бойынша, оның тиісінше дәуірлерге жіктеуі бойынша тарихи білім дамуының келесі кезеңі - тарихты философиялык пайымдау - тарихи ойлау принциптерін, тарихтың логикасын, заңдылықтарын тану міндетін кояды жэне шешеді. Жаңа заман философиясының ерекшілігі осы XVII- 211
XVIII ғасырларда өмір сүрген ойшылдардың койған біркатар мэселерімен байланысты еді. Ол - субстанция, детерминизм, нактылыкты тану методтары жэне себептілік. Табиғат субстанциясы мэселесі біршама деңгейде зерттелгенімен, "тарихтың субстанциясы" жіктелмей, назардан тыс қалып койды. Оны "тауып" жэне "белгілеу" керек еді. Мұны объективтік-идеалистік бағытта болса да жасаған Гегель болды. Оның философиясындағы тарихтың субстанциясы - халықтар рухына, әлемдік рухка айналған Идея, Абсолюттік Рух. Идея, Гегельдің ілімінде ұғымдар арқылы, ұғымдарда дамиды. Сондыктан бұл даму туралы философиялык пайымдау - бұл козғалыстың адамзат ойының ұғымдар логикасында көрінуі. Бұл Тарихтағы Рух дамуының кезендерін тілдің көмегімен дәл сипаттаудың, оны адал, логикалык дұрыс пайымдаудың кажеттілігін білдіреді. Жэне осы жерде Тарихтағы Рухтың, Идеяның дамуының ішкі мэні, принципі туралы мэселе туындайды. Оны да "тауып алып" жэне терминологиялык тұргыда "белгілеу" кажет. Гегель бұл мэселеге келгенде де бұл міндетті өзінің диалектикалык-логикалык көзкарасы мен объективтілік позициясы тұргысынан шешеді. Ол әлемдік тарихтың ішкі принципін тауып жэне оны сөзбен белгілейді. Бұл принцип пен осы сөз - Еркіндік деп белгіленеді. Енді Гегельдің теориясы мен өзге де ойшылдардың көзқарастарын