Оқулық o p s 3 философия негіздері


болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, ай - бір жерге



Pdf көрінісі
бет16/521
Дата21.09.2023
өлшемі13,05 Mb.
#181915
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   521
болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, ай - бір жерге
шоғырланған бұлт болса, күн - су буының жануының салдарынан шокка
айналған аспан денесі.
Егер 
милет 
мектебінің 
өкілдері 
космостың 
генетикалык 
бастамасын,әрі түпнегізін физикалык касиеттері бар ауа, су, от апейрон 
десе, Ксенофан олардан әрірек кетіп жер космостың түпнегізі ретінде 
біргұтастык деп тұжырымдайды. Ол түпнегіздің шекті не шексіз 
екендігін, материалды немесе идеалды екендігін айкындамайды. 
Біртұтастык ретінде ол құдаймен пара-пар. Құдай - барлық нәрселер, 
бірак бұл барлык нэрселер көптүрлілікті көрсетпейді, ең жоғары 
біртұтастыкты көрсетеді. Оның түпнегізі - ақыл-ой. Құдай адамдарды 
жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне карап, кұдайды жаратады. 
Егер жылкылар адамдар сиякты сурет сала білсе жэне өнердің түрлерін 
тудыра алатын болса, онда олар кұдайларды өздері сияқты жылкы 
ретінде суреттер еді. Ксенофаның кұдайы - таза акыл-ой, ол материалды 
емес. Оның барлық күші - данышпандылығында. Ол гректердің 
бұрынғы кұдайларындай бір орнынан екінші орынға козғалып, дүниені 
кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштыкта болады, козғалмайды. 
Ол элемді тек акыл-оймен ғана баскарады, ешкандай да дене күшін 
жұмсамайды.
Бірак, - дейді Ксенофан, - кұдайдың, жалпыға ортак табиғаттың 
накты шындық екенін ешуакытта ешкім көрген де емес, білген де емес. 
Ал егер осы ақикатты танып-білу жолында кімде-кім дұрыс бағыт алған 
болса, ол бэрібір ондай акикатты білмес еді. Себебі, құдайдың жалпыға 
ортак табиғаттың өмір сүруі дегеніміз, олардың бар сиякты болып 
көрінуі ғана.
Түйсіктер берген акпараттар шындыкка жатпайды. Акыл-ойдың 
өзі де кейде бізді алдайды. Ал акикат акыл-ойдың корытындысы емес, 
кездейсоктыктың жемісі. Осыдан келіп, ксенофан дүниені танып-білу 
мұмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа 
шығарды.
Ксенофаның жалқы кұдай туралы ілімін эрі карай дамытып, оны 
бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл — Парменид (шамамен 
б.д.д. 540-480 жж.) болды. Оның негізгі шығармалары: 
“Табиғат 
туралы”, “Ахиллес” (бізге дейін жетпеген). Парменидтің карастырған 
мәселелері - болмыс пен бейболмыстың ара катынастары мен 
болмыстың ақыл-ойға катынасы. Бұл екі мэселенің екеуін де тек акьш-ой 
арқылы шешуге болады. Акикатка тез жету үшін акыл-ой көптеген тор 
мен тоскауылдарға тап болуы мүмкін. Бірінші күтіп тұрған тосқауыл -
бейболмыстың бар екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін, ол 
кажетті түрде бар болып шығады. Екіншісі бір мезгілде болмыс пен 
бейболмысты бір-бірімен тепе-тең жэне тең емес деп жорамалдау. Бұл 
екі тосқауылдың екеуі де бізді акикатка жеткізбейді. Себебі, бір баста 
бірін-бірі жоққа шығаратын екі тезис болуы мүмкін емес. Сондыктан, не
28


болмыс пен бейболмысты тепе-тең деп, немесе олар тең емес деп 
жорамалдау керек. Ал бейболмыстың ѳзін бар деп санау да кайшылыкка 
экеліп соктырады, себебі бейболмыс дегеніміздің ѳзі — болмыс. Бұл 
жерде парменид кейінірек аристотель ашкан ойлау кабілетінін ен басты 
заңы - карама-кайшылык заңын ашуга жакын калды.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тен емес, баскаша 
айтканда, болмыс - накты ѳмір сүреді де, бейболмыс деген жок нэрсе. 
Осы пікірін Парменид дэлелдеуге тырысады. Айта кететін бір жайт - ол, 
Парменидке дейін философтар ѳз тезистерін дэлелдеуден 
гѳрі, 
метафорамен немесе ұксастык тэсілін колдану аркылы (салыстыру 
аркылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып ѳз тезисінің 
дурыстыгын дэлелдеуге көбірек көңіл бөлді.
Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі, 
оны танып-білуге жэне оны сөзбен жеткізуге болмайды. Баскаша 
айтканда, накты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, 
ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің ѳзін дэлелдеу кажет. Осы дан 
келіп, 
парменид болмыс пен ойлаудьщ аракатынасын карастырады. 
Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі 
ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке 
өмір сүретін кубылыстар екенін мойындай отырып, ой - затталынған 
(ягни, материалданған - ойдың бір затты ойлауға бағытгалуы) кезде 
ғана ой болады деп түсінуге, ал зат - тек ойланылған кезде ғана зат 
болады деп түсінуге болатын сияқты. Осыдан келіп, парменид: егер 
бейболмыс накты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда 
ойланылатын бейболмыстьщ бар болгандыгы, бірак ол бейболмыс 
күйінде емес, болмыс күйінде ѳмір сүргендіктен осыган дейін 
бейболмыс туралы ойланған ойымыздың бэрі болмыс туралы ой болып 
шыгады.
Бейболмыс болмагандыктан, болмыс жалқы, біртұгас жэне 
козғалмайды. Болмыстың ѳткен кезеңі де, болашагы да жок, ол 
ѳзгермейді. Сѳйтіп, Парменид болмысты калыптасудан, жалкыны -
көптүрліліктен бѳліп алып, нағыз ақикат дегеніміз осы дейді. Әлемнің 
физикалык касиеттеріне токтала 
келіп, ол от (жарык) пен жердің 
(тұнтиык, караңғы) ара катынасын қарастырады. Афродита космостың 
орталыгында тұрады да, әлемді сол жерден басқарады. Мысалы, ол 
жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін элемнен 
көрінбейтін әлемге жіберсе, енді керісінше жібереді. Бұл жерде 
көрінетін жэне көрінбейтін әлемді болмыс жэне бейболмыспен 
салыстыруға болмайды, себебі, бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана. 
Эросты алсак, 
ол қарама-қарсыльщтарды 
біріктіріп, бір-бірімен 
байланыстырады (мысалы, жарык пен қараңғы түнекті, жер мен отіы, 
еркек пен эйелді т.б.).
Параменидтін ілімін эрі карай жалғаструшы, оның шэкірті, 
элеатгар мектебінің көрнекті өкілі - Зенон (шамамен б.д.д. 490-430 жж.)
29


болды. Негізгі еңбектері: “Философтарға карсы”, “Табиғат туралы”. Бұл 
еңбектері толык сакталмаган, бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. 
Зенон Парменидтің болмысын дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз 
дәлелін болмыстан аяктаса, 
Зенон, 
керісінше, өз дәлелін көзге 
көрінетін, акикатка жатпайтын әлемнен бастап, болмыс элемін 
карастырумен аяктайды. Оның пікірінше, физикалык әлем карама- 
қарсылыкка 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет