болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт — философия ғылымына кірісудің төте жолын тану.
Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай
еңбек ету дейді. Сонымен катар философияны тек жаратылыстану
ғалымдары аркылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтынша шарт - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми
ұғымдарды талай білу.
Жетінші шарт - Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан
терең жұмбак сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель
еңбектерінде жұмбак түрінде айтылған түсініктердің сырьш ашу. Оның
кейбір гьшыми түсініктерді терең жұмбак түрінде келтірудің үш түрлі
себебі бар. Бірінші, окупшның табиғи қабілетін сынап, үйретуге
тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын
көрінген адамның бэріне бірдей рәсуа кылмай, оны алып жүретіндерге
ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылыми іздеу жолында адам бейнетгеніп,
ой-пікірін шыныктыру керек. Осы үш себептен аристотель еңбектерінде
жұмбак (аллегория) колданылады.
Сегізінші шарт - философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін
жэне калпын түсіну.
Тоғызыншы шарт - Аристотель ілімін үйрену үшін нендей
нәрселер кажет екенін білу. Фараби бүл жерде Аристотельдің логика
ғылымын, шығармаларын оку тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды.
Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде фараби философияны үйрену үшін
ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың
ой-
пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің
пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең
бірінші талап - ол адамның жан махабаты, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз
халқына деген таза махабаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз
58
|