таза күйінде өмір сүрмейді, онда бір басты қағидат қана басым болуы мүмкін. Батыстык мәдениеттің сезімдік типі XX ғасырда күйрей бастады, ол өзінің жаратупш потенциалын тауысты. Оның орнына енді мәдени принциптердің кезекті интеграциясы келеді. Жэне жаңа интегралды мэдениет жаңа шығармашылык дәуірге түседі. П.Сорокиннің пайымдауынша бұл барлык типтерді (идеационалды, идеалистік, сезімдік), мысыр, вавилон, грек-рим, үнді, қытай жэне т.б. мәдениеттерінің тарихынан кездестіруге болады. Р.Гвардинидің мэдениет теориясы: элем суреттемесі мен болмысты сезіну. Романо Гвардини (1186-1968) - батыстъщ католик философы жэне теологы. Өмірді католицизм тұрғысынан түсіндіреді. Өмірдің басты қасиеті "бір-бірін үнемі өзара теріске шығаратын жэне бір мезгілде бірігетін" карама-кайпшлықтар деп есептейді. Оның "Жаңа заманның ақыры" деп аталатын еңбегі адамның элем туралы көзкарасы мен болмысты сезінуімен байланысты әлем 2 8 0
суреттемесшщ ѳзгерісі туралы мэселе контексіндеп мәдени-тарихи дэуірлерді айыру тұргысынан ерекше кызығушылык туғызады. Бұл мэдени-тарихи тұтастыктардың өзіндік типологиясын білдіреді. Автор батыстык (христиандык) тарихтың дэстүрлі жіктелуін білдіретін мэдени- тарихи дэуірлерді қарастырады: антикалык заман, ортағасырлар, жаңа заман. "Белгілі дэіуірдің адамы әлемді калай көре алады жэне өз болмысын калай сезінеді?" - деген сұракка жауап бере отырып, өзінің батыстык мәдениет типологиясы концепциясын ұсынады. Антикалык адам әлемнің негізінен шығып кетпейді, бұл әлемнен тыс жерде оның сүйенер тірегі жок, - деп жазады Р.Гвардини.