Аңғарлар ассиметриясы
Егер аңғар жағаларынын, бір-бірінен биіктігі, террасалар саны және көлденең имасының сипаты тұрғысынан әртүрлі болса, оны аңғар ассиметриясы деп атайды. Бұл жағдайда үш түсінікті айыра білу керек: 1) өзен, яғни арна жағаларының ассиметриясы; 2) аңғар жағаларының ассимметриясы; 3) суайрықтар ассимметриясы. Олар өзара тығыз байланысты. Алғашқыда аңғар мен арнаның жағалары біреу-ақ. Кейінірек өзеннің ағуының нәтижесінде оның түбі кеңейіп жайпақтала береді. Бұл кезде өзен арнасының жағасы аңғар жағасымен сәйкес келмейді. Аңғардың жағасы өзен жағасынан қашықтайды.
Аңғар ассиметриясының пайда болуы туралы көптеген теориялар бар. Оларды әдетте гидродинамикалы, планеталы, климатты және геологиялы ұрылымды себептерге жіктейді.
Гидродинамикалық теория. Ассиметрия өзен арнасының бір орыннан екінші орынға ығысуы немесе меандрлану нәтижесінде пайда болады. Шиыршы тәрізді ағын арнаның біресе бір жағына, біресе екінші жағына аумашып, өзен ирелеңдей түседі. Осы жағдайда әрқашан да арнаның ойыңқы жағасы жоғары әрі тік, ал бұлты жағасы аласа әрі жайпақ болып, жағалау ассиметриясын қалыптастырады. Бірақ жоғарыда айтылғандай, арна жағасының ассиметриясы аңғар жағасының ассиметриясына ұдайы сәйкес бола бермейді. Және меандрлану кезінде арнаның аласа және биік жағалары тұрақты емес, өзеннің біресе оң жағында біресе сол жағында кезек-кезек ауысып тұрады.
Планеталы теория. Ірі өзендер аңғарының кеңеюіне және олардың ассиметриялы болуына жер шарының өз өсінен батыстан шығысқа қарай айналуы да ыпал етеді. Бэр-Бабинэ заңына байланысты және Кориолиус күшіне сәйкес жердің солтүстік жарты шарында бойлық бағытта ағатын өзендердің (Еділ, Днепр, Обь, Ертіс, Енесай т.б.) оң жағалауы қашан да болса биік жарлы, ал қарсы жағалауы аласа немесе ойпатты болып келеді. Оңтүстік жартышарда керісінше, өзендердің сол жағалауы биік жарлы, оң жағалауы аласа болып келеді. Аңғардың осылайша жаралуы жердің тәуліктік айналуының нәтижесі: жер бетіндегі жазық бағытта қозғалған дене солтүстік жарты шарда оңға қарай ығысады, оңтүстік жарты шарда солға қарай ысырылады, ал экваторда ол күш нольге тең. Сондықтан жазықпен аққан өзен суы бір жағына ығысып, аңғардың жағалау ассиметриясын туғызады.
Аңғардың осы заңдылыққа сәйкес жүздеген, мыңдаған километрге морфологиялық жағынан өзгермейтін жағалау ассиметриясын С.С.Воскресенский тұрақты ассиметрия дейді.
Климатты факторлардың ьщпалы. Өткен ғасырда А.Пенк айтқандай, Орталы Еуропаның басымды ылғалды батыс желдеріне тосылып жатқан аңғар жағалары тік деп есептеген. Ал Воскресенскийдің айтуы бойынша (1971), Шығыс Сібірдің оңтүстігінде оңтүстік экспозициялық жағалар тіп-тік болып келеді. Якутияда, керісінше, жағалардың солтүстік экспозициясы тік. Мұндай жағдайлардың әр түрлі варианттары болуы мүмкін, сондықтан әрбір жайды толык талқылап талдау тиіс.
Геологиялы ұрылым себептері. Өзен аңғарларының ассиметриясының бір жаққа құлаған тектоникалық элементтермен, мысалы моноклинды құрылымдарымен, лысумен немесе блоктардың әркелкі көтерілуімен және осы блоктарды құрған таужыныстарының эрозияға әр төзімділігімен түсіндіріледі. Соның нәтижесінде аңғар жағалауларының бір жақ беткейі тіп-тік, екіншісі жайпақтау, тегіс болады (66-сурет).
66-сурет. Аңғарлар ассиметриясы A - әр беріктік моноклинды жатқан абаттардың сағалану бойымен қалыптасқан аңғарлар; Б - антиклиндік анаттарда қалыптасқан аңғарлар; В - гранитті интрузия мен тұнба шөгінділердің жапсарласу бойында қалыптасқан аңғар; Г - лыксу сызығы бойымен түзілген аңғар (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов, 1988).
Суайрытардың ассиметриясын талқылайтын болсақ, ол да аңғар ассиметрия салдарынан пайда болады. Алайда бұл жерде алғашы бедердің топографиялық бетінің әр түрлі еңістерді туғызатын тектоникалық процестер басты роль атқарады.
Сонымен, аңғарлар ассиметриясы өзендер дамуының жалпы тенденциясының нәтижесі. Ол арна ағысының гидродинамикасымен оның ішкі және сыртқы бедер түзу факторларының өзара әрекеттерімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, өзен жүйесі көне болған сайын, оның аңғар ассиметриясы да айқын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |