Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет192/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭТИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗ
Бұл мәселелер әлі де толық анықталмаған. М ДП дамуында аффективті 
психоздармен тұқым қуалау ауырлығына үлкен мән берілетіні мәлім, дегенмен, 
сырқаттың дамуына қандай да гендердің бірі жауапты ма, әлде бірнеше ген 
жауапты ма, ол әлі анық емес. Пробанд жанұясында аффективті психозбен 
сырқат науқастың болуы (әсіресе, ата-анасының) МДП-пен ауыру қауіптілігін 
едәуір жоғарылатады.
МДП монозиготалы егіздерде жиі кездеседі және 50% астамын құрайды. 
МДП әйелдерде өте жиі кездеседі (екі есе). Сырқаттың пайда болуында жынысқа 
қандай да бір байланыстылық бар тәрізді. Сондай-ақ, науқастардың преморбидтік 
ерекшеліктері де байқалған. Мұндай адамдар аффективті тербелістерге, көңіл- 
күйдің негізсіз жоғарылауы немесе төмендеуіне бейім келеді. МДП патогенезін 
зерттеу соңғы жылдардағы психотропты препараттардың, соны ң ішінде


338
XXV Тарау. Маниакальды-депрессивті психоз
антидепрессивті дәрмектердің емдік әсерінің механизмін зерттеудің аркасында 
жеңілдей түсті. Маниакальды күйде тиімді әсер беретін неролептиктер дофамин 
рецепторларын тежейді. Бұл деректер әйгілі ғалым В.П. Протопоповтың және 
оның мыңдаған шәкіртгері зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес келеді. Олар МДП 
патогенезінде симпатикалы к жүйке жүйесінің ж әне көмірсу алмасуының 
бұзылыстары маңызды екендігін айтып кеткен еді. Қазіргі кезде МДП даму- 
ында сыртқы колайсыз факторлардың рөлі (психогендік сипатта) жөнінде 
сенімді мәліметтер жок.
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
М Д П -ны клиникалы к көрінісінде аффективті бұзылыстар басты рөль 
аткаратын бірнеше сыркат түрлерінен дифференциалау керек. Ол аурулардың 
ішінен, бірінші кезекте, инволюциялық меланхолияны және шизофренияның 
кезеңдік түрін атап өту керек. Бұл сырқаттарды МДП-дан айыру критерийлері 
сәйкес тарауларда көрсетілген. Бұдан бұрын айтылғандарға келесілерді косуға 
болады: М Д П -ны ң депрессивті күйінде көщ л-күйдщ тәуліктік тербелісі 
байқалады: таңғы мезгілде нашарлай түседі, ал кешкі мезгілде жақсарады. 
Қайғы-мұң айқын, үрей типті көрінісі болып табылмайды. Ш изофренияның 
кезеңдік түрінен айырғанда, МДП кезіндегі ұстамалар аффекгивті патологиямен 
сипатталады. МДП ұстамаларына күрделі кұрылымды аффекгивті синдромдардың 
баска синдромдармен косарлануы тән емес. Мысалы, сандырактык, (өзін-өзі 
кінәлау, кемсіту және нигилистік сандырактардан баскасы) галлюцинаторлы 
синдромдармен т.б. ОЖЖ-нің органикалык зақымдалуы кезінде бақыланатын 
аффективті бұзылыстар МДП кезіндегідей айқын эмоциялык бұзылыстармен 
көрінбейді. ОЖЖ органикалык ауруларында аффективті синдромдар (депрес- 
сивті, сондай-ак, маниакалды) күңгірттеу, баска психикалык бұзылыстардың 
наукастың эмоциялык күйімен айкын байланыстылығы болмайды. Депрессия 
жиі енжарлық, апатиямен көрінеді. Маниакальды күйлер өнімсіз, психомотор- 
лы белсенділіктің сәйкес көтерілуімен бірге жүрмейді. М ДП -ны жоғарыда 
аталып кеткен сыркаттардан айыру үшін бұл дерттің динамикасындағы ерек- 
шеліктерді ескеру керек: ұстамалардың кайталануы және ашык аралыктың — 
интермиссияның болуы, тұлғаның психоорганикалык немесе шизофрениялық 
тип бойынша өзгерістерінің болмауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет