Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Қазақстан аумағында пенеплен мен педиплен аймақтарының таралуы



бет35/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2

Қазақстан аумағында пенеплен мен педиплен аймақтарының таралуы

Жер бетінде пенеплен дамыған аймақтардың нақтылы үлгісінің бірі Қазастан жеріндегі кең байта Сарыарқа даласы. Бүтіндей дерлік денудациялық жазыққа айналған, орташа биіктігі теңіз деңгейінен 600 м. шамасындағы қазақтың қатпарлы өлкесі Сарыарқа Орталы Қазақстанда орын тепкең. Сарыарқа даласы батысында Торғай үстіртімен және Тұран ойпатымен шектеседі, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен ұштасады, онтүстігінде Балқаш көлімен және Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір ойпаңымен шектеседі. Сарыара даласы Ертіс пен Балқаш ішкі тұйы алабының арасындағы суайрығы болып саналады. Геологиялы ұрылымы жағынан Сарыара даласы Орта Қазақ калқанының шегінде палеозой дәуірінде түзілген граниттерден, кварциттерден порфириттерден және әр түрлі метаморфтық таужыныстардан құрылған. Палеозой дәуірінде бұл жерде атпарлы биік таулар болған, олар мезозой дәуірінде ұзақ уақыт денудациялық тегістелуге ұшырап, пенеплен қалпына келген. Бүтіндей дерлік денудациялық жазыққа айналса да Сарыарқа геоморфологиялық құрылысы жағынан алуан түрлі. Мұнда тегістелген денудациялық жазықтар мен бұйра жазытар оқшау тау массивтерімен және ұсақ шоқылармен алмасып отырады. Сондықтан оны кейде Қазақтың ұсақ шокылы өлкесі деп те атайды (46-сурет).




46-сурет. Сарыарқаның ұсақ шоқылары.

Жалпы Сарыарқаның оқшау тауларына оның шығыс бөлігіндегі Қызылрай (1559 м), Қарқаралы, Баянауыл, Қу тауы, Шъщғыстау, Жақсы Абралы мен Жаман Абралы таулары, солтүстігіндегі - Көкшетау, оңтүстігіндегі - Бектауата таулары жатады. Бул таулар гранитті массивтерден құрылған. Олар өзен аңғарларымен және шатқалдармен тілімденген, ауа температурасының өзгеруіне байланысты ұзақ уақыт физикалық үгілуге ұшырап, бертін келе қопсып, әбден мүжіліп қираған тауларға айналған (47-сурет). Осы аталған аласа таулар мен ұсак шокылар Орталық Қазақстан аймағының жалпы жазытығын бұзбайды.




47-сурет. Орталы азастан таужыныстарының үгілу ттрлері.

Қазақстан мен Орталық Азиянын. аридтік аймақтарында бедердің ерекше бір түрі үстірт (плато) деген қыратты жазықтар кең дамыған. Бұлар жазық бағытта жатқан палеоген-неоген көзендерінің теңіздік және континенттік шөгінділерінен (құмтас, құм, саз, мергель, әктас және т.б.) құрылған, көбінесе тегіс бетті болъга келеді, теңіз деңгейінен біршама көтеріңкі орналасқан, құрлық өңірінің едәуір бөлігін алып жатқан ауқымды алап.


Бедердің мұндай түріне Үстірт жазығынан басқа Бетпадала, Торғай өлкесі және Жем үстірті жатады. Олар жан-жағынан біршама тік ұлайтын кертпештермен шектеледі. Мұндай кертпештерді және биіктігі 50-100 метрге жететін дараланған тік тұмсықтарды шындар (чинки) деп атайды. Расында да төменгі жазыта мекеңдеген елге үстірттің айналасын көмкеріп тұрған тік беткейлер мен ошау бөліктері шың сияқты болып көрінген. Содан бері география құжаттарында үстірт немесе төрткіл өлкелерін шектеген тік немесе сатылы келген биік кертпештерді шыңдар деп атап кеткең. Мысалы, үстірт жазығының шығыс жағын көмкерген биік кертпештер Арал теңізінің жағасы болып саналады да, ал батыс жағасында осы үстірт жазықтығы, Каспий теңізінің Шығыс жағалауына ылдилап, сатыланып барып таусылады.
Бетпадаланың солтүстік жағында ендік бағытта жүздеген километрге дейін созылып жатқан Бас Бетпадала кертпеші (Большой Бетпакдалинский чинк) дамыған. Бұл Бетпақдаланы солтүстік жақтан шектеп жатыр. Оның биіктігі 50-60 м-ге дейін жетеді. Осындай көтеріңкі жазықтардың айналасын көмкерген тік құлайтын биік кертпештердің және төрткіл өлкелерінің окшауланған жазық таулар (столовые останцы) беткейлерінің қалыптасуында уақытша ағын сулардың эрозиялық әрекеті мен әр түрлі гравитациялық процестер қатысады. Кейін осы жұрнақтардың одан әрі жекелеуінде қуаңшылық жағдайларда физикалық үгілу мен дефляциялық процестер едәуір роль атқарады. Бұл жағдайды келесі мысалмен дәлелдеуге болады. Беткейлердің (кертпештердің) етегінде түйіртпекті тас үйінділердің немесе пролювийлік шөгінділердің көлемі және қалыңдығы айтарлықтай зор емес. Беткейлер өз-өзіне параллельді шегіне бере, олардын. алдында сәл еңкіш келген кіші-гірім алаңшалар (педименггер) пайда бола бастайды, кейін бұл алаңшалар кеңейіп, бір-бірімен қосылып педиплен денудациялық жазыа, яғни педипленге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет