хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани әрекеттің субьекті жэне жалпы маңызды рух мен акыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса үлкен күш-жігермен дэлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адамның өзін "шексіз, жалпы жэне еркін" жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен элеуметтік бүтіндіктің приоритет! принципін айшықты түрде көрсетеді. Гегельдің идеализмімен салыстырғанда материалист Фейербах тірі, эмпирикалык адамның маңыздылығын бекітеді. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде түсінеді. Оның философиясының өзегін күрайтын антропологиялык принцип адамның дэл осындай түсінігін ұсынады. Фейербахтың антропологиялык монизмі адамның идеалистік түсінігіне карсы, жан мен тәннін дуализміне қарсы багытталған жэне табиғатка материалистік көзкарасты бекітумен байланысты. Бірак адамның өзін Фейербах өте абстрактылы түсінеді. Оның адамы накты элеуметтік байланыстар жэне әрекеттерден окшауланып калады. Оның философиялык антропологиясының негізін Мен жэне Сен арасындағы катынастар, оның ішінде, әсіресе еркек пен әйел арасындағы катынастар ерекше маңызға ие бола отырып күрайды. Маркс адамды түсінуде ең алдымен еңбек әрекетін алға тартады. Қоғамдық болмыс коғамдык сананы аныктайды. Қоғам түлғаның касиеттерін детерминациялайды. Өмір философиясы (Ницше, Дильтей) адамның ерекшелігін бірде органикалыкка, биологиялыкка жақындайтын, бірде мэдени-тарихи мэнде түсіндірілетін өмір феноменінен көреді. Өмір философиясында алдынгы орынға адамның акыл-ойдан тыс кабілеттері шығады: сезім, ерік, интуиция. Көбіне санаға адам қылығының терең қайнар көзі болып саналатын бейсаналык карсы койылады. Фрейд жэне фрейдизм