Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет10/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2


II ТАРАУ






Эндогендік процестер және бедер

Жердің беті ешашан тыныштық алпында болмайды. Жер бетінің бір бөлігі баяу көтеріледі де, басқа бөлігі баяулап ойысып төмен түседі, ал үшінші жерде қарынды атпарлы процестер жүріп жатады. Тектоникалы озғалыстардың негізгі қайнар көздері - жер айналуының механикалы энергиясы, радияциялық заттардың ыдырауы, гравитациялық (ауырлы күші) энергия және жер ойнауындағы жылу ағындары мен әр түрлі физикалық-химиялық процестердің қуаты.


Осы айтып кеткең табиғи күштердің әрекетінен таулар құрылуы, жанартау атылауы және жер сілкіну процестері бастау алады.
Жер ыртысының көтеріле даму кезінде ірі Құрлықтік массивтер ұрылады, ал ойысып төмен түскең кезінде мұхит және теңіз қазан шұңқырларыойпаттары түзіледі. Құрлықтык төмендеуінен трангрессия (теңіздер мен мұхиттар аймағының ұлғаюы), ал көтеріле дамуына байланысты регрессия (құрлық аймағының ұлғаюы) және теңіздердің кейін шегіну құбылыстары туындайды. Өзендердің, көлдердің және теңіздердің терраса кешендерінің пайда болуы жер қыртысының тербелмелі тектоникалық қозғалыстармсн байланысты.
Сөйтіп, эндогендік процестер түрлі тектоникалык қозғалыстарына және сонымен қатысты жер ыртысының деформациясына тікелей байланысты. Олар жер сілкінудің, эффузиялық және интрузиялық магматизмінің және гидротермалды ерітінділер қозғалысының басты себептері. Эндогендік процестер жер қыртысы қалыптасуының және жер қойнауындағы заттардың бөлініп жекеленуінің негізі болып табылады. Бұл процестер экзогендік процестермен қосарлана әсер етуі нәтижесінде түрлі бедер пішіндерінің алыптасуына мүмкіндік туғызып қана оймай, к´п жағдайда экзогендік процестердің арқынын және сипатын белгілейді. Бұның барлығы эндогендік процестердің бедер түзілуіндегі ерекше ролін көрсетеді.


9. Бедер және таужыныстары

Геологиялық процестер нәтижесінде қалыптасып, жеке-дара шоғырлар түріндегі жер қыртысының құрам-бөлшектері болып табылатын, нақтылы құрам және құрылыс ерекшеліктерімен сипатталатын табиғи минералды агрегаттарды таужыныстары деп атайды. Таужыныстары өздерінің жаралу (қалыптасу) тегіне орай ірі үш топқа-шөгінді, магмалық және өзгерген метаморфтық таужыныстарға бөлінеді. Әрбір таужыныстары өздерінің сыртқы күштердің ықпалына қарсылық көрсету қабілеті тұрғысынан түрліше болып келеді. Әдетте таужыныстары өздерінің төзімділік дәрежесіне қарай өте төзімді, төзімді, бейімделген және азырақ бейімделген таужыныстарға бөлінеді. Таужыныстарының төзімділік қасиеті дегеніміз олардың үгілу, яғни морылу процесіне беріктігі, ал бейімделу - ағынды сулардың, желдің және баса экзогендік күштердің ықпалына бейім болуы (О.Леонтьев, Г.Рычагов).


Таужыныстарының әр генетикалық топтары сырты күштердің әсеріне түрліше бейімделеді. Мысалы, шөгінді таужыныстары (лесс, құмдар, малтатастар) үгілу процесі әсеріне төзімді, біра та олардың көбісі ағынды сулармен, желдердің бұзу, қирату әрекетіне бейімделінген. Ал магмалық және метаморфтық таужыныстар, керісінше, ағынды сулардың шаюына аса бейімделмейді, ал үгілу процестерінің әсерінен тез бұзылады. Мұның себебі магмалық және метаморфтық таужыныстар жердің терең қойнауында белгілі термодинамикалы және химиялы элементтердің қатынасуы жағдайында түзілген. Жердің бетіне шықаннан кейін бұлар басқа жағдайға тап болады да, түрлі процестердің әсерінен (тотығу, гидратация, еру, гидролиз) бұзыла бастайды. Демек, таужыныстардың бұзылу қарқыны, олардың физикалық-химиялық қасиеттерімен қатар, нақты физикалық -географиялық жағдайларына байланысты, өйткеңі әрбір табиғи айматың тек өзіне ғана тән үгілу ерекшеліктері бар.
Мәселен, кристалды таужыныстарына қарағанда мономинералды, майда түйіршікті тығыз орналасан массивты ашылдау таужыныстары физикалы үгілуге төзімді келеді. Сондай-ақ, полиминералды гранит - мономинералды кварцитке қарағанда, тез бұзылады. Ал, гнейс минералдық құрамы жағынан гранитке ұқсас болса да жіңішкеталшықты, жолақты бітімді, яғни әр түрлі минералдардың алма-кезек ауысуымен сипатталғандықтан үгілу әсеріне мүлдем икемді болады. Негізгі және ультранегізгі магмалық таужыныстар, орта және қышқыл таужыныстарына салыстырғанда тез үгіледі.
Физикалық үгілу қарындылығына таужыныстарының жылусыйымдылық (теплоемкость) пен жылуөткізгіштік (теплопроводность) қасиеттері елеулі әсер етеді: жылусыйымдылы төмен болған сайын көрші таужыныстар бөлікшелерінің қызу мен салқындау кезеңдегі температураның айырмашылығы едәуір болғандықтан, олардың тез бұзылуына әкеп соқтырады. Таужыныстарының суөткізгіштік қасиеттері де айтарлықтай морфологиялық роль атқарады. Әдетте суөткізгіш таужыныстар жаңбыр және еріген сулардың жер астына сіңуіне қолайлы жағдай жасайды. Соның нәтижесінде суөткізгіш таужыныстар кең тараған аймақтарда эрозиялық пішіндер сирек дамыған. Керісінше, су өтпейтін қатты таужыныстардан құралған аймақтарда, жер бетіндегі ағыстар жиі болып, эрозиялық пішіндердің көптеп дамуына жағдай жасайды. Таужыныстарының суөткізгіштік қасиеті олардың құрамына, нақты айтқанда қатаю дәрежесіне (құмдар, малтатастар), кеуектілігіне (әктас, ұлутастар, әр түрлі туфтар, пемза), немесе жарықшақтылығына (әктас, доломит таужыныстармен) байланысты. Айта кету керек, таужыныстарының жарықшатық қасиеті бедер пішіндерінің құрылуы мен дамуына ерекше жағдай жасайды, көбінесе гидрографиялық торлардың жазық беттегі келбетін қалыптастыруға едәуір әсер етеді.
Таужыныстарының ерігіштік қасиетінің де зор морфологиялық мағынасы бар. Жеңіл немесе салыстырмалы жеңіл еритін таужыныстар қатарына ас түзы, гипс, әктастар, доломиттер жатады. Бұл таужыныстардың кең таралған жерлерінде карст процестеріне байланысты ерекше карсты бедер пішіндері түзіледі.
Таужыныстарының тағы бір қасиеті - шөгу ұбылысы, яғни топырақтың ылғалдануынан нығыздалып, көлемі едәуір кеміп, соның нәтижесінде жер бетінің кейбір бөлікшелері төмен опырылып түсіп, көптеген шұңқыр пішіндерді құрайды. Шөгу процесі кеуек топырақтарда - лессте және лесс тәрізді таужыныстарда байқалады. Ылғалдығы аз қалыпты жағдайда бұл таужыныстардың механикалы беріктігі айтарлытай. Ал, ылғалданғанда олардың беріктігі кеміп, шөге бастайды. Сондықтан лесстың үстіне салынған ғимараттар мен кұрылыстар лесстің ылғандануы салдарынан лезде отырып, тіпті мүлдем шөгіп кетуі мүмкін. Бұл ғимараттардың қирауына әкеліп соқтырады.
Сонымен таужыныстарының физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығы мынадай заңдылықты қамтамасыз етеді: тұрақты таужыныстары жер бетінде төбе, төбежік, қыраттар және таулар сияқты оң пішіндерді құрайды, төзімсіздер - теріс пішіндерді құрастырады. Тағы да айта кететін бір жай, таужыныстарының салыстырмалы тұрақтылық қасиеті олардың химиялық және минералдық ұрамына ғана байланысты емес, олар көп жағдайда оршаған орта жағдайларына да тәуелді. Кейбір таужынысы бір жағдайда тұрақты болып, басқа жағдайда тұрақсыз, икемдеу болуы ықтимал. Сондықтан И.С.Щукин айтқандай, зерттейтін аймақтың, бедер түзілуінің морфологиялық мағанысын білу үшін, міндетті түрде нақты физикалық-географиялық жағдайда таужыныстарының бүкіл қасиеттерінің жиынтығын білу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет