Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Жанартаулардың жер бетінде таралуы



бет19/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
Жанартаулардың жер бетінде таралуы

Жанартаулар жер бетінде кең тараған. Құрлытан басқа жанартау пішіндері жоғары айтылғандай мұхит түбінде де бар. Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, тек Тынық мұхит ауқымында 3 мыңнан астам суасты жанартаулары кездеседі.


Жер үстінде жанартаулар біркелкі тарамай, белгілі бір зоналарға жинақталған. Осы белдеудің біреуі негізінен бойлық, меридиандык бағытта Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауларында орын алған. Екінші зона Тынық мұхиттың батыс жағалауындағы аралдық иіндерге шоғырланған. Жалпы айтқанда Тынық мұхит шеңбері жұқа мұхиттың қыртысы мен Құрлықтің (ұрлықтың) қалың ыртысының жапсарын шектейді. Белдеудің мұхит жағындағы тереңдігі 7 км-ден 11 км-ге дейін жеткең терең науалар, ал құрлы жағында биік тау жоталары (Кордильер-Анды) немесе арал иіндері (Курил, Жапон, Филиппин, Тайвань) орналасқан. Осылардың пайда болуы мұхит пен құрлық жапсарында ойсыра терең жер мантиясына дейін жеткең, мұхиттан материкке қарай еңкіш кұлаған тектоникалық жарылымдарға байланысты. Мұндай терең және көлбеу жатқан сейсмоактивті жарылымдарды 1938 ж. Жапон сейсмологы К.Вадати ашқан. 1946ж. совет ғалымы академик А.Н.Заварицкий осы жарылымдардың бойымен Тыны мұхиттың отты шығыршығы деген жанартау белдеуі орын тепкеңін көрсетті. 1949 ж. американ сейсмологы Х.Беньофф бұның толық сипаттамасын берген. Қазір солардың құрметіне мұны Вадати-Беньофф Заварицкий зонасы деп атайды. Осы тектоникалы жарылымдарды бойлап мұхиттық тақта (плита) төмен қарай кұрлы астына ығысады. Сонда мантияға кірген мұхит қыртысы балып, базальт құрамды магма береді. Сол магма қысымнан көтеріліп жанартаулардың тізбегін кұрайды.
Үшінші жанартау белдеуі Жерорта теңізінен Индонезияға дейін созылған ендік бағыттағы белдеу. Бұл кайнозой эрасының соңында жойқын Альпі қатпарлану әрекетінен пайда болған белдеу. Қазіргі заманда тау қатпарлану процестері бәсеңдеген. Белдеудің орта шегіндегі Қарпат, Кавказ, Қарақорым тауларында жанартаулар сөнгенімен, оның батыс (Везувий, Этна) және Шығыс жағында (Кракатау, Тамбора т.б.) жанартаулар қазіргі заманға дейін атылап тұр. Атлант белдеуін құрған, осы мұхиттың орталық жотасында орналасқан төртінші жанартау белдеуі бар. Мұнда тектоникалық жарылымдар бойымен тізелген жанартаулардың көбі су астында атқылайды.
Бойлық бағытта созылған Шығыс Африка жанартау белдеуі ұрлықтық рифтер жүйесінің терең тектоникалық жарылымдарымен байланысты. Бұл белдеудің жанартаулары қазіргі заманда сөнген. Сондай-ақ сөнген жанартаулар Байкал ойпаңының маңында және Кытайдағы Санганхә аңғарымен Хинган тауларында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет