Эффузиялық-эксплозиялық жанартаулардың қалыптасқан кезінде лавалардың жайбарақат төгілуі және ірілі-ұсақты материалдарының атқылауы бір-бірімен алмасып отырған жағдайларда, лава тасқындарымен пирокластикалық материалдарының бір-бірімен к,абаттала астасуы нәтижесінде қат-қабатты жанартаулар (стратовулканы) пайда болады 30-сурет.
30-сурет. Кат-қабатты жанартаудың (стратовулканның кұрылысы (Edward J. Tarbuk, Frederick K.Lutdens, 1990).
Мұнда лава және пирокластикалық материал (жанартау атпалары, шемектастар, жанартау күйінділері, құмдар, пемза т.с.с) есебінен жанартау көмейінің төңірегінде конус пішінді құрылымдар құрылады. Қат-абатты жанартаулар жанартау ұрылымдарының ішінде ең ірілерінің бірі болып саналады. Бұлардың ішіндегі биіктігі 3-4 км-ге жеткең таулар да бар. Кейбіреулері тіпті 6 км-ге дейін жетеді. Оларға Жапониядағы Фудзияма, Камчаткадағы Ключевск, Корякск, Авача және Козельск, Мексикадағы Попокатепетль жанартаулары және т.б. жатады. Көптеген жанартаулардың шыңдарында мәңгілік арлар мен мұздықтар бар.
Жоғарыда айтылғандай, көптеген жанартау төбесінде тостаған тәрізді кіші-гірім қазаншұңқырлар бар. Оларды жанартау көзелігі (вулканический кратер) дейді. Осы көзелік түбіндегі көмейі арқылы, жанартау заттары жер қойнауынан көтеріліп атқылайды. Ірі жанартауларда бірнеше көзеліктер пайда болуы мүмкін, олар көбінесе жанартау беткейлерінде дамыған. Бұларды қосарлас (паразитті) жанартаулар деп атайды. Көзеліктердің түбі лава және көзелік қабырғаларынан құлаған таужыныстарымен толады. Өте көлемді көзеліктер гавай текті жанартауларда кездеседі. Мысалы Мауна-Лоа көзелігінің диаметрі 2400 м. Сөнген немесе уақытша сөнген жанартаулардың көзеліктері суға толып көлге айналады.
Жанартау көзелігі атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы опырылып кетіп, кеңейіп үлкең қазаншұңқыр пайда болады да, оны кальдера деп атайды. Көлденеңі 30 км кальдерлер қазіргі кезде ғылымға белгілі. Кейде кальдера орасан зор қопарылу әсерінен пайда болады. Кейіннен атқылау қайта басталса, кальдераның түбінде жаңа жанартау конусы түзіледі.
Жанартаулардың атқылау кезінде шығатын сұйық лава таужыныстары жер бетінде ерекше бедер пішіндерді ұрайды, бұл лаваның ағу бейімділігі (ақыштығы) мен оның құрамына байланысты. Өте қою және тұтқыр лава төскейдің жоғарғы жағында-ақ катып үлгереді. Ал, лаваның тұтқырлығы өте жоғары болса, ол жанартаудың көмейінде-ақ қатады да "лавалық бағана" немесе "лавалық барма" ұрайды. Бұған Антил иініндегі Мартиника аралының Мон-Пеле жанартауы жатады. 1902 ж. 23-көкекте осы жерде екі апта бойы жер сілкініп, күл, су буы, улы газдар көкке атқылады. 8-мамыр күні қопарылыс басталды. Тау басының тас-талқаны шығып, отты газ бұлты мен лава бөлшектері төмен құлап, Сен-Пъер қаласын қиратып, 30 мың тұрғын құрбан болды. Бірнеше айдың ішінде жанартау өзегінен биіктігі жүздеген метрге жеткең бармаққа ұқсас лава күмбезі көтеріліп, онысы біраз жылдан кейін бұзылып бітті. Осындай сығылып көтерілу әрекетінен пайда болған жанартауларға Камчаткадағы Безымянный, Шивелуч, Аляскадағы Катмай жанартаулары жатады.
Базальтты лавалар, керісінше бірнеше оншақты км-ге созылған тосқындарды құрауы ықтимал. Мысалы, Гавай және Исландияда ұзындығы 60-70 км-re жететін лава тасқындарын кездесуі ғажап емес.
Лавалық тасқындар қатая бере үстінен күйінді кабыршақпен қапталады. Егер қабыршатың астынан атпаған лава ағып шықса, онда лаваның ішінде грот немесе лавалық үңгірлер пайда болады. Үңгірлердің күмбез жағы қопарылып құлайтын болса, олар бедердің теріс пішіндеріне айналады. Осындай қуыстар мен теріс пішінді лавалық науалар (лавовые желоба) Камчатканың жанартау ландшафтарына тән.
Қатқан лава тасқынының беті ерекше бедер микропішіндерін түзеді: жақпартасты микропішіндер (глыбовый микробедер) және ішек тәріздес лава (кишкообразная лава). Жақпар тасты микропішіндер қырлы немесе балқыған жапартастардың ретсіз үйілуінен және көптеген үңгірлерден құрылады. Мұндай пішіндер лаваның құрамында газдың аса көп болуынан және таскын температурасынын төмен болғандығынан пайда болады. Ішек тәріздес лавалар шынымен өте зор ішектерді немесе бұратылып жатқан арқандарды көзге елестетеді. Мұндай көрініс температурасы жоғары лаваларға тән.
Газ лаваның арасынан атылап шыққан кезде, оның бетінде кішкеңе шоқы тәрізді үйінділер қалыптасады. Мұндай бедерлерді горнито деп атайды. Атқыламай, бір калыпта баяу шыққан газдарды фумаролла дейді. Одан бөлінген бірқатар заттар атмосфералық жағдайларда қоюланады да, газ шығып жатқан жердің айналасында шоғырланады. Жанартау атқылауының жарышақты түрі Исландияда кең тараған. Мұнда жанартаулардың жарықшақты тізбегі аралды оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыска дейін бөлген. Исландияның Үлкең грабені деген тектоникалық қазаншұңқырлар жер қойнауында терең тектоникалық жарылымдарымен ұштасқан. Осы тектоникалық жарылымды бойлап жер қойнауынан шыққан лава жан-жағына тарап, төңіректің барлығын түгел қамтыған. Лаваның жайылған аумағы 565 км2, көлемі - 12 км3. Орасан зор жарықтардан төгілу әрекеті геологиялық соңғы кезеңде Жаңа Зеландияның солтүстік аралдарында, Армения тауларында, Британиялық Колумбияда, Оңтүстік Патагонияда, Декан үстіртінде болған. Әр мезгілдегі лаватық тасқындар бірінің үстіне бірі қабаттасып, аумағы бірнеше ондаған және жүз мындаған шаршы км-ге дейін жететін тұтас үстірттерді қалыптастырған. Мысалы, Колумбия лавалық үстіртінін аумағы 500 мың шаршы км-ден артық, ал оның алындығы 1100-1800 м. Лава бұрын болған жер бетіндегі теріс бедер пішіндердің барлығын қамтып, биіктігі 400-1800 м-ге жеткең теп-тегіс үстіртті құрған.
Теңіз түбіндегі жанартаулар атқылаған кезде лаваның беткі қабаты судың әсерінен тез суиды. Оған оса су қабатының едәуір гидростатикалы кысымы лаваның жарылу процесіне кедергі болады. Соның себептерінен су түбіне төгілген лавалар есебінен қалыптасқан эффузиялық таужыныстар сырт пішіні шар тектес немесе көпшік тұрқылас шоғырларды ұрайды. Әрбір шар тектес құрылымдардың ішкі құрылысы концентрлі болып келеді, ал олардың сыртқы бейнесі кеуек пішінді немесе шыны тектес қабатшамен қапталған.
Жер бетіне төгіліп шыққан лавалар ерекше бедер пішіндерін құрғаннан басқа, бұрыннан қалыптасқан бедер пішіндеріне де әсер етеді. Мысалы, лавалық тасқындар өзен аңғарларын бөгеп, оның бағытын өзгертуі ықтимал.
Эффузиялық магматизмнің бедер кұрайтын ролін айта отырып, жанартаулардың атқылау кезіндегі жер бетінің кеңет өзгеріп кетуін де айту керек. Осыған байланысты оршаған ортаның жалпы табиғат жағдайы да өзгереді. Мұндай өзгерістер эксплозиялық жанартаулар атылаған кезінде өте көп болады. Мысалы, Зонд бұғазындағы Суматра мен Ява арасындағы Кракатау жанартауы 1883 ж. 26 тамызда аткылағанда аумағы 75 шаршы км шамасындағы аралдың үштен екі бөлігі жарылысқа ұшырап, кұл-қоқыса айналған, атқылау материалдары аспанға 16 км-ге дейін көтерілген. Оның орнында тереңдігі 270 м теңіз шығанағы пайда болған. Жанартаудың қопарылуынан теңізде биіктігі 300 м-ге жеткең цунами деген алып теңіз толқындары алыптасып, соның кесірінен ондаған кемелер суға кеткең, Ява мен Суматра аралдардың жағалауында 37 мың адам каза тапқан. Осыған ұқсас мысал Аляскадағы Катмай жанартауының 1912 жылғьг атқылауы. Атқыламай тұрғанда таудың биіктігі 2286 м. дұрыс конус тәрізді болған, аткылағаннан кейін конустың шыңы ирап, көлденеңі 4 км және тереңдігі 1100 м кальдера пайда болған.
Жанартау аймақтарының да өзіне тән ерекше флювийлік бедер пішіндері қалыптасқан. Еріген сулар, сазды тасқындар, атмосфералы сулар жанартаулардың баурайларын шайып радиалды жыра жүйесін құрайды. Оларды барранкостар деп атайды. Бұлар жанартау төбесінен радиалды таралған терең эрозиялық жыралар. Жалпы айтқанда, жанартаулы аймақтарда өзен тораптарының бейнесі радиалды сипатымен ерекшеленеді.
Көптеген жанартау аймақтарында, жер бетіне дүркін-дүркін ыстық су мен бу атылап тұратын көздер кездеседі. Оларды гейзер (исландықтарша qeyser - ұйып кету) деп атайды. Жер қойнауындағы жарыты бойлап, тереңнен температурасы 100°-а дейін жеткең ысты су жоғары көтеріледі. Гейзердің көмейінен алдымен ыстық бу шоғырлары шығады, оған ілесе бірнеше ондаған метр биіктікке ыстық су атқылайды. Сонымен бірге қатты күркіреген дыбыс шығады. Олардың атқылау мерзімі өте тұрақты болып, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін жетеді. Ыстық су натрийдің, магнийдің, калийдің, кремнийдің тұздарын көптеп ерітеді. Арасан шықан маңда бұлар судан шөгіп, қуыс-кеуекті ізбесті не кремнийлі туфтар түзеді. Гейзерлер Камчаткада (гейзер аңғарлары), Исландияда, Солтүстік Америкада (Иеллоустон ұлттық паркі), Жана Зеландияда байқалады. Гейзердің ыстық суы үйлерді, жылыжайларды (теплицаларды) жылыту, электр қуатын алу үшін пайдаланады.
Эффузиялық жанартау әрекеті дамыған аймақтарда жер бетінде денудациялық және қашаланған бедер пішіндері жиі тарайды. Мысалы, қалың базальтты тасқындар мен жамылғылар салындағаннан кейін атмосфералық агенттер әсерінен үгіліп жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады. Осындай тік бағыттағы, кейде көп қырлы бағаналар өзен немесе теңіз жағаларында толқын су әрекетінен тілімделіп керемет көріністерді елестетеді. Кейбір лавалық жамылғылардың үсті, көпбұрышты бөлшектерге жарылып, көптеген полигоналды микропішіндер құрайды.
Жанартау бедері ұзақ уақыт үгілу әрекетінен ең алдымен пирокластикалық материал (кесек бөлшектер мен түйірлер) бұзылады. Одан кейін лавалық және басқа төзімді магмалық заттар экзогенді кашалау әрекетіне ұшырап бұзыла бастайды. Ең соңында жанартау көмейінде кептеліп қалған тік бағандарға ұқсаған көмейтас (некк) сақталып қалады.
Мұхит түбінде, морфологиялық жағынан құрлық бетіндегі жанартаулық жарыцлымдарға ұқсаған су асты жанартаулары, жанартау қыраттары және басқа да жанартаулы ірі құрылымдар жиі тараған. Тыны мұхит түбіндегі оңашаланған су асты жанартауларын "гайота" деп атайды. Олар 250-2500 м тереңдіктегі өңірде байқалады. Кейбір ғалымдар гайоталарды, кезінде су бетіне шығып тұрған жанартаулы аралдар қалдығы деп есептейді. Бұл ғалымдардың түсінігі бойынша үшкір төбесін су бетіне жаын деңгейлердегі абразия әсерінен жоғалтқан бұл көне жанартаулар кейіннен төмен қарай лықсып кеткең деген тұжырымға келеді (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Достарыңызбен бөлісу: |