Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Өзен аңғарлары және аллювиалдық шашылымдар



бет49/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Өзен аңғарлары және аллювиалдық шашылымдар
Өзен аңғарлары морфологиясын талдау және олармен байланысты аллювилік материалын зерттеудің шашылымдарды іздеудегі өндірістік маңызы зор. Демек өздерін құрайтын сынықтардыңменшікті салмағы жөнінен бұл шашылымдар едәуір іріктелген және олардың құрамындағы бағалы құрамбөліктері өте мол болып келеді.
Аллювийлік, шашылымдардың ұрылуына әртүрлі факторлар әсер етеді, атап айтсақ олар- жаңатектоникалы қозғалыстар, флювийлік процестер мен климат, металдардың түпкі көздері мен үгілу қабығының қалыптасу мерзімі, аңғарлардағы тектоникалық жарылымдар мен минералдық зоналардың арақатынасы және т.б. факторлар. Осы факторлардың барлығын өзара - байланыстыра отырып кешенді түрде зерттеу қажет.
Аллювийлік шашылымдарды өзен аңғарының геоморфологиялық элементтерімен ұштастыра қараған жағдайда оларды кұм қайырлық (косовые), арналық, аңғарлық және террасалы, шашылымдарға жіктеуге болады.
ұм қайырлық шашылымдар өзеннің тасыған кездерінде ғана пайда болады. Сол кезде металл азбалары тікелей құмды-малтатасты қабаттардың үстінде, яғни арна маңындағы айрандарда, өзен иіндерінің шайылмалы жағаларында, құмды қайырларда орналасуы мүмкін. Олар оңай шайылады, бір маусымда пайда болып екінші маусымда шайылып жоғалып кетуі мүмкін. Құм қайырлық шашылымдар атырау сияты шашылымдардың аллювий кла-сына тән емес: оларда металлдың шоғырлануы аллювийдің төменгі бөлігінде емес, керісінше жоғары жағында жиналады. Әдетте аллювийлік металл су ағыны арылы үйінділермен оса тасымадданып өздерінің үлес меншікті ауыр болғандытан қозғалмалы қабаттың ең астыңғы қабатында шөгеді. Ал құм қайырлық металл олармен салыстырғанда судың ішінде алыма түрінде тасымалданады. Сонда су ағынның жылдамдығы кенеттен бәсеңдеп, баяу аға бастаған өңірде металл шашылымдары шоғырланып жинала бастайды. Мұндай шашылымдар ұқм қайырлық түзілімдердің ең жоғарғы деңгейде шөгеді.
Арналық шашылымдар (русловые россыпи) өзендердің арналарында көбінесе олардың түбінде шөгеді және олар арна ағынына байланысты, үнемі өзгерістерге ұшырап отырады. Арна ағынның бүйірлік эрозия әсерінен жан-жаа ауысуы салдарынан арналық шашылымдар кейін су ағынымен өзінің бұрынғы байланысын жоғалтып, аңғарлық шашылымдарға айналуы ықтимал. Сондықтан арналық шашылымдар көбінесе жаңадан пайда болған жас аңғарларға тән. Арналық шашылымдардың қалыптасатын көзі көп жағдайда аңғарлы және террасалы шашылымдар болып табылады, ал аңғарлар тектоникалы жарылымдар зоналардан өткен кезде, олар түпкі кең тас орындар есебінен қоректенуі мүмкін.
Аңғарлық шашылымдар (долинные россыпи) арналық шашылымдармен салыстырғанда біржолата қалыптасқан. Олар негізінен жайылма террасаларының шегінде арна шөгінділерінен түзіледі. Арнаның жан-жаққа ауысқан кезінде аңғарлық шашылымдар арна әрекетінен бұзылып, қайтадан арналы шашылымдарға айналуы ықтимал. Әдетте аңғарлық шашылымдар бұрын қалыптасқан көне аңғарларда кездеседі. Егер аңғар эрозия базисінің ауытқуынан өзгеріске ұшыраса, бірер уақыттан соң аңғарлық шашылымдар террасалық шашылымдарға айналады.
Террасалық шашылымдар (террасовые россыпи) көне өзен аңғарының қалдытары болып табылады. Олар өзеннің эрозия базисының өзгеруіне байланысты жаңа аңғар түбінің белгілі бір биіктігінде немесе тереңдігінде орналасады. Террасалық шашылымдар аңғарлық шашылымдардан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет