бірден-бір гүлді үзбейді, бірде-бір жэндікті басып кетпейді. Жазгы түнде шаммен жұмыс істеп отырғанда, отқа ұмтылған көбелек канатының күйгенін көрмес үшін терезені жауып, капырыкта отырғанды дұрыс көреді». Өмірді кастерлеу этикасы өзге адамдар алдындагы парыздан бас тартып, өздерін еркін сезінген адамдарды мактау да, датгау да керек емес есептейді. Ол канай формада, қандай жағдайда болмасын, біздің өзге адамдарға қатынасымызда адам болып қалуымызды талап етеді. Сен бакыттысың, сондыктан, көп нәрсені қүрбандыққа шалуға тиіссің, өзгелерге қарағанда саған денсаулық, қабілет, талант, табыс, байлык жэне т.б. көп мөлшерде берілген, мұның бэрін сен өз-өзінен келді деп есептеуге тиіс емессің. Сен оның ақысын өтеуің керек. Сен өзге өмір үшін өз өмірінің күшін беруге міндеттісін. Алайда, накты өмір компромисстерге (келісімдерге) толы, өз өмірді сактау үшін мен зиян кетіруі мүмікін өзге өмірлерден өзімді қорғауым керек. Мен өсімдіктерді, жануарларды жою арқылы өзіме азы к табамын. Менің бакытым өзгелерге зиян келтіруден құралады. ПІындығында, этикалык емсе, тек өмір кажеттігі мен этиканың қоспасы болып табылатын нэрселерді адамдар этикалық ретінде қабылдайды. Гуманистік этика бұл компромисті мойындамайды және ақтамайды. Ол тек өмірді сактауға жэне дамытуға қызмет ететін нэрселерді ғана ізгілік, кайырымдылық ретінде мойындайды. Мұнан өзге кылықтардың барлығы, мейлі ол кандай жағдайда жасалсын, зұлымдылыкты