303
Емі, профилактикасы, сараптама
Эндокринді аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың емі және про-
филактикасы соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстардың еміне
ұқсас.
Науқастар реадаптациясында басты рөлді психотропты препараттар, пси
хотерапия ж әне орын басушы гормональды терапия атқарады. Эндокринді
аурулар кезінде психикалық бұзылыстарды басынан өткізген науқастардың
медициналық және әлеуметтік-еңбектік реабилитациясының тиімділігі мына
шаралар кеш енін уақытында өткізуге байланысты: бұзылған функцияның
қалыптасуына және орнына келтіруге бағытталған патогенетикалық ем, уақытша
еңбекке қабілетсіздіктің қажетті мерзімін сақтау, дәрігерлік-кеңестік комиссия
қорытындысына қарай еңбекке орналастыру.
Эндокринді аурулар және соматогенді психоздар кезіндегі әлеуметтік және
клиникалы қ болжам психопатологиялық синдромдардың болуымен ғана
негізделмейді. Мұндай науқастардың еңбекке жарамдылығы келесі медициналық
ж әне әлеуметтік факторлармен анықталады: нозологиялық, психотикалық
синдром сипатымен, тұлғалық өзгеріс дәрежесімен, ем тиімділігімен, кли-
никалық бұзылыстар динамикасымен.
ХХІІ Тарау
ҚАН ТАМЫРЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНДЕГІ
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР
Қан тамыр ауруларындағы психикалық бұзылыстар жөніндегі білім қажет-
телігі, ең алдымен, осындай науқастар санының едәуір артуына байланысты.
Қан тамырлық генезді психикалық бұзылыстар егде жаста жиі кездесетін
патология формасы болып табылады. 60 жастан кейін ол әрбір бесінші адамда
анықталады. Қан тамырлық генезді психикалық бұзылыстар арасында шамамен
4/5 жағдайда психотикалық емес сипаттағы психикалық бұзылыстар байқалады.
ЦЕРЕБРАЛЬДЫ А ТЕРО СКЛ ЕРО З КЕЗІН Д ЕГІ
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Церебральды атеросклероздың клиникалық көрінісін сипаттағанда және
топтастырғанда, церебральды қан тамырлық үрдістің жалпы қалыптасқан даму
сатыларына сүйену керек. Әр сатыға тән әр түрлі клиникалық (психопатоло-
гиялық) ж әне морфологиялық ерекшеліктер болады. Церебральды атеро-
склерозға байланысты үрдістің клиникалық дамуының үш сатысы бар:
•1 — бастапқы саты;
• 2 — айқын психикалық бұзылыстар сатысы;
• 3 — дементті саты.
Церебральды атеросклероздың
1 сатысының
жиі көрінісі
неврастения тәрізді
синдром болып табылады. Бұл жағдайдың негізгі белгілеріне тез шаршағыштық,
әлсіздік, психикалық үрдістің қажуы, тітіркенгіштік, эмоциялық лабильділік
жатады. Кейде астениямен байқалатын жеңіл депрессия болады. Басқа
жағдайларда церебральды атеросклероздың бірінші сатысының көрінісі ретінде
психопатия тэрізді
(тітіркенгіштікпен, тіл табыса алмаушылықпен) немесе
ипохондриялық
(ипохондриялық сипатта шағым айту) синдром көрініс береді.
Церебральды атеросклероздың бастапқы кезеңінде науқастар бас айналуға,
құлақтағы шуға, есте сақтаудың нашарлауына шағым айтады.
Церебральды атеросклерозды ң 2-ш і сатысында (айқы н психикалы қ
бұзылыстар кезеңі)
мнестико-интеллектуалды бузылыстар
күшейеді: ес едәуір
наш арлайды (әсіресе осы ш ақ оқиғаларына), ойлау инертті бола түседі,
эмоциялық лабильділік күшейеді, боскөңілділік байқалады. Церебральды ате
росклероз гипертониялық аурумен жиі бірге жүреді.
Науқас Е., 68 жаста, түскен кезде тітіркенгіштікке, көңіл-күйінің төмендеуіне,
ес нашарлауына, тез шаршағыштыққа, зейін шашырандылығына шағымдар
айтты.
Церебральды атеросклероз кезіндегі психикалық бүзылыстар
305
Шаруалар жанұясында дүниеге келген. Әкесі соғыста кайтыс болған, анасы
миокард инфарктісінен кайтыс болған. Тұкымдарында психикалык ауруларды
жокка шығарады. Балалык шағы жөнінде мәлімет жок. Қызылша, скарлатина,
анемия ауруларымен ауырған. Орташа окыған, 8 сынып ж әне техникумды
аяктаған. Заводта технолог болып істеген, кейін еңбек ж әне жалакы төлеу
бөлімінің бастығы болып ауыскан. Жұмысы жоғары психикалык жүктемені
кажет етеді және аз козғалысты.
25 жасынан бастап бас ауырулары мазалайды, мұрнынан кан кетеді, жүрек
тұсында колайсыздыкты байкаған. Дәрігерге каралмаған.
27 жасында үйленген, 1 баласы бар. 31 жасында бірінші рет артериялык кан
кысымы 170-100 мм/сын. бағ. көтерілген. Эпизодты түрде емделген, кан кысымы
барлык кезде тез төмендеген, бірак көтерілуі кайталанып тұрған және катты бас
ауыруымен бірге жүретін болған. 36 жасынан бастап басы ауырып, кан кысымы
көтеріліп жүрегі ауырғандыктан, амбулаторлы жағдайда және стационарлы түрде
емделген, жыл сайын курортты ем кабылдаған. 41 жасында бірінші рет тез
шаршағыштык, есте сактау кабілетінің төмендегеніне мән берген, жиі жазып
алып жүрген, климат өзгерткен, бірак жағдайы жаксармаған, осыдан кейін ол
ауруханаларда мынадай диагноздармен емделген: гипертониялык ауру, атеро
склероз, жүректің ишемиялык ауруы. Кейінірек шаршағыштык, ес бұзылысы
күшейген, бас ауыруы күнделікті сипат алған, тітіркенгіштік пайда болған,
көңіл-күйі төмендеген. Емдеуші дәрігердің ұсынысы бойынша С.С. Корсаков
атындағы психиатриялык клиникаға каралып, госпитализацияланған, емнен
кейін жаксы жағдайда шығарылған. Бірак бас ауыруы күнде болған, бірте-бірте
жағдайы нашарлаған, көңіл-күйі төмендеген. Сол себепті 3 -4 жылда бір рет
С.С. Корсаков клиникасында ем кабылдап тұрады, әркашан жаксы жағдайда
шығарылады. 58 жасында кант диабеті диагностикаланған, кандағы глюкоза
мөлшері 8,8 ммоль/л. Диетамен емделген. 65 жасынан бастап зейнеткер.
Соңғы жылдарда өмір сүру дағдысының алмасуына байланысты (заводта 5 ай
жұмыс істеген) тез шаршағыштык байкалған, жұмысшыларының есімдерін еске
сактай алмаған, кұжаттарын жоғалткан. Үйінде тітіркенгіш, көңіл-күйі төмендеген,
2 кг салмак жоғалгкан. Қанда кант мөлшері көбейген (11,38 ммоль/л). Эндокри-
нологта емделген. Бірак әлсіздік, бас ауруы, көңіл-күй төмендеуі бәсеңдемеген.
Психикалык жағдайы: наукас контакгіге түседі, уакыт, орын, өзіндік тұлғасы
бойынша бағдары дұрыс. Қабылдау бұзылыстары байкалмайды. Бұрынғы өткен
окиғаларды жаксы еске алады. Жакында болғанын есіне түсіре алмайды. Ж ал
пы көңіл-күйі төмен, аккөңіл, өз өмірі туралы кызыға әңгімелейді, бірак тез
шаршайды, басым «мүлдем жұмыс істемейді» деп шағым айтады. Уакытының
көп бөлігін төсекте өткізеді. Терезе алдында отырып кітап окиды. Бірак тез
шаршайды.
Соматикалык жағдайы: орта бойлы, дене бітімі калыпты. Тері жамылғысы
таза. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жок. Жүрек тондары кереңделген,
пульс минутына 84 рет.
А ртериялы к кы сы м 140/90 м м/сы н.бағ. А сказан-іш ек жолдарында
патологиялык өзгерістер жок. Тәбеті жаксы.
Неврологиялык жағдайы: ОЖЖ закымдалулар жок.
306
ХХІІ Тарау. Қан тамырлық аурулар кезіндегі психикалық бүзылыстар
Көз түбі: көз түбі қан тамырлары иректелген, склерозданған. Лабораториялық
зерттеулер мәліметі: жалпы қан және зәр анализдері қалыпты. Қанның биохимия-
лық зерттеуінде: қандағы глюкоза мөлшері 8,8 ммоль/л, холестерин 8,84 ммоль/л.
Диагноз: гипертониялық аурумен бірлескен церебральды атеросклероз, қант
диабеті.
2-ші сатысында атеросклероздық психоздар жиі көрінеді: депрессивті, па
раноидты, сана күңгірттенуімен жүретін психоздар, галлюциноз. Бұдан басқа
бұл кезеңде эпилептиформды ұстамалар байқалады, олар басты синдром ретінде
жүруі мүмкін (эпилептиформды синдром). Церебральды атеросклероздық
үрдістің даму стереотипі көрсетілген схемаға сәйкес келе бермейді. Церебраль
ды атеросклероздың бастапқы кезещ н щ кли н и калы қ көріністері әлсіз
айқындылықта, ал психотикалық бұзылыстар бірден пайда болады.
Айқын психикалық бұзылыстар кезеңінің (психозбен науқастардың 1/3 бө-
лігінде) жиі көрінісі
Достарыңызбен бөлісу: |