдар кылмыстық жауапкершілікті кажет ететін іс жасаған жағдайда 
немесе олардың азаматтык істерге катысты әрекеттерінің дұрыстығына, 
саналылығына күмән туғанда соттык-психиатриялык сараптама жүргізіледі. 
Бірінші жағдайда — олардың саналылығы (есі дұрыстығы) жөніндегі, ал екінші 
жағдайда — кабілеттілігі, яғни, өзінің азаматтық істерін дұрыс жүргізе алуы мен 
азаматтық кұқығын колдана алу мүмкіндігі мәселесі шешіледі.
Психикалык бұзылыстары айкын наукастар кабілетсіз болып табылады.


ХХѴІІ Тарау 
ЭПИЛЕПСИЯ
Эпилепсия
— пароксизмальды бұзылыстар кездесетін психикалык үрдістердің 
торпидтілігіне және типті мнестико-интеллектуальды акылкемдігінің дамуына 
байланысты үрдіспен тұлғаның өзіне тән өзгерістері аркылы көрінетін созыл- 
малы үдемелі психикалык ауру.
Аурудың көріністері ежелден белгілі және оны Гиппократ сипаттап кеткен. 
Ол эпилепсияның «кұдіретті» дерт екендігін жокка шығарды. «Эпилепсия» 
термині егаХараю деген грек сөзінен шыккан, яғни, кенет кұлау, кенеттен бір 
күш кармауына түсу дегенді білдіреді. Ежелгі кезеңде эпилепсияны Геркулес 
ауруы, касиетті, кұлау дерті деп атаған.
Қазіргі кездегі мәлімет бойынша, эпилепсияның таралуы 1000 тұрғынға 
шакканда, 5—8 жағдайды кұрайды. Балалар мен жасөспірімдерді жаппай тек­
серу тәсілімен жеке зерттеулер мәліметі бойынша, бұл аурудың таралуы 
100 балаға шакканда 0,12-1,49-ға тең.
ЭПИЛЕПСИЯ КЕЗІН Д ЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Эпилепсияның клиникалык көрінісі әркилы болып келеді, бірак олардың 
ішінен синдромдардың негізгі үш тобын бөліп алуға болады: пароксизмальды 
бұзылыстар — қы сқа уақыттық тырысулық ж әне тырысусыз ұстамалар; 
эпилепсиялық психоздар (жедел, созылыңкы, созылмалы); тұлғаның эпилеп- 
сиялык өзгерістері — мінез-кұлык пен интеллекгінің типті патологиясы.
Пароксизмальды бузылыстар.
Пароксизмальды бұзылыстар ішінде аса тән 
болып келетіні 
үлкен тырысулык, устама
болып табылады, дегенмен, эпи- 
лепсияның (сирек кездесетін) үлкен тырысулык ұстамаларсыз формалары да 
бізге белгілі.
Үлкен тырысулык ұстама алдында науқастардың тең жартысында дерлік 
бірнеше күн немесе тәулік бұрын хабаршы белгілер бақылануы мүмкін: жалпы 
жағдайы, көңіл-күйі өзгереді.
Күрделі, генерализацияланған үлкен тырысулык ұстама кейбір наукастарда 
аурадан басталады (грек сөзінен aura — леп, самал).
Аураның формалары әр түрлі болады, бір наукаста ол, әдетте, бір түрімен 
шектелген немесе бірнеше типте болады. Жиі кездесетін түрлері — сенсорлы, 
психикалык, вегетативті-висцеральды.
Эпилепсия кезіндегі пароксизмальды бұзылыстардың басқа түріне 
кіші
устамалар
(petit mal), 
абсанстар, амбулаторлы автоматизм жағдайы
және 
дис­
фория
жатады.


354
ХХѴІІ Тарау. Эпилепсия
Эпилепсиялыц психоздар.
Эпилепсиялық психоздар пароксизмальды тыры- 
сулық синдромдардың жалғасы, трансформациясы ретінде, олардың эквиваленті 
түрінде немесе олардан тәуелсіз пайда болуы мүмкін.
Эпилепсиялық психоз клиникалық көрінісінде жиі параноидты, параной- 
ялы (әдетте қарапайым сипаттағы қатынас, соңына түсу сандырақтарымен, 
ипохондриялық сандырақпен) галлюцинаторлы-параноидты, делириозды, 
депрессивті және кататониялық синдромдар байқалады. Бұл синдромдар үрей, 
қорқыныш аффектісімен жүреді, әдетте, олар эмоционалды қаны қ болып 
келеді.
Эпилепсиялық психоздар ағымына қарай жедел, жеделдеу және созылмалы 
болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет