Солифлюкциялы беткейлер (лат. solum - топырак, ttuxus -ағын) жоғарғы ендіктерде мәңгі тондардың жер бетіне жакын орналасуынан және биік тауларда суға толық қаныан жер бетіндегі жібіген топырақтың су өтпейтін мәңгі тондық қабатының үстімен баяу сырғып төмен ауысуы. Солифлюкцияның дамуына жер бетіндегі топырақтың қатуы мен жібуі, жібіген қабаттардың аса ылғалдануы, су фазаларының алмасуы, топыратың ату кезіндегі ұлғаюы мен шөгуі және т.б. криогендік процестер, ылғалдан беткейлердегі топырақ салмағының артуы себепші болады. Нәтижесінде топырақ сұйықтану қабілетіне ие болып, жұқа қабатты қоймалжың түрінде төмен қарай сырғиды. Топырақтың солифлюкциялық ағысы әр түрлі құлама беткейлерден, тіпті 2-3° еңістіктен-ақ басталады. Солифлюкция қозғалысының жылдамдығы жылына бірнеше сантиметрден бірнеше метрлерге дейін, ол аса жылдам өтетін апатты жағдайларда сағатына жүздеген метрге жетеді.
Әдетте солифлюкцияның ағу жылдамдығы жылына 3-метрден 10 метрге дейін жетеді. Мұндай солифлюкция баяу солифлюкция ағысымен салыстырғанда жылдам солифлюкция ағысына жатады. Солифлюкция ағысы қалың болмайды, не бары 10-60 см. Беткейлердің төменгі бөлігінде, солифлюкциялды ағыны бәсеңдеп қалындығы 1 метрге дейін және одан да астам солифлюкциялы террасалар және солифлюкциялық тілдер құрайды. Олардың ені ондаған метрлерге жетуі мүмкін, ал құрамы жағынан олар көбінесе лайдан, саздан, ұмайттардан, ұмдақтардан және құм түйірлерінен тұрады. Ірі кесекті түйірлер солифлюкциялы террасалар мен солифлюкциялы тілдердің төменгі және алдыңғы шегінде кездеседі. Биік ендіктерде солифлюкция - өзен аңғарларының және уақытша ағын сулардың негізгі тасымалдау материалының көзі болып табылады.
Делювийлік беткейлер. Бүкіл бетін бытысқан жіңішке шапшымалар түріндегі жиі тормен жапқан жаңбыр немесе қар сулары ағындарының әсерінен борпылдақ материалдардың төмен қарай орын алмастыру нәтижесінде пайда болған еңісті жазықтарды делювийлік беткейлер деп атайды. Шайылған кіші-гірім сынықтар мен түйірлер тау-төбенің бөктері мен етегінде жиналып делювий шөгінділерін құрады (41-сурет).
41-сурет. Делювийлік беткейлер (Суретті түсірген Б.Ж. Әубәкіров.)
Төбе беткейлерінің ұлама бұрышы 2-4°-тан 10-12°-қа дейін. Сорғалап аққан таяз сулардың терендігі 2-3 см-ден 20-25 см-ге дейін барады. Қатты нөсер жауған кезде, төбе баурайлары микробедерінің тегіс еместігіне байланысты су ағындары біресе тарамдалып, біресе қайтадан қосылып эрозия жұмысын жасайды. Мұндай процесс алаңдық шаю (плоскостной смыв) деп аталады. Нәтижесінде беткейлерде кішігірім эрозиялық азындылар (делли) ұралады. Делювийлік шаю нәтижесінде бедер тегістеледі, яғни оның биігірек бөліктері аласарады, ал ойдымдау келген бөліктері шайылған борпылдақ материалмен толып биіктей түседі.
Делювийлік шөгінділер тау етегіне неғұрлым жақындаған сайын, соғұрлым алыңдай береді. Кейде таужыныстар арасында қат-қабаттылық түзілімін байқауға болады. Делювийдің жоғарғы бөлігінде көбінесе іріктелмеген кесектастар, қабыршықтар және кұмдар жиынтығы пайда болса, төменгі етегі майда үйінділерден, құмдақ, саздақ таужыныстардан түзіледі. Жоғарыда айтылғандай жазытық шаю себебінен тілімделген ойлы-қырлы бедер өлкесі аырында түгел тегістеліп жазыа айналады.
Делювийлік шөгінділердің шашылымдарды іздестіруде (поиски росыпей) едәуір практикалык мағынасы бар.
Делювийлік шашылымдар беткейлік шоғырланудың нәтижесі болып табылады. Делювийлік шашылымдар пайдалы азбалардың түпкі қазба орнынан шоғырлану орнына тасымалдап ауысу жолындағы бірінші қадамы. Шашылымдардың құрылуы беткейдің бойлы кескініне және морфологиясына, микропішіндер сипатына, ұламалылығына және биіктігіне байланысты. Мұнда шашылымды материалдың іріктелуі жазықтық шайылу әсерінің және гравитациялы әрекеттің үлес салмағына қарай жүзеге асады. Үгілу процесі нәтижесіңде түпкі таужыныстардан босаған минералдар мен таужыныстары беткей бойымен төмен жылжи отырып, жол-жөнекей майдаланады. Салмағы жеңіл минералдар тез майдаланады да, шашылымдарды түзбестен төмен қарай кішігірім арналар бойымен шайылып кетеді. Үгілу қабатының одан әрі шайылу барысында және жұқа топырақ бөлшектерінің сүзілуіне байланысты, жалпы борпылдақ таужыныстардың көлемі азайып, делювийдің пайдалы компоненттері молаяды.
Бедерде бұл кластық шашылымдар делювийлік шлейфпен тығыз байланысты. Өзінің морфологиясына қарай олар баурай бетінде элювийлік шашылымдардың жоғарғы нұсқасын қайталайды. Әдетте делювийлік шашылымдардың жоғарғы жағы пайдалы компоненттерге бай болады. Беткей бойымен төмен қарай жылжи келе металл түйірлері жеке-жеке жылғаларға бөлініп шашылымды жүйесін құрайды. Делювий класты шашылымдарºа Якутия мен Африкадағы алмас, Якутиядағы тау хрустальдары, және Қазақстанның корунд шашылымдары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |