Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет41/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Арнаның бойлық бейіні

Кемеліне келіп қалыптасан аңғарда арна бастаудан сағаға дейін тепе-теңдік ойпаң қимасымен немесе еңістіктің біркелкі кемуімен сипатталады. Алайда, іс жүзінде оның бойлық кескіні әркашан шамалы баспалда тәрізді сатылы құрылысқа ие және ол мына себептермен түсіндіріледі.


1) өзен тармақтарының қосылуы нәтижесінде су шығынының өзгеріп отыруы әр сала қосылған жерден төмен қарай эрозияның күшеюіне байланысты арнаның тереңдеуіне әкеліп соктырады;
2) өзен түбін құрайтын таужыныстардың құрамы әр түрлі болады. Жұмсақ таужыныстар дамыған бөлікшелерде өзендер оңай теренделеді, ал төзімді түпкі таужынысы бөліктерінде тайызданып, шоғырларды түзеді;
3) жер қыртысының дифференциялдық қозғалыстарына байланысты тектоникалық жарылымдар, лысу, грабен, горст құрылымдардың аңғар бойында кездесуі.
4) жоғарыда айтылған екі себеп-салдарынан өзен бойындағы шоңғал бөлікшелермен сарқырамалардың кезектесуі. Шоңғалдық бөлікшелерде өзен құламасы әр километр сайын ондаған метрге жетуі мүмкін. Бұған мысал ретінде ұзындығы 90 км Днепр өзенінің шоңғалдарын келтіруге болады. Олар Днепро ГЭС-ті салғаннан кейін су астында калды. Ал, сарқырама деген - өзен арнасының тік жартасты биік бөлігінен судың төменге құлауы. Мысалы, бүкіл әлемге әйгілі Ниагара сарқырамасы - 50 м биіктіктен құлайды, Африкадағы Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы одан да биік - 119 м., ал Курил аралдарындағы Итуруп аралындағы Илья Муромец сарқырамасының биіктігі - 114 м-ге дейін жетеді;
5) өзен бойында шұңғымалар мен қайрандардың орналасуына байланысты арна түбінің тереңденген және тайыз келген бөліктерінің заңды түрде кезектесіп ауысып тұрады.
6) арнаның бойлық бейіні өзеннің жасына (көнелігіне) де байланысты. Егер жас өзендерде арна өңделмеген тегіс емес едәуір баспалдақты болса, ескі өзендер, керісінше, тегіс, еңістігі біралыпта төмендеуімен сипатталады. Ал, әр көзендегі құрама өзендердің бойлық кескіні одан әрі күрделі болады. Бұдан басқа аңғар жағаларында басқа да процестер, мысалы, опырылмалар, жылжымалар және т.б. құбылыстары және арна түбінде дамыған мәңгілік тоң бөлікшелері кездесуі ықтимал.
Сонымен, өзен өз аңғарының бір бөлігін тереңдетіп, басқа бөлігінде арна түбін тегістеп, өзен өзінің бойлық кескінін құрастыруға әрекет жасайды. Соған қарамастан өзен түбінде әрқашан әртүрлі мөлшерде тегіс емес кедір-бұдыр микропішіндер кездеседі. Өзен дамуының соңғы кезеңінде немесе кеуіп алған өзен аңғарларында да тереңдігі 10-15 м-ге жететін шұңқырлар (мысалы, Өзбекстандағы Өзбой өзенінде) және құламалар кездесетіні белгілі.
Сөйтіп, арнаның бойлық кескінінде кіші-гірім баспалдақ саты тәрізді құрылымдардың қалыптасуы - кез-келген өзеннің ашан да болса даму кезеңіне тән занды құбылыс екеңдігін байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет