Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзен тораптарының түрлері



бет47/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
Өзен тораптарының түрлері

Өзен тораптарының сипаттамасын үстінен қарағанда бұтақ тәрізді, параллельді, радиалды, шеңбер тәрізді болып белгіленеді 67-сурет).




67-сурет. Өзен тораптарының түрлері: А) радиалды орталытан тепкіш; Б -радиалды орталыа тартыш; В - параллельді; Г - бұта тәрізді; Д - кереге тәрізді; Е - ауырсын тәрізді (О.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988).

Бұтақ тәрізді су тораптарында өзеннің негізгі арнасы мен салалары ретсіз таралған. Мұндай ретсіз таралған өзен торабының арасында басты өзен мен оның салаларын ажырту мүмкін емес. Мысалы Еділ өзені жүйесінің бастауында негізгі өзен арнасын табу иынға түседі. Ал, өзеннің салалары негізгі өзен арнасына екі жақтан бірдей симметриялы құйылса, онда ауырсын тәрізді су тораптары қалыптасады. Осыған ұқсас су тораптары қатпарлы және куэсты аймақтарда кездеседі. Кереге көзді (решетчатый) немесе ортогональдық өзен тораптарының арналары мен салаларының бөлімдері планда өзара тік бұрышты алыптасып, тектоникалық жарылымдар бойына сәйкес орналасады. Сөйтіп тектоникалық жарылымдар бойымен қалыптасқан эрозиялық пішіндер олардың бағытын абылдап, планда ортогональдық сипат алады. Өзен тораптарының осындай түрлері қатпарлы аймақтарда жиі кездеседі (Орал өзеннің бастауында).


Параллельді су торлары бір бағытта немесе қарама-қарсы бағытта ағуымен сипатталады. Олар қатпарлы аймақтардың шеткі жағында, теңіз су деңгейінің астынан жаңадан босап шыққан көлбеу жазықтардың үстінде дамиды. Радиалдық ағын сулар орталықтан тепкіш немесе орталықа тартқыш өзен жүйелерін құрады. Мұндай өзен тораптары жанартау аймақтары мен тауаралық ойпаттарға тән. Шеңбер және айыр тәрізді су жүйелері әдетге түз-күмбезді жоталардың етек жағын жиектейді, немесе төзімділігі әркелкі таужыныстарынан ұралған брахиантиклинды ұрылымдар шегінде дамиды.
Гидрографиялық тораптардың беткейлерін зерттеудің практикалық мәні зор. Демек, олар белгілі геологиялық, климаттық және басқа табиғи факторлардың әсерінен түзеліп, белгілі ландшафтың қалыптасуывда осы факторлардың маңызын аныктайды. Кейбір жағдайларда өзен тораптары бейнесін зерттеу оларды құрастырған аймақтың геологиялық және тектоникалық құрылым ерекшеліктерін анықтаудың белгісі болуы мүмкін, яғни қатпарлы құрылымдардың және тектоникалық жарылымдар сызықтарының бағытын, таужыныстары жарықшақтар жүйесінің ара-қатынасын және т.б. анықтауға себепші болады. Басқаша айтқанда мұның практикалық маңызы бар. Мысалы, аңғар жүйесінің радиалдық түрі әдетте тұзды күмбездер және брахиантиклиндық құрылымдардың, ал кейбір жағдайларда ірі кимберлит құбырлары айналасында дамыған. Тұзды күмбездер мен брахиантиклиндар негізінен мұнай және газды сиыстырған тектоникалық ұрылымдар болып саналады, ал кимберлит құбырлар мен алмастың кенорындары тікелей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет