осы берілген іске колдануга болады». Осылайша ойкорытынды панда
болды, ягни логикалык деп аталатын бірнеше белгілі алгышарттарды
байланыстыру нѳтижесінде жаңа білім алу калыптасты. Уакыт ѳте келе
логикалык ой корытындылау кабілеті беки түсті, ѳйткені кейінгі
ұрпақтар бұл логикалык байланыстар окиғалардың, әрекеттердің жэне
заттардың арасындағы катынастар мен ѳзара әрекеттерге сэйкес
келетініне көздері жетті. Осылайша, адамның ойлауына тэн логика
панда болды.
Сонымен, сана өз атрибуттарымен коса алғанда (сезіну, ойлау,
логика жэне т.б.), сонымен катар, тіл де коғамдык еңбек эрекетінің
нэтижесінде туындап, жануар тобырының өте ұзак уақыт бойы адамзат
коғамына айналу үдерісінде калыптаскан коғамдық спецификалык
кұбылыс болып табылады.
Сыртқы объектінің ойдағы бейнелері, олардың арасындағы
катынастар, өзі туралы, өзінің сыртқы объектілермен катынасы туралы
ойлар, өз ойлары, сезімдері жэне т.б. туралы ойлар адам санасындағы
ерекше белгілер жүйесі болып табьшатын тілмен ажырамас байланыста
болады. Бұл ойдағы идеалды образдар (бейнелер) тек адам санасында
өмір сүріп, ой-толғауды, пікірді, ішкі тіл катуды білдіреді, онда сөздер
мен сөйлемдер накты заттардың, әрекеттердің, катынастардың идеалды
орынбасарлары ретінде көрінеді. Адам практикалык түрғыда бір істі
аткарганда түпнұскалармен (оригиналдармен) қалай жұмыс жасаса, сол
сиякты ойша да осы идеалды орынбасарлармен жұмыс жасай алады.
Көздеген мақсатка жеткізетіні белгісіз практикалык эрекеттерді адам
тікелей колға алмай-ак, ойға алған істің максатына жетуге бағытталған
оның эр түрлі нұскаларын идеалды орынбасарлар арқьшы оймен
пайымдап «репетиция» жасай алады (мысалы шахматшының ойын еске
түсіріңіз: «егер мен былай жүрсем, ол былай жауап береді, онда мен...»
162
|