Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Жер қыртысының құрылысы және бедердің



бет23/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

18. Жер қыртысының құрылысы және бедердің
планеталық пішіндері

Жоғарыда айтылғандай, эндогендік процестердің әсерінен бедердің мега-макро - және мезопішіндері қалыптасады. Сонымен қатар, бедердің аса ірі пішіндері - планеталық пішіндер, жердің ішкі күштерінің әсерінен пайда болып, олар жер қыртысының әртекті түзілуінің негізі болып саналады.


Жер қыртысы дегеніміз - литосфераның беткі бөлігін құрайтын төменгі жапсары Мохорович деңгейімен шектелген. Жер планетасының ең үстіңгі абаты. Жер қыртысы жазық бағытта да, көлденең бағытта да біркелкі емес. Геофизикалық зерттеулер арылы, сондай-ақ терендік сейсмикалық зондылау (глубинное сейсмическое зондирование) жұмыстарының нәтижесінде мұнда жоғарыдан төмен қарай үш түрлі қабаттарды, яғни шөгінді, гранитті және базальтты қабаттарды даралауға болады; бұл қабаттардың даралану принципі олар арқылы өткен серпінді толқындар жылдамдығының айтарлықтай өзгерістерге ұшырайтындығына, яғни олардың тереңдеген сайын арта түсетіндігіне негізделген. Жер қыртысының жазық бағыттағы әртектілігі құрлықтық (материктік) және мұхиттық қыртыстардың айтарлықтай айырмашылықтарынан туындайды (35-сурет).


35-сурет. Құрлықтар және мұхиттар астындағы жер қыртысының құрылысы (М.В. Муратов бойынша) 1-су; 2-шөгінді таужыныстар; 3-гранитты қабаты; 4-базальтты қабаты; 5-жердің мантиясы (М-Мохорович беті); 6-жоғары тығыздық таужыныстарымен құралған мантия бөлігі; 7-төмен тығыздық таужыныстармен құралған мантий бөліктері; 8-тереңгі тектоникалық жарылымдар; 9-жанартау конустары және магмалық каналдары (О.К. Леонтьев; Г.И. Рычагов, 1988).

Құрлықтарға (материктерге) тән жер кыртысының алыңдығы орта есеппен 30-40 км шамасында, кейбір жерлерде, әсіресе таулы аймақтарда бұл көрсеткіш 70 км-ге дейін жетуі ықтимал. Құрлықтық қыртыс құрамында жоғарыда сөз болған үш түрлі қабаттың үшеуі де кездеседі. Жоғарғы қабат-шөгінді қабат (тығыздығы 1,8-2,5 г/см3). Ол алуан құрамды, жасы да әртекті және қатпарлану дәрежесі де әр түрлі шөгінді таужыныстардан тұрады. Оның қалыңдығы 0-метрден 20 км-ге дейін. Екінші абат - көбінесе қышыл таужыныстардан құралған ішкі құрылымы мен құрамы жағынан гранитке жақын "гранитті қабат". "Гранитті қабаттың" тығыздығы 2,5-2,75 г/см3, қалындығы биік жас таулар астында 30 км-ден асады, жазық жерлерінде 15-20 км шамасында. Бұл таужыныстар негізінен әр түрлі деңгейлерде пайда болған магма балқымаларының жер бетіне жетіп үлгермей-ақ қатып қалуы нәтижесінде қалыптасқан. "Гранитті қабаттың" астында "базальтты қабат" бар, ол шартты түрде белгіленген. Демек осы қабаттан өткен сейсмикалық толқындар жылдамдығы базальттан және базальтқа жақын таужыныстардан өткен толқындар жылдамдығына ұқсас. Мысалы лабораториялық зерттеу нәтижелері бойынша граниттердегі сейсмикалық қума толындардың өту жылдамдығы 5-6 км/сек болса, ал базальттарда 6,5-7 км/сек екеңдігі аныталған. "Базальтты қабаттың" тығыздығы 2,75-3,00 г/см3, бұл мантия есебінен қалыптасқан біршама салмақты таужыныстары. Құрлыта "базальтты абаттың" шын құрамы осы уақытқа дейін белгісіз. Оның қалындығы 15-20 км,


Жер ыртысының ұрлықтық түріне жер бетіндегі материктер сәйкес келеді. Материктер - жердің геологиялық даму барысында оның сырты қабаттарының физикалық-химиялык және гравитациялық жіктелуі нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды өте ірі гетеротекті денелер. Материктер екі ірі-ірі морфоқұрылым болмысына - платформаларға және геосинклиндерге жіктеледі. Платформалар салғырт тектоникалық режиммен сипатталатын материктер өңірінің басты құрылымды элементтерінің бірі. Олардың аумағы миллиондаған шаршы километрмен өлшенеді, көлденең қимасы бір-бірінен анық ерекшеленетін екі түрлі құрылымдық абаттан- іргетастан және платформалық жамылғысынан тұрады. Платформалық жамылғы қабаттан көмкерілген тұстарын тақта (плита) деп атайды. Олар жер бетінде кең ауқымды аккумуляциялық жазықтар немесе үстірттер түрінде көрініс береді. Ал, платформаның жер бетіне шыққан іргетасын алқандар деп атайды. Мысалы, Европа платформасының Балтық және Украин қалқандары, Сібір платформасының Алдан қалқаны бар және т.б. Қалқан айматарында көне қатпарлы қыраттар мен денудацияланған жазықтар (пенеплендер) кең дамыған. Мысалы, Орталық Қазақстандағы Қазақтың қатпарлы өлкесі жер бетінде Сарыарқаның ұсақ шоқылары мен денудацияланған жазықтар түрінде көрініс береді.
Материктердің қозғалмалы зоналарында - ішкі материктердің геосинклинды қатпарлы белдемдері мен эпиплатформалық орогендік белдемдер орын тепкең. Ішкі материктік геосинклинды қатпарлы зоналар өте ауқымды да қарқынды тектоникалы қозғалыстармен, сейсмикалық қарқындылығының биік дәрежесімен, қатпарлар мен үзілмелі кұрылымдарының жаппай етек алуымен ерекшеленеді. Бедерде мұндай белдемдердің орнында биік-биік тау жоталар жүйелері пайда болады. Эпиплатформалық орогенді белдеулер де жоғары бағытталған озғалыстардың жетекші ролімен, катпарлы-құжбанды таулы аймағының түзілуімен сипатталады.
Жер қыртысының ұрлықтық түрі құрлықпен шектелмей, теңіз астындағы материктің шетін де қамтиды. Теңіз астындағы жер қыртысы құрлық шетіне (подводные окрайны континентов) материктік қайраңға (шельфке), материктік беткейге (материковый склон) және материктік етекке (материковое подножие) жіктеледі (36-сурет).


36-сурет. Атлант мұхитының астындағы Солтүстік Америка материгінің шеті: материктік қайраң (шельф), каньондармен тілімделген материктік беткей, материктік етек (О.К. Леонтьев, Г.И. Рычагов, 1988).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет