16. Сақиналы ұрылымдар
Сақиналы (шеңберлік) ұрылымдар (кольцевые структуры) жаратылысына қарай екі түрге бөлінеді: плутоңды, яғни магма әсерінен қалыптас-кан интрузиялық шоғырлар немесе денудациялық әсерінен қашаланған жанартаулар (отпрепарированные вулканы) және жасынтастардың (метео-риттердің) жер бетіне құлауы әсерінен пайда болған құрылымдар.
1966 ж. Г.З.Попованың "Қазақстанның қатпарлы аймақтарының шеңберлі және сызықты морфоқұрылымдары" (коль-цевые и линейные морфоструктуры Казахстанской складчатой страны) деген монографиясы жарыққа шықты. Бұл еңбекте Сарыарқа территориясындағы дөңгелек немесе сопақ пішінді интрузиялық құрылымдарға алғашқы рет талдау берілген. Жанартаутекті сақиналы ұрылымдарды көне римдіктердің жерасты құдіретінің атына ұқсас "плутон" деп атап кеткең. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан аумағында Бурабай, Машанск, Сарысу, Екібастұз және т.б. жанартаутекті сақиналы морфоқұрылымдар анықталған. Олар бір-бірінен геологиялык ұрылыстарымен, морфометриялық және морфологиялы көрсеткіштерімен жер бетінде айқын ажыратылады.
Мөлшері жағынан плутонды сақиналы ұрылымдар әр түрлі болады. Зор көлемді сақиналы морфоқұрылымдар екінші, үшінші, төртінші, бесінші және одан да жоғары кіші морфоқұрылымдармен күрделіленеді. Олардың көлденеңі 10 км-ден 1000 км-ге дейін және одан да жоғары. Г.З.Попованың айтуынша, осындай концентрлі морфоқұрылымдар литосфераның тектонлық-магмалык режимінің оралымды (циклды) өзгеруі жағдайында дамыған.
Жанартаутекті сақиналы құрылымдармен қатар жер бетінде космогендік факторлардың әсерінен пайда болған метеориттік кратерлер – астроблемалар жатады. «Астроблема» грек тілінен аударғанда «жұлдыз жаралары» деген сөзді білдіреді. Мұндай бедер пішіндері жасынтастардың (метеориттердің) жер бетіне құлауы кезінде түзіледі. Астроблемалар немесе метеориттік кратерлер әр аумақтағы және әр жастағы сақиналы құрылымдар түрінде болады. Жер бетіндегі 5000-нан астам сақиналы құрылымдар ғалымдар метеориттік кратерлерге жатқызады. Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша шамамен 150 жуық метеориттік кратерлер толық белгіленген. Олар жер бетінде әркелкі таралған. Мысалы, Солтүстік Америкада олардың саны 62, Еуропада 30, Азияда 26, Африкада 16, Австралияда 8, Оңтүстік Америкада 5. ТМД аумағында әртүрлі сақталған 29 метеориттік кратерлер зерттелген. Қазақстанда белгілі космогендік сақиналы құрылымдарға Балқаш көлінен солтүстік-батысында Баяулысай және Алтай өзеннің аралығында орналасқан Шұнақ (33-сурет) және Солтүстік Арал маңындағы Жаманшын метеориттік құрылымдар жатады.
Бұрын ғалымдар Шұнақ сақиналы құрылымды ежелгі қашаланған жанартау (отпрепарированный вулкан) деп санаған. 1977 жылы бұрғыланған ұңғымалардан алынған тасбағанды (кернді) мұқият зерттегеннен кейін бұл құрылым жанартау емес, метеориттік кратері екеңдігін Қазақстан геологы Б.С. Зейлик дәлелдеп шықты. Осы метеориттік кратердің үстінде теріс магниттік аномалия байқалған. Сонымен қатар мұнда аллогенді брекчиялар да кездеседі. Олар әр дережеде соғылып жарылған және өзгерілген жергілікті таужыныстар сынықтардан тұратын импактиттер.
Сақиналық құрылымдар дөңгелек немесе сопақ пішінді болып келеді, олардың диаметрі бірнеше метрден 100 км-ге дейін және одан да жоғары болады (Шұнақ құрылымының көлденеңдігі 32 км, Жаманшын құрылымының көлденеңдігі 5 км). Соынмен қатар олар күрделі морфологиялық морфологиялық сипатымен ерекшеленеді. Геологиялық жастары әртүрлі: төрттік кезеңнен 200 млн жылға дейін. Мәселен, Шұнақ сақиналы құрылымының жасы миоцен, ал Жаманшын құрылымының -0,69-0,85 млн жылдар шамасында //.
Қазақстанның геологы Б.С. Зейлик метеориттік құрылымдарына Мексика шығанағын Охот және Беринг теңіздерін жатқызады //.
Плутондық сақиналы ұрылымдар қашалған жанартаулардың өзінен, яғни интрузиялық (негізінде гранитты массивтерінен құралған) таужыныстардан тұрады.
Сақиналы ұрылымдарды зерттеудің ғылыми мағынасы ғана емес, практикалық мағынасы да зор. Осы геологиялы ұрылым-дармен әр түрлі кеңорындары байланысты. Мысалы, белгілі Алмалы, Актоғай, Бөрлі, Саяқ және т.б. кеңорындары сақиналы құрылымдарға жатады. Сақиналы ұрылымдармен Қазақстанның алмас кеңорындарын байланыстырады.
Бедерді одан әрі зерттеуде ғарыш мәліметтерін пайдалана отырып, жер бетінің сақиналы морфоқұрылымдарын анықтау және қазба байлықтарын іздестіру болашақтағы іс болып табылады. Сақиналы ұрылымдар барлық күн жүйесінің планеталарына тән.
33-сурет. Қазақстандағы Шұнақ сақиналы құрылымның әуеден түсірілген суреті.
Достарыңызбен бөлісу: |