Оқулық o p s 3 философия негіздері



Pdf көрінісі
бет12/521
Дата21.09.2023
өлшемі13,05 Mb.
#181915
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   521
Даосизм 
(Б.д.д. VI-V ғғ.) бұл ілімнің негізін калаушы б.д.д. VI ғ. 
өмі сүрген Лао-цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі - “Дао жэне дэ 
туралы кітап” (“Дао дэ цин”). Даоцизм ілімі “дао” ұғымына негізделген. 
Егер баска кытайлық философиялык ағымдарда “дао” “жол” деген 
мағына берсе, жэне ол кытайдың дамуымен эдептілікті жетілудірудегі 
негізгі ұғым болса, даосизмде “дао” - жалпы дүниетанымдык ұғым. 
“дао” - алашкы бастама, алғашқы түпнегіз жэне Қытайдағы, жердегі 
және Әлемдегі барлык кұбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы 
сатысы, “даоның” алғашкы түпнегіз екенін мынадай сөздерден 
байкаймыз: “дао - барлык заттардың анасы”, “дао - барлык заттардың 
түпатасы”, “даоны аспан аясындағы империяның (Қытайдың) анасы деп 
есептеуге болады” т.б.
Ал “даоның” заттардың соңы екенін мынадай пікірден байкауға 
болады: “Әлемде сансыз көп эртүрлі заттар бар, бірак олардың бэрі де 
өзінің бастамасына (даоға) кайтып келеді, оралады”.
Даосизмдегі 
карама-карсы 
пікірлерге 
мол, 
көмескіленген 
ілімдердің бірі - екі түрлі дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты 
жоқ. Себебі, ол денесіз, екіұшты, соншалыкты кішкентай, мэнсіз, 
көрінбейді енжар жэне жалғыз. Ол мэңгі, ешуакытта өзгермейді
ешнәрсе оны өзіне бағындыра алмайды. Ал өзі баска заггардың дамып, 
жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді.
Ал “аты бар дао” ұсак бөлшектерден (“ци”) тұрады. Ол 
бөлшектерде заттардың 
кескіні бар, сондыктан да олар 
“барлык 
заттардың анасы”. “аты бар даоның» 
негізгі касиеттері: шексіз, 
таусылмайды, кұдіретті, эрекетшіл. Бұл екі түрлі “дао” бір-бірімен іштей 
тығыз байланысты, екіншісі біріншісінен туындайды, ал кейбір 
жагдайларда олар бір-біріне ауыса береді, осының аркысында әлемде 
түрлі-түрлі ғажайыптар болып тұрады. Даосистер аты жок даоны 
бейболмыс десе, аты бар даоны болмыс деп түсінген. Барлык заттардың 
түпнегізі бейболмыс болгандыктан, олардың болмыска сүйеніп, заттарға 
айналғанына карамастан, олар (заттар) тұраксыз болып келеді де, бір 
кезде кайтадан болмыска сүйеніп, пайда болған заттар, кұбылыстар 
мэңгі емес, тек бейболмыс кана мэңгі.
Әлемдегі денелерде аспан (ян - еркек) мен-жер (инь - эйел) 
бастамалары заттардың өмір сүру заңы (цу) аркасында гармониялык 
бірлікте болады. “дао” - болмыс заттарды дүниеге келтірсе, “дэ” оларды 
коректендіреді. Бүл екеуінсіз (“дао жэне дэ”) еш нәрсе өмір сүруі мүмкін 
емес.
Заттардың гармониясы дегеніміз - олардың өздерінде карама- 
карсы жактардың бір-біріне ауысып отыруы. Мысалы, адам туған кезде
20


әлжуаз, әлсіз болса, өлер алдында катайып, кайраттанады, сол сиякты 
баска денелер де элсізденіп өмірге келсе, катайып, кәріленіп бұл өмірден 
кетеді.
“Даоның” екі түріне байланысты танымның да екі түрі бар. Аты 
жок даоның кез келген адам біле бермейді, оны тек шынайы дана адам 
ғана біле алады. Себебі, ондай адам кұмарлыктан алшак болғаныктан 
заттардың күресінен — гармонияны, козғалыстан — тыныштыкты, 
болмыстан - болмысты көре алады. Ал кұмарлыктан арылмаған адам 
дайын заттарды ғана көреді. Танымның бұл екі түрі бір-бірімен тығыз 
байланысты.
Шынайы дана билеуші даосистердің пікірінше, өзінің кол 
астындағыларға табиғи жолмен (“дао” жолымен) жүруіне мүмкіндік 
береді. Ондай билеуші ештеңе араласпайды. Ондай билеушінің бар 
екенін халық естігені болмаса, онымен тікелей байланыспай эркайсысы 
өз жолдарымен жүреді, сондыктан да даосистер дао жолымен 
жүргендерді заң аркылы шектеуге карсы болады. Осы тұрғыдан олар 
конфуцийшылдарға да, легистерге де карсы болды.
Кейін келе даосизм дінге айналып, өзінің алғашкы кезегі көптеген 
идеяларынан айрылып калды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   521




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет