Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзендердің қосылу құбылыстары (речные перехваты)



бет45/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
Өзендердің қосылу құбылыстары (речные перехваты)

Арнаның эрозиялық ұбылыстарымен өзендердің қосылу, яғни бірін-бірі қосып әкету құбылыстары тікелей байланысты. Өзендердің қосылу құбылысы дегеніміз - шектес жатқан бірінші өзеннің ағын суының екінші өзенге қосылып ағуы. Мұндай құбылыс терең тілімделген, өзен аңғарының шегіну эрозиясы арқылы басқа өзеннің бастауын қосып алғанда - бастауынан тартып қосу (головной перехват), немесе шектес жатқан өзен арнасының кез-келген бөлігіне дейін жетіп оның суын бүйірлік эрозия арқылы өзінің арнасына қосып алған кезде пайда болады.


Осындай жағдайларда аңғарлардың морфологиялық бейнесі едәуір өзгереді. Өзендердің қосып әкету құбылысын мынадай морфологиялық белгілермен анықтауға болады: геологиялық себептеріне байланысты емес өзеннің күрт бұрылуы; және аңғардың тарылуы; өзеннің шұғыл бұрылған бөлікшелерінен бастап ағыс бойындағы арнаның төменгі жалғасындағы құрғақ аңғардың болуы; қосылып әкетілген өзен суының азаюы салдарынан меандрлардың қайта қалыптасуы; қазіргі су ағынының мөлшері аңғардың еніне сәйкес еместігі және т.б.
Өзендердің қосылу ұбылыстары көктемде су тасу кезінде де пайда болуы ықтимал. Мұндай жағдайларда өзендердің біріне-бірі жақындасқан тұсында су тасу кезіндегі тасқын су өз арнасынан асып төгіліп, шектес жатқан өзенге жарып өтеді. Кейіннен бұл өзен екінші өзеннің саласы болып қалуы мүмкін. Мұндай құбылыстың негізгі себебі - тектоникалық қозғалыстар немесе арнаның аллювийлік материалымен әбден толуы. Өзеннің кеңет қосылу ұбылысы Орталық Қазақстандағы Нұра өзенінің төменгі бөлігінде байқалады. Астана қаласының оңтүстігінде 20 км қашықтықта Нұра өзенінің ағысы бойлық бағыттан ендік бағытқа бұрылады. Жазғытұрым су тасығанда осы бұрылыстың солтүстік жағында Нұра өзенінің суы бірнеше тармақтар бойымен Есіл өзеніне ағады. Мұндай жағдай (бірен-саран ағын) өзен тартылып төменгі сабасына түскеңде де сақталады.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша (З.А.Сваричевская, 1956) жоғары төрттік кезінде Есіл өзенінің саласы болған Нұра өзені оңтүстіктен солтүстікке қарай аққан. Теңіз ойпатының орта бөлігі иіліп төмен түсуіне байланысты Нұра өзенінің суы батысқа қарай бұрылып, Теңіз-Құрғалжын көлдер жүйесіне қарай аға бастайды, сондықтан Нұра өзенінің төменгі бөлігі аңғардың кейінде қалыптасқан жаңа бөлікшесі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет