Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ



Pdf көрінісі
бет204/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Эпилепсияны белгілі бір нақты ауру кезінде бақыланатын эпилептиформды 
синдромнан ажырату қажет: ми ісігі, ми мерезі, ми қан тамырлық аурулары
энцефалиттер, истериялық ұстамалармен жүретін невроздар және т.б.
Эпилепсияны дифференциалауды қажет ететін аурулар тобы өте көп — 
балалық шақтағы спазмофилиядан бастап кәрілік жастағы мидың атрофиялық 
ж әне қан тамырлық зақымдануларына дейінгі аралықта. Эпилепсияны бұл 
аурулардан ажырату үшін клиникалық сипаттамасын толықтай қарастыру қажет. 
Үстамалардың шығу тегіндегі айырмашылықтар осы ауруды ерте анықтау мен 
сәйкес ем қолдану үшін маңызды. Әр түрлі аурулар кезіндегі эпилептиформды 
синдромдар бірдей емес, клиникалық көріністері, жиілігі, дамуы, ұстама аралық 
жағдайлардың ерекшелігімен, басқа да клиникалық ж әне параклиникалық 
белгілерімен ерекшеленеді.
Эпилепсияны бірінші кезекте ми ісігі кезіндегі эпилептиформды синдром­
нан ажырата білу керек. Бұл ісіктерге Джексондық ұстамалар тән (локальды, 
бұлшық еттер тобының тырысуларынан басталады. Мысалы, сол қол немесе 
аяқтың, дененің басқа бұлшықет топтарына таралмайды), бұлар эпилепсия 
кезінде кездеспейді. Ми ісіктеріне фокальды пароксизмдер тән: дәм сезу және 
иіс сезу галлюцинациялары, афатикалық бұзылыстар, бір жақты парестезиялар. 
Жалпы милық синдромдар, неврологиялық бұзылыстар ми ісігінің клиникалық 
сипаттамасын эпилепсиядан ажыратып тұрады.
Истериялық ұстама кезінде эпилепсиядан айырмашылығы, сана толығымен 
жойылмайды, науқас қоршаған орта тітіркенгіштеріне жауап береді және жиі 
науқастармен контактіге түсу мүмкін болады. Истериялық ұстамалар, ереже


Этиологиясы жэне патогенезі
357
бойынша, психикалық жарақаттан кейін пайда болады. Үстамадан кейін науқас 
санасы қалпына келеді, ал эпилепсиядан кейін кома жағдайы, сопор немесе 
ұйқыға ауысатын есеңгіреу жағдайы дамиды.
Эпилепсия ұстамасы кезінде естеліктер толығымен жойылады, ал истериялық 
ұстамада олар сақталады. Эпилепсиялық ұстама кезіндегі фазалар ретті болып 
келеді, ал истериялықта бұл болмайды. Истериялық ұстама кезінде науқастың 
көз қарашығының жарыққа әсері сақталған, эпилепсиялық ұстама кезіндегідей 
патологиялық рефлекстер байқалмайды. Эпилепсия кезінде ЭЭГ-да эпилеп- 
сиялық белсенділік белгілері, ұстама кезінде — барлық әкетулерде жоғары 
амплитудалы жиі және баяу тербелістер, пик тәрізді топлқындар болады. Үстама 
аралы қ кезеңде өкпе гипервентиляциясы жағдайында жедел ж әне баяу 
толқындар пайда болады.
Арахноидиттер мен энцефалиттер кезінде полиморфты белгілері бар күрделі 
фокальды ұстамалар байқалады. Вегетативті және вестибулярлы бұзылыстар 
орын алады. Үстамалар жиі дене қызуыныщ жоғарылауымен, тыныс алу 
бұзылуымен байланысты жүреді. Үстамалар аса өзгермелі келеді. Психикалық 
бұзылыстар астениялық симптомдармен, жады төмендеуімен, зейін әлсіреуімен, 
аффективті бұзылыстармен көрініс береді.
Эпилепсияны бас миыныщ цистицеркозы нан ажырата білу керек, бұл 
аурудың үштен бір жағдайында эпилептиформды ұстамалар байқалады. Ци- 
стицеркоз кезіндегі пароксизмдердің клиникалық сипаттамасы құрылымы мен 
ұстама басталуына қарай әр түрлі болып келеді, жиі фокальды ұстамалар 
кездеседі. М ұнымен қатар, ми цистицеркозы кезінде эпидемиологиялық 
талдаудың, неврологиялық және офтальмологиялық зерттеулер мәліметтерінің 
маңы зы зор. М аңызды диф ф еренциалды -диагностикалы қ критерий — 
ликвордағы цистицеркоз антигенімен компелемент байланысу оң реакциясы, 
аурудың интермиттирлеуші ағымы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет