Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзен террасалары мен олардың түрлері



бет43/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Өзен террасалары мен олардың түрлері


Терраса (лат. terra - жер, фр. terras) - өзен аңғарларының бір жағында немесе екі жағында ондаған немесе жүздеген километрге созылған аллювий шөгінділерден қалыптасқан саты тәрізді кертпештенген жазық алаңшалар. Олар ағын судың шаю және аллювийлік материалын тұндыру нәтижесіңде қалыптаскан. Жалпы айтқанда террасалар өзеннің бұрынғы жайылмалары. Олар өзеннің бұрынғы кезде жоғары деңгейінде аанын көрсетеді.
Өзен террасаларының пайда болуы ´зен аңғарларының оралымды (циклды) дамуына байланынысты. Өзен аңғарлары дамуының екі кезеңі (сатысы) байқалады. Алдыңғы жас кезеңінде түпкі эрозия басым, аңғар тар, тік жағалаулы болады. Кейінгі жетік сатысында аңғар жайылымы кеңейіп, оның көлденең кескіні жәшік пішіндес болады. Өзеннің эрозин базисы (теңіз, көл деңгейі) төмен құлдыраған кезде аңғар эрозиясы қайтадан жаңғырады да табанын жырып, тіліп, шайып, кеңи бастайды. Эрозия базисының өзгеруі жер қыртысының тектоникалы қозғалыстарына байланысты. Тектоникалы қозғалыстар баяу болған кездерде аңғардың бедер пішіндері жазықтанып, бүйірлік эрозия басым болады, нәтижесінде түбі жазы кең аңғар түзіліп, аллювий шөгеді. Құрлык жоғары өрлесе, немесе эрозия базисі ылдиланса, соған бейімделіп, өзен жаңадан аңғар түбін жарып, шайып, жаңа бойлы кескінін жасай бастайды. Ол тепе-тендік сызыққа жеткең соң қайтадан бүйірлік эрозия жанданып, аллювийлік материал жиналады. Осыдан келіп гипсометрлік төмен бетте аңғардың түбінде жаңа жайылма түзеледі, бұрынғы жайылма кертпешген биік жазы алаңды яғни террасаны құрайды. Осы оралымдар (циклдер) бірнеше рет жаңарып тұрса, әр ретте саты-саты кертпештенген жазы алаңдар түзеді де, оларды аңғар террасалары дейді (С.Б¼кіров, 1990).
Аңғарлардың әр оралымы (циклі) су ағынының өз табанын тіліп, шайып, жыртуынан басталып, жаңа аллювий шөгінділер қалыптасуымен аяталады. Сөйтіп дамыған аңғар соңында көп кертпештермен бөлінген террасалардан ұралады. Әрбір кертпеш және одан төменгі алаң ´зеннің эрозиялы бір оралымына сай келеді.
Террасалар пайда болуының келесі себебі - климат ауытуына және оған сәйкес жауын-шашынның молаюына байланысты. Өзен ағысының күші судың массасына тәуелді екеңі белгілі. Егер өзен алабында климат ылғалданса, өзеннің суы көбейіп оның эрозиялық шаю мүмкіншілігі арта түседі. Бұрын қалыптасқан өзеннің шаю күші мен шайылуға ұшыраған таужыныстардың кедергі күші арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Өзеннің режимінс сәйкес жаңадан тепе-тендік бойлық қимасын жасау үшін өзен өзінің аңғар түбін терендете түседі. Нәтижесінде бұрынғы жайылма судың ықпалынан шығып, аңғардың жағалау алаңшасына айналады. Су ағынының тасымалдауы және оның эрозиялық мүмкіншілігі өзеннің су шығынымен салыстырғанда жылдамырақ өседі, сондықтан тереңдік эрозияның қарқындылығы өзен ағысының бағытына қарай ұлғая берсді. Өзеннің құйылыс сағасында терендік эрозия эрозиялық базистың деңгейімен шектеледі, сондықтан эрозияның ең жоғарғы шегі өзеннің орта бөлігінде байқалады. Бұл жағдайда керме (хорда) типті терраса пайда болады (О.Леонтьсв, 1988.)
Әдетте террасалардың ең биігі - ең көнесі, ең төменгісі - ең жасы болып табылады. Оларды ссептеу т´меннен жоғары қарай, яғни жайылмадан жоғары 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші жайылма үсті терраса деп нөмірлейді.
Әр өзен террасасы келесі бөлімдерден құралады: терраса үсті (жазық алаңқы), оның кертпеші, кертпештің жоғарғы жар қабағы (бровка террасы), келесі жоғарғы кертпеш етегімен ұласқан террасаның сыртқы жапсар сызығы (тыловой шов террасы), терраса етегі (подошва террасы) - терраса беткейінің (кертпештің) төменгі жатағы террасамен немесе жайылманың үстімен ұласан сызығы (56-сурет). Терраса алаңы (үсті) кезінде ескі аңғардың түбі болып, аздап өзен ағысы мен өзен арнасына қарай еңіс келеді.
Қалыптасу тегіне (генезисіне) қарай террасалар аңғарлық (долинные) және жергілікті (локальные) террасаларға бөлінеді.
Аңғарлы террасалар (долинные террасы) климаттың ғасырлар бойы ауытқуларына (жауын-шашынның көбеюі, мұз басу көзендері) немесе тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Өзен ағыны өтетін аймақтың тектоникалық көтерілуі сол жердің еңістігінің ұлғаюына әкеліп соғады да, өзеннің түпкі эрозиясы соған бейімделіп, күшею қабілетіне иемденеді. Өзен өзінің аңғарын тереңдете түседі, оның бұрыңғы жайылмасы бірте-бірте кемерден биік жайылма үсті террасасына айналады. Осыған байланысты аңғарлы террасалар әр аймақтың палеографиялық жағдайларын, яғни өзеннің ағып өткен аумағының даму тарихын бейнелейді.
Жергілікті террасалар (локальные террасы). Ол көп жерге таралмай, жергілікті құбылыстар, яғни жақпарлы көтерілу (блоковое поднятие), жылжыма (оползень) нәтижесінде пайда болады. Сондықтан олар бүкіл аңғардың даму тарихына сипаттама бере алмайды.
Өздерінің құрылған таужынысына немесе геологиялық құрылысына байланысты террассалар - мүсіндік (эрозиялық), аккумуляциялық және аралас болып бөлінеді (59-сурет).
Мүсіндік немесе эрозиялық террасалар - түгел түпкі таужыныстардан тұрады. Мұндай құрылым өзеннің бастапы даму кезеңіне сәйкес тектоникалық қозғалыстар толассыз жоғары көтерілуінен бедердің көтеріле дамуын және аллювийдің шөкпегенін көрсетеді. Аллювий шөгілгеннің өзінде-ақ тек жұқа қабатты ірі кесек түйірлі арна материалынан тұратын болады.
Аккумуляциялық террасалар өзеннің алювий шөгінділерінен құралады да, оның іргетасы өзен деңгейінен төмен жатады, яғни ол жер бетіне шықпайды. Мұңдай өзен таужыныстарын терең тілімдеп, жайылмасы толық түзеліп, аллювий шөгіндісі қалың болғанын, ендеше өзен даму жолында толы оралымнан (циклден) өткендігін дәлелдейді.
59-сурет. Геологиялык ұрылысына байланысты өзен террасаларының түрлері: a - мүсіндік террасалар; б – аккумуляциялық террасалар; в - аралас террасалар


Аралас террасалардың іргетасы түпкі таужыныстардан, ал кертпештің жоғарғы жағы мен террасаның үсті аллювийлік материалдан ұралады. Террасаның осындай құрылымы өзеннің оралымды (циклді) дамуындағы алғашкы кезінде эрозия арта түсіп, кейін аккумуляция әрекеті басым болғанын көрсетеді.
Аңғар террасаларының саны мен түрлері және өзара қатынасы әдетте жер қыртысының қозғалыстарына байланысты. Олардың саны таулы өлкелердегі аңғарларда көп болады, кейде 8-10, одан да асып түседі. Жазықтағы ірі өзендерде 3-5 террассалар түзіліп, олар көбінесе аккумуляциялық немесе аралас түрлерге жатады.
Өзен аңғарларының геологиялық құрылысы және оның морфологиясы инженерлік-геологиялық тұрғыдан бағалау өте маңызды. Мәселен эрозиялық террасалардың үстінде салынған гидротехникалық құрылыстар өте қолайлы -- демек олар түпкі таужыныстардың үстінде тұрғызылған. Ал борпылдақ таужыныстардан құралған аккумуляциялық террасаларда ұрылыс жүргізу мәселелері едәуір күрделі және қауіпті.
Террасалардың нақты (абсюлюттік) және салыстырмалы биіктігі өзен бойында өзгеріп тұрады. Мысалы,эрозия базисі төмен құлдыраса- террасалардың биіктігі ағыстан жоғары қарай төмендей береді. Ал, өзеннің жоғарғы, таулы жағы көтерілсе, таулы айматың террасалары биік болып, төменгі саласы не жақындаған сайын олардың биіктігі азая береді. Осы көріністер жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен көтерілген Тянь-Шаньда, Кавказда, Қарпатта, Альпі т.б. тауларында байқалады.
Террасалардың көлденең қимасындағы өзара қарым-қатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Мұнда еселенген (вложенные) және үстемеленген (наложенные) террасаларды ажыратуға болады. Терраса өзара қатынасының әр түрлі болуы аңғар қалыптасқан кездегі өзеннің эрозиялық – аккумуляциялық әрекетінің даму жағдайын сипаттайды.
Еселенген (вложенные) террасалар - өзендердің бірнеше мәрте шайып терендеу және шөгу кезеңдерінің алмасуы жағдайларында алыптасқан. Өзен суы өзінің түбін әр сайын есіп сылыған кезде алдыңғы көзендегі шөгінділерін ағызып, шайып әкетеді, қалған бөлігі жеке терраса түрінде болып қалады. Содан кейін, тектоникалы қозғалыстар баяу болған кезде аллювийлік материал қайта жиналып, қалған террасаның етегінде гипсометриялық төмен деңгейде бұрын шайылған таужыныстар есесінен қайтадан аллювийлік материалмен толтырып жаңадан өзен жайылмасын ұрайды.
Үстемеленген (наложенные) террасалар – аллювийлік материалдың бірінің үстіне бірі үстемелеп шоғырлануы бір кезенде болған. Аңғар дамуының келесі мерзімінде өзеннің осы шөгіндіге оқтын-оқтын жуып-шайып тілімдеу және тереңдеу арқылы терраса сатылары түзелген. Жоғарыдан төмен қарай жүйелі түрде алыптасқан терраса сатылары бір құрамды және бір мезгілді таужыныстардан тұрады (60-сурет).


60-сурет. a - еселенген террасалар; 6 - үстемеленген террасалар

Осылайша, аңғардың әрбір террасаларының аллювийлік материалы өздерінің құрамы мен көнелілігіне (жасына) қарай өзгешеленеді. Жоғарыда айтылған террасалардың ара-қатынасын ажыратудың ғылыми-практикалы мағынасы да бар. Әсіресе аңғар бойында шашылымдарды іздестіру (поиск россыпи) кезінде кең қолданылады. Мәселен, жайылманың 1,5 м. тереңдікте шашыранды металл қабаты табылсын делік. Үстемеленген террасалар екеңін біле отырып, металл қабатының калған бөлігі жоғарыда қалыптасқан бір немесе екі террасалар астында жатқанын алдын ала білуге болады. Ал, аңғарда еселенген террасалар болса, бұлай деп айта алмаймыз, өйткеңі олар әр түрлі құрамдағы және әр мезгілде қалыптаскан. Осыдан, аллювийлік шашылымдарды іздестіруді, аз шығынмен, үнемді және өнімді түрде жүргізуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет