Оқулық өңделіп, толықтырылып екінші басылуы


Бедер және геологиялық құрылымдар



бет11/79
Дата30.11.2023
өлшемі11,7 Mb.
#194157
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79
Байланысты:
Citap Geomorfologia 1.rtf 2
Акимбекова А англ, 8 апта Микробиология
10. Бедер және геологиялық құрылымдар

Таужыныстары өздеріне тән қасиеттермен бірге жер қыртысында әр түрлі жату, яғни астасу жағдайларында бір-бірімен әр алуан қатынаста болып, литосфераның қандай да бір бөлігіндегі геологиялы ұрылымын белгілейді. Таужыныстарының қасиеттеріне байланысты экзогендік процестер әсерінен туындаған таңдамалы денудация (селективная денудация) салдарынан геологиялық құрылымдардың ашалау (препарировка) процесі жүзеге асады. Нәтижесінде, сырт бейнесі таужыныстардың ұрылымымен белгіленген әр түрлі бедер пішіндері пайда болуы ықтимал, сондықтан мұндай пішіндерді құрылымды бедерлер деп атайды. Сөйтіп таужыныстарының асиеттері, олардың сыртқы күштерге төзімділігі, геологиялық құрылым арылы жер бетінде көрініс береді. Сондытан бедердің қалыптасуында геологиялық құрылым ең маңызды факторлардың бірі болып табылады (О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).


Таужыныстарының әр түрлі геологиялық құрылымдары алуан түрлі құрылымды денудациялық бедер пішіндерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ұрылымдық- денудациялык бедердің сырт бейнесі тек геологиялық құрылымы мен байланысынан басқа, сыртқы күштер әсерінің сипатына және олардың қарқындылығына, құрылған қабаттардың төзімділігіне, олардың қалыңдығына т.б. факторларға тәуелді. Төменде геологиялық, құрылымдардың түрлерін және олардың құрылымдық -денудациялық бедер пішіндерімен өзара байланысын қарастыралық.
Әдетте таужыныстарының кеңістіктегі бастапқы жатыс жағдайы - қабаттардың жазық бағытта астасуы. Мұндай жағдай шөгінді таужыныстардан құралған платформаның үстіңгі құрылымдық қатарында, яғни платформаның тыс қабаттарында кездеседі (7-сурет).
7-сурет. Платформа ұрылысы. Жоғарғы платформа жамылғы абатына тән шөгінділердің жазы бағытта жатуы.
Мұндай жазық бағыттағы геологиялы ұрылымдар жер бетінде тегіс бетті үстірттерде, таулы үстірттер мен төрткіл өлкелерде кездеседі. Үстірттер мен төрткіл аймақтары Қазақстанның оңтүстік және батыс жағында дамыған (Бетпақдала үстірті,Үстірт жазығы, Жем үстірті және т.б.). Таулы үстірттер Ресейде (Орта Сібір таулы үстірті) және т.б. жерлерде кең алқапты алып жатыр.
Үстірт-жазық бағытта жатқан қабатты таужыныстармен көмкерілген, қоршаған ортамен салыстырғанда біршама биік орналасқан, көтеріңкі өлке. Олардың айналасындағы беткейлер сәл тілімделген, біршама тік құламалы кертпештене еңістелген. Үстірттің үстіңгі қабаттары тұрақты таужыныстардан тұратын байырғы сауыт ролін атара отырып, оның бетін біршама тегіс күйінде үдайы сақтайды. Тектоникалық тыныштық жағдайларында және ұзақ уаыт эрозиялық тілімделу процестері әсерінен үстірт аймақтарының бедер пішіндері төрткіл өлкелеріне (бедер островных столово-останцовых возвышенностей) айналуы ықтимал (8-сурет).
8-сурет. Төрткіл аймақтардың бедер пішіндері (О.К.Леонтьев, Г.И.Рычагов),1988.
Оның бұлай аталуының себебі жалпы ұланғайыр жазықтың үстінде төбесі жайпақ, айналасы құламалы үстірт жазықтардың кішігірім жұрнақтары (столовые останцы) шошайып шығып тұрады. Олар кең даланың ортасында арал тәрізденіп алыстан көрініп тұрады. Мұндайларды Қазакстанда төрткіл (азақтың "төрткіл" - төрт бұрышты, яғни төрт жағынан тік кертпештермен көмкерілген тегіс бетті тау жұрнақтары деген сөзден шыққан) деп атайды. Төрткіл аймақтардың оқшауланған тау жұрнақтары Африканың шөл және шөлейт жерлерінде, ҚазақстанныңТорғай, Маңғыстау, Үстірт және Бетпадала өлкелерінің шеткі жағында кездеседі. (9-сурет).
9-сурет. Маңғыстау түбіндегі оқшауланған тау жұрнақтары. Суретті түсірген Ж.Д.Дүйсебаев.
Егер жазық бағытта жатқан тұрақты және икемді, жұмса таужыныстар жоғарыдан төмен қарай бір-бірімен кезектесіп ауысып жатса, көтерілген өлкелердің денудацияланған беткейлерінде сатылы бедер (ступенчатый бедер), немесе ұрылымды терассалар (структурные террасы) түзіледі.
Кейде таужыныстарының қабаттары тектоникалы қозғалыстардың әсерінен бір жақа қарай құлап, еңкіш орналасады. Мұндай жатысты моноклинді дейді (грек сөзінен monos - бір, жалғыз және klino - еңкею, иілу деген сөздерден шықан). Егер бір бағытта еңістенген қабаттардың төзімділігі әр түрлі болса, онда таңдалмалы денудация әсерінен қабаттардың екі жағы ассиметриалы болып ерекше ұрылымды - денудациялык бедер - куэста (испан тілінен cuesta-қия беткей деген сөзден шыққан) алыптасады. Мұнда куэстаның жайпақ беткейі төзімді қабатының еңістену бұрышымен сәйкес келсе, қарама-қарсы жақ қабаттары тілгіленген құламалы, жартасқа ұқсайды (10-сурет).
Куэста қырқаларының мөлшері әр түрлі болуы ықтимал. Бұлардың мөлшері тілімделу тереңдігінен, төзімді және икемді қабаттардың қалындығына және олардың еңістену бұрышына байланысты. Бірқатар жағдайларда куэстілер биік тау қыраттарын, мысалы, Үлкең Кавказ тауының Солтүстік баурайындағы Сеңгір тауларының жотасын (Скалис-тые горы северного склона Большого Кавказа) құрайды. Ал кейбір жағдайларда биіктігі бірнеше метрге жетер-жетпес төбелерді құрады. Куэста бедер пішіндері Қазақстанның көп аймақтарында да кең тараған.
Куэста бедер пішіндер дамыған аймақтарда эрозиялық торлардың бейнесі өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Өзен аңғарларының куэста элементтерімен және таужыныстары абаттарының жату элементтеріне байланысты консеквенттік және субсеквенттік аңғарларды даралауға болады. Консеквенттік аңғарларда оның топографиялық бетінің еңкіштігі және қабаттарының құлау бағыты бір-біріне сәйкес келеді. Субсеквенттік аңғарлардың ағу бағыты моноклинды жатқан қабаттардың сағалану сызығымен сәйкес келеді, сондықтан олар консеквенттік аңғарлармен тік бұрыш арқылы қиылысады. Субсеквенттік аңғарлардың көлденең қимасы ассиметриялы. Субсеквенттік аңғарлардың екі жағасында жаңа салалармен тармақтар пайда болуы ықтимал. Куэстың ұзын және жайпақ жағасымен аққан тармақтардың аңғарларын ресеквентік аңғарлар деп атайды, ал қарама-қарсы бағыттағы ысқа және көлбеу жағалардан аққан тармақтардың аңғарларын обсеквенттік аңғарлар дейді(11-сурет). Қабаттардың моноклиндық құрылымдары ірі антиклинды қатпарлардың қанаттарында және периклиндерінде жиі кездеседі.
Сондай-ақ моноклинальдық құрылымдар тұзды күмбез кұрылымдарының жиектерінде алыптасуы мүмкін.
Аса күрделі жер бедері қатпарлы ұрылымдардың дамыған аймақтарында болады. Мұндай жерлерде бедердің сипаты көбінесе қатпарлардың түріне, мөлшеріне, қабаттардың литологиялық құрамына, экзогендік процестер әсерінің ұзақтығына байланысты. Осындай жағдайларда бедер пішіндері мен қатпарлы құрылымдар арасында әр түрлі байланыс болуы ықтимал. Әдетте геологиялы ұрылым мен бедер пішіндерінің арасында тікелей немесе тура сәйкестік байқалады, мысалы, антиклиндарға (оң геологиялық құрылымдарға) жер бетінде төбелер мен қыраттар сәйкес келеді, ал синклиндарға (теріс геологиялық құрылымдарға) - ойыстар сәйкес келеді.
Сөйтіп, оң геологиялық құрылымдарға лайықты бедердің оң пішіндері, ал теріс геологиялық құрылымдарға жер бетінде гипсометриялық төмен жаткан бедердің теріс түрлері жатады. Жер бедерінің мұндай пішіндері тура пішіндер деп аталады. Мысалы Керчь, Тиман және Апшерон түбектеріндегі брахиантиклиндық қатпарларға төбешіктер және шамалы мөлшерлі қыраттар сәйкес келеді.
Кейде қатпарлы аймақтарда топографиялық беті мен геологиялық кұрылымының арасында кері байланыспен сипатталатын айналмалы немесе инверсиялық бедер пішіндері кездеседі. Мұнда оң геологиялық құрылымының орынында жер бетінде теріс пішіндер түзіледі, (антиклиндық құрылымына - ойыс), ал керісінше, теріс геологиялық құрылымының орнында (синклиндық құрылымына-төбе немесе жота) бедер пішіндері қалыптасады. Бұл жағдайда антиклиндердің өзектері (ядро антиклинали) синклиндердің орта бөліктерімен салыстырғанда ерте үгілу әсерінен тез бұзылады деп түсіндіруге болады. Сонымен қатар, антиклиндық құрылымдардың өзектеріндегі қабаттардың иілуі салдарынан түрлі-түрлі бөлшектенуге ұшырайды, ал бұл нақ сол өзектік таужыныстардың сырт күштер әсерінен тезірек бұзылуына әкеліп соқтырады (12-сурет).
Жоғарыда айтылған құрылымдар тектоникалы жарылымдармен күрделенуі ықтимал. Мұндай жағдайда жер қыртысының блоктары бір-біріне қарама-қарсы бағытта жылжи отырып, жер бедер бейнесіне әр түрлі көріністер береді. Жер ыртысының құрылысы интрузиялық және эффузиялық магмалық таужыныстардың әсерінен одан әрі күрделене түседі. Олар жер бетінде жиі ұшырасатын магмалық шоғырлар мен шөгінді абаттар арасындағы әр түрлі қарым-қатынастардың етек алуына әкеліп соқтырады. Геологиялық құрылымдар бедер пішіндерінің қалыптасуында бір жерден екінші жерге дейін біркелкі болып сақталып қалмайды және олар эндогендік және экзогендік процестермен қатар нақты физикалы-географиялық жағдайларға байланысты қалыптасады.
Жер бедер мен геологиялық құрылымдар арасындағы өзара байланысты зерттеудің ғылыми және практикалы маңызы өте зор. Бедердің сырт бейнесіне қандай да бір геологиялы ұрылымдар тектоникалық қозғалыстарымен қатар әсер ететінін біле отырып, жеке аймақтың бедер пішіндерінің сипатынан геологиялық құрылымдар туралы және тектоникалы, қозғалыстардың бағыты мен қарқыны жайлы болжамдар жасауға болады. Жер ыртысының тереңдік құрылысын геоморфологиялық әдістер арқылы зерттеу соңғы кездерде геологиялы - іздеу жұмыстарының практикасында кең етек алған. Әсіресе геоморфологиялы әдістер арқылы мұнай мен газдың геологиялық құрылымдарын зерттеудің болашағы бар, сондықтан соңғы кездері геоморфологияда жаңа ғылыми бағыт - құрылымды геоморфология (структурная геоморфология) - дамығаны кездейсоқ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет