19. Материктердің жаралуы және литосфералық тақталар тектоникасы туралы болжам
Қазіргі заманда материктер мен мұхиттардың жаралуы жөнінде көптеген геотектоникалық болжамдар бар, біз солардың маңыздыларына тоқталамыз.
Материктер мен мұхит жаралуларының тұрақтылығы немесе фиксизм гипотезасы. Бұл бағытты қолдаушылардың ойынша (Виноградов, 1967, Белоусов, 1972), материктер өздерінің сырт бейнелері мен көлемдерін өзгерткеңімен, әрқашан да өз орнында қозғалмай қалады. Олар орогеңдік (тау жаралу) процестердің және геологиялық кұрылымдардың пайда болуын тік бағыттағы тербелмелі қозғалыстармен байланыстырады. Тербелмелі қозғалыстар жер қойнауының әр деңгейлерінде етек алған түрлі-түрлі физикалық-химиялық процестермен және радияциялық заттардың ыдырауымен тығыз байланыста болса керек. Осындай тектоникалық қозғалыстар планетаның ішкі қабаттарынан бөлінетін жылу ағындары және заттардың үздіксіз дифференциялануы, сонымен қатар планета болмысына тән гравитациялық энергия және тағы басқа құбылыстар арылы пайда болады деп тұжырымдайды.
Осы ғалымдардың айтуынша, жер қойнауындағы астеносфераны құрайтын таужыныстар жеңіл болғандықтан жоғары көтеріліп, жер бетіне жетіп төгіледі. Кейде базальтпен ілесе шыққан ультранегізді таужыныстар жер кыртысын ауырлатып, төмен қарай майыстырады. Бұл режим геосинклиндік режим деп аталады. Жердің терең қабаттарындағы әр түрлі термодинамикалық (физикалық-химиялық) жағдайларға байланысты мета-морфизм және граниттену әрекеттері байқалады. Кейінірек жоғары бағытталған қозғалыстар басым болып, жаппай көтерілу орын алады да, тау жаралу, немесе "орогенез" процесі басталады. Осының нәтижесінде пайда болған таулар, экзогендік әрекеттерге байланысты біртіндеп бұзылып, ыдырай бастайды. Магмалық және тектоникалық әрекеттер әлсірейді. Ең соңында, таулар тегістеліп, олардың орнында денудациялы жазықтар (пенеплендер) қалыптасады да тектоникалық тыныштық жағдайларда, платформалық режимге ауысады. Ал мұхиттар материктер негізіндегі ескі платформалардың орнында мезозой кезінде пайда болды деп "фиксистер" тұжырымдайды.
Бұл гипотеза көптеген геологиялы процестерді дұрыс түсіндіреді, біра оны мұхиттың тарихи дамуына колдану өте иын. Материктер құрылымының мұхит шеқарасында жоғалатыны оның жалғасы теңіз текті ұрылымдармен байланысы түсініксіз.
Материктердің ығысуы, немесе мобилизм болжауын ең алғаш неміс геофизигі Альфред Вегенер 1915 жылы ұсынды. Вегенердің топшылауынша, күн мен айдың өзіне тарту күшіне және жердің айналуынан туындайтын ортадан тепкіш күш пен полюстен экваторға бағытталған ортаға тартқыш күштердің әсеріне байланысты жер қыртысының гранитті абатының жиырылып алындауынан палеозой эрасының басында жердің солтүстік жарты шарында Лавразия, оңтүстік жарты шарында Гондвана мегаматериктері қалыптаскан. Олардың аралығында Тетис атты мұхит болған. Бұдан 250 млн. жылдар бұрын, яғни палеозой эрасының соңында материктер бірігіп "Пангея" деген суперконтинент ұрған. Мезозой дәуірінің ортасына қарай, юра кезеңінен бастап ірі геотектоникалы бұзылыстар мен деформациялар нәтижесінде бұрынғы континент біртіндеп бөлшектеніп, жеке материктерге ажырап қазіргі кездегі орындарына қарай ауыса бастаған. Солтүстік Америка Еуропадан, Оңтүстік Америка Африкадан бөлініп батыска қарай ығысты, олардың аралығында Атлант мұхиты пайда болды. Ал Антрактида оңтүстікке қарай, Австралия оңтүстік-шығысқа, Үндістан солтүстік-шығыс бағытқа қарай ығысып, орындарын ауыстырды. Олардың аралытарында Үнді мұхиты құрала бастады. А.Вегенер өзінің идеясын дәлелдеу үшін көптеген қосымша геологиялық-геофизикалық мәліметтер келтірген. Мысалы Оңтүстік Америка мен Африканың геологиялық құрылымы мен құрамдарының ұқсастығын және жағалау бейнелерінің үйлесімділігін анықтаған.
А.Вегенердің айтуы бойынша, Тынық мұхит дүниежүзілік ең алғашы мұхиттың алдығы болып саналады. Ал Атлант және Үнді мұхиттары кейіннен пайда болған. Қатпарлы айматардың түзілуі континенттердің бір-бірімен соқтығысу әрекеттеріне байланысты деп тұжырымдаған. Мысалы, Гималай таулары Үндістанның Азия материгімен соқтығысу нәтижесінде, ал Кордильер және Анды тау жоталары Солтүстік және Оңтүстік Америка материктерінің жылжуы кезінде олардың алдыңғы жақтары, қатпарланып тауға айналған. Сөйтіп мобилистер гранит тектес таужыныстарынан құралған ірі континентті массивтер, өздерінің меншікті салмағының жеңілдігіне байланысты су бетінде алқып жүрген "айсбергтер" сияқты астеносфера абаты бетімен ығысып отырып, орын ауыстырады деп санаған.
Материктер мен мұхиттардың жаралуы мен континенттердің ығысуы А.Холмстың (1929) пікірі бойынша жер қойнауында жиналған радиоактивтік жылу әсерінен туындайтын конвекциялық ағындармен байланысты. Мантия қабатындағы заттар радиоактивтік энергия әсерінен балқып, олардың тығыздығы азайып, жеңілденеді де соның нәтижесінде олар жоғары қалқып шығып, жер бетіне жақын келген кезде көлденең бағытта жайылып біртіндеп қатаяды, ал салмағы ауырлап, тығыздалған жоғарғы қабаттағы заттар, қайтадан төмен шөгіп мантиялық заттармен араласады.
Мұхит ортасындағы жоталарға тән рифт түбіндегі жарықтар бойымен мантия заттарының жоғары шығуы спрединг құбылысының пайда болуына әкеп соқтырады, яғни литосфералық тақталардың бөлшектеніп, бір-бірінен екі жаққа ығысып алшақтауы нәтижесінде жер қыртысының мұхиттық тегі қалыптасады. Вулканизм және жерсілкіну осы құбылыстармен қатарласа жүреді. Осындай мұхит түбінің кеңеюі палеомагниттік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде дәлелденді деуге болады.
Спрединг зоналарда жер қыртысының мұхиттық түрі құралып жатқанда, ығысан литосфера такталарының алдыңғы жағы басқа тақталардың астына сүңгіп кеткең жағдайда "субдукция" процесі, ал екінші тақталардың үстіне жылжып кетсе "обдукция" процесі жүзеге асады. Мұндай зоналарда терең мұхиттық науалар (Мариан және Филиппин ойпаңдар) және оларды жиектеп қамтитын аралды иіндер (Жапон, Курил аралдары), құрлықтық аймақтарда Кордильер, Анды сияқты таулар түзіледі. Егер екі материктік такталар бір-бірімен соқтықса "коллизия" процесі пайда болады. Мысалы, Үнді такта Еуразия тақтасына ығысып соқтығуы нәтижесінде Гималай, Қара-қорым, Памир, Гиндукуш сияқты зәулім қатпарлы таулар құрылған. Субдукция және обдукция нәтижесінде қалыптасқан аралды иіндер және материктердің таулы құрылыстарын құраған таужыныстары қатпарларға жиырылып әр түрлі үзілмелі деформациялары ұшырап, сонымен қатар интрузиялық және эффузиялық шоғырлармен күрделінеді.
Сөйтіп, спрединг зоналарында жер ыртысының құрамы жаңарып отырады да, субдукция зоналарында жер қыртысының заттары төмен қарай ауысып, астеносфера деңгейінде балқу әрекеттеріне ұшырайды, ал обдукция аймақтарында таужыныстары қатпарларға жиналып жер бетінде иін тәрізді заңғар тауларды құрады.
Литосфералық тақталар тектоникасы туралы теория бойынша Жер шарының сырты қатты қабаты бірнеше ірі-ірі бөлшектерге, яғни литосфералық тақталарға бөлінеді (37-сурет). Олар бір жағынан спрединг белдемдерімен шектелсе, екінші жағынан "субдукция", "обдукция" немесе "коллизия" белдемдерімен шектеледі. Әрбір такта спрединг зонаінен субдукция немесе обдукция белдеміне қарай бір бағытта жылжып отырады. Бұл тақталардың қозғалысы кезіндегі олардың бір-бірімен соқтығысуы тек қана жерсілкіністерін тудырып қана қоймай, сонымен қатар жанартаулар атылауына себепкер болады.
37-сурет. Литосфераның негізгі тақталары (Н.Сейітов, 1991)
Литосфералық таталар саны бар-жоғы он-он бестен аспайды. Бұл тақталардың заттық болмысы континенттерде де, мұхиттардан да тұруы мүмкін. Бұлардың басты-бастылары Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Үнді, Австралия, Антрактида, Тынық мұхит, Аравия, Наска және Кокос атты тақталар. Әрбір литосфералық тақта үш түрлі шеқаралармен шектеледі. Бұл шеқаралардың біріншісі - Орта мұхитты жоталар, екіншісі мұхиттағы шұңғыл науалар, ал құрлыта - екі континенттің өзара соқтығуынан пайда болған биік таулы зоналар, үшіншісі - трансформалық тектоникалық жарылымдар.
Литосфералы тақталар тектоникасы тұжырымдамасын жасақтаушылардың жарын өкілдері: Д.Мак-Кеңзи мен Р.Паркер (1967) және У.Дж.Моргал (1968). Кейін француз ғалымы Ле Пишон планетамыздың даму зандылытарын одан әрі дамыта түсті. Ол Жер шарының сыртқы келбетін ірі-ірі литосфералық тақталарға бөле отырып, сол тақталарға тән қозғалыстарды бір-бірімен салыстыра зерттеді. "Литосфералық тақталар тектоникасы" туралы тұжырымдаманы зерттеуге Ресей ғалымдары (Монин, 1977), Серохтин (1974,1979), Ушаков (1974) және т.б. үлкең үлес косты. Бұл орайда Н.Сейітов, А.Авдеев сияты қазақстандық ғалымдардың еңбектерін де атап өту орынды. Егер литосфералы тақталардың келешектегі ығысу бағыттары қазіргі кездегі бағытын сақтайтын болса, американ геологтары Р.Дитц пен Дж.Холденнщ болжамы бойынша, болашақта Австралия солтүстікке қарай жылжи отырып Калимантан, Сулавеси, Суматра және Лусон аралдарын солтүстік-шығыс Азияға қарай ығыстырады. Үнді тақтасы Орталық Азияны тықсырып Гималай, Тибет, Тянь-Шань және Памир тауларының одан әрі биіктеуіне әсер етуі ықтимал.
Африка материгінің солтүстік бағыта жылжуы барысында Жерорта теңізін біртіндеп тарылта түседі. Біртіндеп сығыла келе Жерорта теңізінің түбінде қатпарлар түзіліп, тау жоталары пайда болады. Альпі мен Атлас таулары бұрынғыдан да биіктей түседі. Кейінірек Жерорта теңізі кішігірім көлдерге бөлшектеніп, мүлдем таусылуы да мүмкін. Тұтас жатқан Африканың шығыс бөлігінде меридионалды бағытта созылған ¡лы Африканың тектоникалық жарылым бойымен Африка материгі бөлшектенуі мүмкін. Арнаулы құралдар арқылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазіргі кездің өзінде-ақ аталған тектоникалы жарылымдардың кеңейе түсетіндігін байқауға болады. Осы тектоникалық жарылымның ені жылында бірнеше сантиметр жылдамдықпен кеңейетін болса, геологияның келешегінде Африка материгі өзінің шығыс бөлігін жоғалтқан болар еді. Ал Мадагасқар аралы Құрлықтен одан сайын алыстай түседі. Сондай-ақ Қызыл теңіз бен Аден шығанағьі кеңейіп, солар аркылы Үнді мұхиты Жерорта теңізімен бірігеді (Н.Тұяқбаев, К.Арыстанов, Б.Әбішев, 1993).
III ТАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |