Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет179/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Үзіліссіз ағымында
ауру катерлі дамиды және 3 -5 жыл ішінде 
ауыр, тұлғаның соңғы өзгерісі жағдайына алып келуі мүмкін. Соңғы күйдің 
типті формасы апатиялык акыл кемдігі болып табылады: наукастар әрекетсіз, 
ешнәрсеге катыссыз, сөздері монотонды. Оларды карапайым жұмыстарға ба­
улу киын. Соңғы жағдай көрінісі ортак тән белгілермен көрініс бере тұра, 
әр түрлі болып келеді. Тұлғаның өзіне тән ауыр өзгерістерімен: апатия, аутизм, 
ойлау бұзылыстарымен катар, баска да психикалык бұзылыстар болуы мүмкін, 
олар бірігіп соңғы жағдайлардың кең спектрін кұрайды.


316
ХХІѴ Тарау. Шизофрения
Қосы мш а психикалы қ бұзылыстарға ф антастикалы қ жүйеленбеген 
сандырақтық идеялар, галлюцинациялар, ойлаудың шизофазиямен көрінетін 
ерекше бұзылыстарын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай қолайсыз нәтиже 
шизофренияның қатерсіз ағымында да байқалуы мүмкін, бірақ аурудың ұзақ 
ағымынан кейін дамиды. Ш изофренияның үзіліссіз ағымының өзінде де са- 
лыстырмалы түрде қолайлы нәтиже болуы мүмкін. Ауру дамуының жеке саты- 
ларында ж әне де кейінгі кезеңдерінде де дертті үрдіс психиканың терең 
зақымданбаған симптомдарымен (тұлғаның айқын өзгерістерінсіз невроз және 
психопатия тәрізді, редуцирленген галлюцинациялар және сандырақтық иде- 
ялар арқылы) көрінуі мүмкін. Осындай жағдайларға және аурудың белгілерін 
толық жоюға ем нәтижесінде қол жеткізуге болады.
Үстама тәрізді ағымда
ауру ұстамаларының ашық аралықтармен кезектесуі 
бақыланады. Ауру ұстамасы жедел психопатологиялық жағдайлармен сипат- 
талады. Галлюцинациялық, сандырақтық немесе басқа психопатологиялық 
көріністер эмоциялық кернеліс күйімен — қорқыныш, депрессия, көңіл-күйдің 
көтерілуімен, кейде сана бұзылысымен бірге жүреді. Аурудың ұстама тәрізді 
ағымында науқас тұлғасының өзгерістері айқы н болмайды. Тұлғаның бұл 
өзгерістері жөнінде ұстама аралық кезеңдерде ғана дөп басып айтуға болады, 
өйткені, ұстама кезінде олар аурудың психопатологиялық көріністерімен 
бүркемеленеді. ¥стамалар санының көбею дәрежесіне байланысты науқастардың 
тұлғалық өзгерістері күшейе түседі. Сонымен бірге, ұстама аралық кезеңде 
байқалатын қалдық симптомдар да күшейеді. Науқастарда ұстама саны оның 
өмір кезеңінде әр түрлі, көбіне 2—3 рет болады. Ауру ағымының көрсетілген 
нұсқалары бір науқаста қатаң сақталмайды. Үзіліссіз ағымнан ұстама тәрізді 
ағымға өтіп немесе керісінше болуы мүмкін. Дегенмен, ауру ағымындағы ортақ 
үрдіс анық көрініп тұр, науқас жағдайы мен дертті күйдің келесі динамикасы 
арасында тәуелділік бар, бұл байланыс дерттің жақын арадағы және де алыс 
кезеңдегі салдарын болжауға мүмкіндік береді.
Ш изоф ренияны ж еке ауру ретінде қабы лдағаннан бері кли н и калы қ 
көріністерінің әрқилылығына және дерттің әр түрлі аяқталуына байланысты 
жүйесін құруға көптеген әрекеттер жасалды. Ш изофренияның клиникалық 
көріністерін ары қарай зерттеулер мәліметтері оны ң көп қырлылығын 
4 формаға сыйғызу қиындығын көрсетті. Бұлардан басқа да формалары ажы- 
ратылды: ипохондриялық, тон тәрізді, кезеңдік ж әне т.б. Ш изофренияның 
неврозбен ж әне психопатиямен сырқат науқастардағы көріністерге ұқсас 
клиникалық белгілері сипатталды. Бұл тек сыртқы ұқсастық болып табылады. 
Оларды тексергенде, тұлғалық өзгерістердің күшейгендігі байқалады. ¥ з а қ
катамнездік бақылау арқылы арнайы клиникалық тексерулер шизофренияны 
жүйелендірудің маңызды критерийлерін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл кри­
терий ауру ағы м ы ны ң принципі — ш изоф рениялы қ үрдістің үдемелілік 
ерекшелігі болып табылды. А.А. С неж невский мұнымен қатар аурудың 
психопатологиялық көріністері мен оның дамуының динамикасы арасындағы 
тығыз байланысты көрсетті. Осының негізінде шизофренияның үш негізгі 
варианты көрсетілді: үзіліссіз, кезеңдік (рекуррентті), ұстама тәрізді — про- 
гредиентті (тон тәрізді).


Жалпы клиникалық сипаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет