Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзен меандрлары, меандр түрлері



бет40/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Өзен меандрлары, меандр түрлері

Өзеннің ырғақты түрде ирелеңденуі меандрлар деп аталады. Меандар төмендегідей бөліктерден тұрады (58-сурет).


58-сурет. Өзен меандырының элементтері: a - меандр зонасы; б -меандр қадамы; в - меандр мойыны; г - арна бойы жалдар; д - шпорлар; е-жылжымалы желпеуіштер; ж - меандр радиусы (М.Ж. Жандаев бойынша).


a - меандр зонасы - меандр иіндерін шектеуші сызықтардың арасындағы белдеу;


б -меандр қадамы екі иіндер арасындағы арақашықтық;
в - меандр мойыны - иіндердің бір-біріне ең жақындаған
бөлігі;
г - арна бойындағы жалдар (прирусловые валы) - иіндердің жайпақ шығыңқы жағасында жинаталған аллювийлік материал;
д - шпорлар - өзен иіндері ішіндегі түпкі таужыныстарының алдықтары;
е- жайылма құм жалдарының жылжымалы желпеуіштер;
ж - меандр радиусы - иін ортасына өзен ортасына дейін өлшенетін иіннің дөңгелену радиусы.
Ағынның алға жылжу бағытьша байланысты, меандр жүйесі сонымен қатар шұңғымалар және қайраңдар жыл сайын аңғар бойымен төмен қарай 0,5-20 м. жылдамдықпен ығысады. Осындай жағдайда меандр мойнының ағысы бойынша жоғары жағы бірте-бірте ағынмен шайылып шпордың негізгі бөлігі жіңішкеріп, к´ктемгі тасқын кезінде оны бұзып өте алады. Осындай жолмен арна түзіледі, ал иірім бөлігі өзеннен шет жаа бөлініп жеке апандар немесе көл тәрізді ескі арна (старица) құрады. Ескі арнаның үлкеңдері көлдерге айналады. Оның түбінде ылай-балшық шөгіп, бұта басып кетеді, кіші-гірімдері жаз бойы құрғап, орнында иінді ойпандар қалады.
Н.И.Маккавеевтің (1955) айтуынша, неғұрлым өзен шығыны көп болып, өзен еңістігі аз болса, соғұрлым иіндердің дөңгелену радиусы жоғары. Жазықтықтағы кіші-гірім өзендер белгілі бір еңістікте үлкең өзендермен салыстырғанда кіші радиусты болып көп иіндерді жасайды.
Осылайша, әрбір өзенде өзінің ағыс жылдамдығы мен суының массасына байланысты белгілі бір иін құру, яғни дөңгелену радиусының шегі болады. Бұл оптималды дөңгелену радиусы өзен түбінің арна ағысына минималды кедергі жасау қабілетіне сәйкес болу керек. Осыдан, өзен иіндерінің дөңгеленуі оптималды радиустан асып кетіп немесе кем болған бөліктерінде, өзеннің қимасы калайда болса бірте-бірте деформациалану арқылы өзара қолайлы жағдайға (катынасына келеді).
Жалпы меандрдың екі түрін ажыратуға болады: 1) аңғарлық меандрлар (врезанные меандры) - олар бүкіл аңғардың иілістерін (бұрылыстарын) бұлжытпай қайталайды; 2) еркін арналық меандрлар (блуждающие меандры) - жалпақ, тегіс аңғардың түбінде пайда болады.
Меандрлардың осы екі түрі өзеннің еркін иректену категориясына жатады, бұл су ағыны мен шайылуға ұшыраған таужыныстардың өзара әрекеттестігімен ғана белгіленеді. Аңғардың созылыңқы иіндері аңғар жағасындағы түпкі таужыныстардың әсеріне байланысты. Мұндай тұрақты таужыныстар өзен өзінің оптималды режиміне сай меандрлар түзуіне мүмкіндік бермейді. Еркін (блуждающие) меандрлар өзеннің иректелу көлеміне әсер ететін төзімді таужыныстарды (кұм, құмаит, саз, малтатастар) жырып өтеді. Негізінде, бұл ұбылыстардың физикалық мәні әр аңғарда бірдей.
Іле Алатауының солтүстік бауырындағы Үлкең Алматы өзені иінінің біреуінде сирек кездесетін құбылысты байқауға болады. Ол - өзеннің иілген тұстарында (вогнутый берег) аралдың түзілуі. Ойлап қарасақ, ағын қатты болғандықтан аңғардың осы бөлігінде мұндай аралдың түзілуі мүмкін емес. Бұл қызғылықты фактының анализі өзен суы режимінің өзгеруіне байланысты. Көктемгі су тасуы кезінде өзен суы мол және жылдамдығы жоғары болғандықтан меандр көлемі де үлкең радиусты болады, ал өзеннің төменгі сабасында су өзінің тасуы кезіндегі үлкең радиусты иінімен аға алмайды, сондықтан су ағыны өз режиміне сәйкес минимальды кедергі бар жолымен ағып, кіші радиусты иінді жасайды. Әр радиусты иін ортасында аллювийдің шөгуіне қолайлы жағдай туады да, құмды арал пайда болады (М.Жандаев, 1994).
Жалпы айтқаңда, аңғар бойында екі түрлі меандр кездеседі. Су тасуына байланысты үлкең радиусты және өзеннің төмен сағасына сәйкес кіші радусты меандр. Алайда, арнаның морфологиялық элементтері негізінен су тасуы кезінде қалыптасатын болғандықтан, судың қайтқан кезіндегі әсері де аз болады, ол аңғардың морфологиясына аз ғана өзгерістер жасайды.
Кейінгі зерттелген мәліметтерден меандрлану құбылысы жазықтағы өзендермен қатар барлық тау өзендерінде де дамитынын көрсетеді. Әрине бұл өлкелерде меандрлар жазықты өзендеріндегідей айқын көрінбейді. Мұнда өзен иіндерінің калыптасуы көбінесе таужыныстарының қасиетіне және тектоника элементтеріне байланысты. Сонымен қатар тау өзендерінде судын ағу жылдамдығы жоғары болуына сәйкес, өзен бұрылыстарында ағынның көлденең циркуляциясы да онша дамымаған, әйтпесе олар айқын көрінген меандрлар жасаған болар еді. Сонымен қатар, таулы аймақтарда кейбір өзеннің бойында айқын көрінетін кіші радиусты иіндер қалыптасады. Мысалы, Есік өзені бойында, бөгеттің төменгі жағында мұндай құбылысты байқауға болады. Осылайша, тау өзендерінде де жазықты өзендеріне ұқсас меандрлану құбылыстары бар. Тек тауда меандрлар айқын білінбеген. Соған қарамастан бұл құбылыстың физикалық заңы әр жерде бірдей.
Далалық бақылау мәліметтеріне қарағанда, алғашқы ағыстардың өзінде-ақ ағынның иіндер құру тенденциясын көруге болады. Каналдар мен арықтар түзу болып салынғанымен бірте-бірте уақыт өткен сайын ирек бейнелі түріне айналып меандр құра бастайды. Мысалы, 1963 жылы Есік өзенінде сел өткеннен кейінгі екінші күні-ақ Есік көлінің түбінде меандр түзеле бастады. Олар өзеннің жаңа қалыптасқан бөлігінде пайда болды, өйткеңі көлдің қазаншұңқыры сел материалымен көміліп қалған болатын. Дәл осындай құбылыс тау етегінде жаңадан қалыптасқан ысырынды конустың бетінде де пайда болды және осы жерде өзен еңістігі едәуір құламалы жағдайына қарамастан (80 м/км) жүзеге асты (М.Жандаев 1994).
Осылайша жер бетінде меандрлану белгісі судың жаңа аға бастаған кезінде пайда болатындығына көз жеткізілді. Бұл М.В.Великанов және Н.С.Шарашкинаның (1958) тәжірибелері арқылы да дәлелденді.
Жоғарыда айтылғандай, меандрланудың негізгі себебі өзенде ағыстың шиыршық спираль тәрізді пайда болуына байланысты және, бұл жерде бүйірлік эрозияның ұзақ уақыт дамуында үлкең роль атқаруы мүмкін.
Ағын өзінің арнасымен өзара тоқтаусыз әрекет жасау барысында тұрақты ағуына әрекет жасайды. Бұл, М.В.Великановтың (1958) пікірі бойынша, ағынның диссипация принципімен (энергия жойылуына байланысты) сәйкес, өзеннің ағуы кезінде түбінде кездескең барлық кедергіні жуып-шаюына ағынның минимальды күш салуымен түсіндіріледі. Өзен ағысының тұрақты және ұқыпты көрінісі - меандрлану болып саналады.
Сонымен, меандрлану процесі - өзен ағысының минимальды күш жұмсау нәтижесінде кедергісі ең аз жолмен ағуы салдарынан пайда болған құбылыс. Меандрлану нәтижесінде өзеннің ұзындығы ұлғайып, шұңғымалар мен қайраңдардың арна бойымен ауысуы, жайылмалар мен террасалардың қалыптасуы, аңғардың меандрлануы арна ағыны дамуының негізгі зандылықтарының бірі болып табылады және өзен аңғарларының барлык морфологаялық элементтерінің қалыптасуы бұл заңдылықтарына тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет