Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы



бет32/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

ар көшкіндік беткейлер. Тік жарлы беткейлерден опырыла құлаған қар массаларын қар көшкіндері деп атайды. Қар көшкіндері тұрақаы қар жамылғысы қалыптасқан таулы беткейлерге тән. Қардыя беткей бойымен жылжу сипатына қарай Г.К.Тушинский (1971) қар көшкіндерін үш түрге бөледі: алқапты, науалы және секірмелі қар көшкіндері.
Алкапты түрлі қар көшкіндері деп кең көлемді тұтас жылжитын қарды атайды. Бұл кезде қалыңдығы 30-40 см қар қабаты қозғалысқа ұшырайды. Мұндай қар көшкінінің геоморфологиялық ролі шамалы. Тек кейбір кездерде баурайлардың етегінде, таулы беткейлерден сырғытып алып келген топырақты материалдан тұратын кіші-гірім тізбек төбелер қалыптасады.
Науалы қар көшкіндері көбінесе уақытша ағын сулардың арналары бойымен жылжиды. Науалы қар көшкіндерде қардың коректену орны, жылжу жолы (арнаның тальвегі) және ысырынды конустар жақсы байқалады. Ысырынды конустар әдетте іріктелмеген түйіртпекті материалдармен қоса ағаш сынықтарынан, жер шымынан және т.б. құрылады. Ысырынды конустардың беткі морфологиясы кедір-бұдырлы, дөңесті болады.
Секірмелі қар көшкінділері дамыған беткейлердің бойлық бейіні тік, құламалы бөлікшелердің болуымен сипатталады. Секірмелі қар көшкінділердің морфологиялық белгілерінің науалы қар көшкіндерінен айырмашылығы аз. Олардың бедер ұратын ролі көшкіндердің көлемі мен жылжу жиілігіне, жауын-шашынның түсу мөлшеріне, беткейдің ұзындығына және т.б. байланысты.
Жылжыма беткейлер (оползневые склоны). Жылжымалар дегеніміз - тау-төбе беткейлерінен, өзен аңғарлары мен жыра жарқабаттардан, теңіз, көл жиектерінен таужыныстарыньщ беткі бөліктерінің өздерінің салмақ күші әсерінен етекке қарай сырғып орын ауыстыруы (40-сурет).


40-сурет. Жылжыма беткейінің кескін-пішіні (Edward J. Tarbuk, Frederick K.Lutdens, 1990).

Жылжыма ұбылыстары әдетте әр түрлі топырақ массаларының тұтастығы кеміген және бөлшектер байланысының үзілген жағдайларында ғана басталады. Жылжымалар гравитациялы ұбылыстар түріне жатады. Жылжыма процестер әрдайым геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларына тікелей байланысты, мысалы, су өткізгіш және су өткізбейтін таужыныстарының қабаттары кезектесіп және көлбеу орналасқан жағдайларда жүзеге асады. Мұнда су өткізбейтін қабат сырғанау бетінің ролін атқарады. Дербестелген таужыныстары осы сырғанау бетімен баурайлар бойымен төмен қарай сырғиды. Еркін сырғанау нәтижесінде беткей етегінде жиналған таужыныстардың үйінділерін "деляпсий" (сырғанап түскең) деп атайды. Жылжымалардың көлемі әр түрлі, жүздеген мың кубометрден өлшенетіндері де, ондаған кубометрмен аспайтындары да бар. Жылжымалар қалыптасқан кезде таужыныстардың жарым-жартысы уатылып, кейде юрылымсыз массаларға айналады. Жылжыма құбылыстары көбінесе еңістігі 15°-қа тең, немесе одан да көлбеулеу беткейлерде пайда болады.


Жылжымалардътң өздеріне тән ерекше пішіндері болады, олар: а) жоғарғы құлама қабырға және осы қабырғамен шектелген сырғыма циркі; б) сырғыма блоктары және алаңша тәрізді сырғыма терассалары. Кейбір жағдайларда сырғыма блоктарының ілгері жылжу салдарынан оның алдыңғы шегінде деформацияланған белес тәрізді ұйінділер қалыптасады. Мұндай алға итеру әрекетінен пайда болған жылжыма денелердің аддыңғы бөлігін детрузивтік, яғни итермелік жылжымалар дейді. Сөйтіп, жылжыма денелер негізінен екі бөліктен тұрады: өз салмағымен беткей бойымен сырғанап тұскең үстіңгі, деляпсивтік, бөлігі және итеру әрекетінен қалыптасқан төменгі, детрузивтік бөлігі.
Сырғанау бетінің орналасу терендігіне байланысты олар беткі (1 метрдей), тайыз (5 метрге дейін), терең (20 метр) және өте терең (20 метрден астам) сырғымаларға бөлінеді. Жылжыма ұбылыстары әдетте ылғалы мол, саз-балшықты таужыныстарда қалыптасады. Су олардың табан шегін сабын жаққандай жұмсартып, төмен сырғуына себепкер болады. Әсіресе беткей етегіндегі тіректен айрылса, таужыныстардың жылжыма процесі одан әрі қаркындала түседі.
Жер бетінде жоғарыда суреттелген топырақ блоктарының төмен қарай құлап күйреуінен басқа алымалы жылжымалар да жиі тараған. Қалқымалы жылжымалар әдетте беткі немесе тайыз жылжымаларға жатады, олардың терендігі 0,3 м-ден 1,5 м-ге дейінгі аралыкта. Қалқыма жылжымалардың пайда болуы баурайлық қабаттардағы борпылдақ топырақтың шамадан тыс ылғалдануы және су өткізгіш топырақ қабаттарыньщ жылжыма табанында жақсы жетілуіне байланысты.
Жылжыма беткейлерді анықтау үшін олардың морфологиясын мұқият зерттеу керек. Жылжыма процестер дамуының белгісі ретінде баурайлар шетіндегі әр түрлі дөңестердің немесе үйінділердің ретсіз орналасуын және жылжымалардың құлама қабырғасына қарай көлбеу жатқан көптеген терраса тәрізді алаңшалардың пайда болуын алуға болады. Кейбір жағдайларда жылжымалардың сыртқы бейнесі өзендердің, көлдердің немесе мұхиттардың террасаларына ұқсайды. Мұндай жылжымаларды жалғантерраса (псевдотерраса) деп атайды.
Жылжымалар Тянь-Шань және Алтай тауларының бөктерлерінде, ырым түбегінің оңтүстігінде, Кавказ тауының Қара теңіз жағалауларында және Қазақстанның Үстірт жазығын көмкерген құламалы кертпештер етегінде дамыған. Жылжымалар гидротехникалық және үй құрылыстарына, егістіктерге, бау-бақшаларға, тас және темір жол құрылысына және т.б. едәуір зиян тигізеді.
Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауындағы жылжыма деформацияларын зерттеу барысында Қазақстан ғалымдары А.Медеуов пен Б.Найзабеков (1992) олардың негізгі түрлерін белгілеп, алдын-ала болжау және олардан қорғану жолдарын көрсетті. Мысалы, күйреу сырғымаларының (оползни-обрушения) пайда болуының негізгі себептері сейсмогендік факторлардың әсерінен немесе сел мен су тасқыны кездеріндегі арна ағынының шайалмалы тербелісінің ылалынан калыптасады. Ал мұндай зиянды табиғат құбылыстарын алдын-ала болжау және олардан қорғану шараларының жолдары - фитоорман мелиорация жұмыстарын жүргізу, кауіпті орындарда эрозияға қарсы құрылыстарды салу және т.б. әрекеттер жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет