Олигофрения кезіндегі психикалық бүзылыстар
361
дағдысын да игермейді. Олардың қозғалыстары жеткіліксіз координацияланған,
м имикасы біртекті. Сыртқы әлпеттері өздеріне тән ж әне дене бітімінің
бұрыстығымен, пропорционалды еместігімен, бет сүйегінің, мускулатурасының
ассиметриясымен, бас сүйегінің кіш кентай немесе аса үлкен
болуымен
ерекшеленеді.
Ойлау қабілеті күрт бұзылған және оның бұзылысының айқындылығы оли
гофрения түріне байланысты болады. Науқастарда аналитикалық, әсіресе,
синтездік ойлау қызметіне қабілет болмайды. Тек олигофренияның жеңіл
түрінде аса шектелген аналитикалық ойлау қабілеті болады.
Эмоционалды сферада төменгі дәрежелі
эм оциялар басым болады,
аффектілері дифференцацияланбаған және толымсыз.
Еріктік үрдістер элементарлы әуестіктермен, мақсатты әрекеттерді орында-
уда қабілетсіздік немесе жеткіліксіздікпен көрінеді.
Олигофрения кезіндегі психикалық бұзылыстар өте тұрақты және өмір бойы
сақталып қалады.
Психикалық даму артта қалуының үш дәрежесін ажыратады (психикалық
бұзылыстардың тереңдігі мен ауырлық дәрежесі бойынша) — идиотия,
имбецильдік және дебильдік. Олигофренияның бұл формаларының барлығы
адам қызметтері зақымданулары акцентімен —
ойлау ж әне адамзаттың
филогенетикалық ежелгі инстинктивті ерекшеліктерінің салыстырмалы түрде
сақталып қалуымен, психикалық даму артта қалуының глобальды сипатымен
бірігеді.
Идиотия
(грек тілінен
idioteia
— көргенсіздік) — олигофренияның аса ауыр
формасы, оларға қоршаған ортаға жеткіліксіз реакция тән (реакция болмайды
немесе адекватсыз, дифференциаланбаған). Сөйлеу әдетте дамымайды, айнала-
сындағылардың сөзі үлкен қиындықпен қабылданады, олардың мәнін түсінбейді,
тек интонация қабылданады. Идиотиямен сырқат науқастар сырттан үнемі
күтімді қажет етеді ж әне олардың көмегінсіз өмір сүруге қабілетсіз. Олар
қоршаған ортадағы жайттарға мүлдем қатыспайды, пассивті және ашығу, тоңу
тәрізді сезімдерге түсініксіз дыбыстармен элементарлы реакциялар танытуы
мүмкін. Эмоциялары өте кедей және өздерін қалай сезінгендігіне, элементар
лы қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты болып келеді. Жиі
ашу-ыза аффекті айқын болады, ол қоршаған
адамдарға ж әне өзіне деген
агрессияға бейімділікпен, қим ы лды қ қозу ж ағдайымен көрініс береді.
Олигофрендердің әрекеттері (идиотия сатысында) — инстинктивті автоматты
актілер немесе сыртқы тітіркендіргіштерге элементарлы қимылдық реакциялар
түрінде болады.
Бұл психикалық ерекшеліктер дөрекі физикалық дефектілермен (айқын
диспластика, бас сүйек және қаңқа деформациясы) бірге жүреді, неврологиялық
симптомдар (салданулар, парездер, тырысулық пароксизмдер) бақыланады.
Идиотияның сипатталған көріністері өте тұрақты
және терапиялық әсер
тиімділігі төмен.
Достарыңызбен бөлісу: